Мұрат ақынның сөздері. Халел досмұхамедұлы зерттеуінде. «Аламан» кітабы. «қазтуған» толғауы



бет2/3
Дата18.11.2023
өлшемі84,31 Kb.
#124762
1   2   3

Х.Досмұхамедұлы Мұрат, ақын өлеңдерін жинап бастырумен бірге, ең алғаш оның өмірбаянын да жазған кісі. Мұраттың шыққан тегі жөнінде «Мұрат, ақын туралы қысқаша мағлұмат» деген алғысөзінде Халел: «Мөңке баласы Мұрат 1843 жылы туып, 1906 жылы 63 жасында опат болды. Кіші жүздегі Байұлы Беріш деген рудың Қаратоқай деген арысынан, Аққұлы деген бөлімінен болады. Туған жері Орал облысы, Гурьев (Үйшік) уезі, Қарабау деген жер. Жүрген жері — Бөкейлік, Орал, Маңғыстау. Мұраттың ата-тегі мал баққан шаруа қазақ. Туған, ағасы Матай деген, ақын болған. Мұраттың нағашысы Адай Азамат, Саламат, Сәмет дегендер заманында айтқыш адамдар екен. Мұрат жасында аз-кем молдаға оқыған, қара танып, хат жазарлық қана оқығаны болған. Мұрат бала күнінен-ақ өлең айта бастаған. Он бестен асқан соң той-тобырда өлең айтқанды мүсе тұтпай, заманындағы айтқыштардың бәрін айтысып, жеңген. Айтысқа өте шебер болған.

Халелдің осы алғы сөзін оқып отырғанда, автордың екі мәселеге айрықша назар аударғаны байқалады. Біріншісі — Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы тарихтық негізі бар деректер, екіншісі — ақын өлеңдерінің тілі. Осы көлемі шағын алғысөзден көптеген жер-су аттарын, ру атауларын, адам аттарын оқуға болады. Сонымен қатар Халел Мұрат өмір сүрген дәуір мен, ақын шығармашылығы арасындағы табиғи байланысты өте білгірлікпен ашып бере алған. Оны Халелдің мына бір пікірлерінен, аңғарамыз: «Мұрат бір жағынан өткенді білген шежіре болса, екінші жағынан халықтың мұңын, елдің зарын айтатын әлеуметшіл, ақын. Қазақ елі елдігінен айырылып, „штатқа“ көніп, нағыз болдырып тұрған кезде Мұрат өмір сүрді. Мұраттың заманы — бостандық үшін „егескен ердің бәрі жер тіреген“ заман. Патша хүкүметінің қазаққа құрған саясатының гүрлеп тұрған заманы, қазақтың бұрынғы тұрмысы өзгере бастаған, қазақтың бұрынғы кең қоныстан, сүйкімді әдеттен, еркін салттан айырыла бастаған заманы» — дей келіп, ақынның әйгілі «Үш қиян» толғауынан мына шумақтарды келтіреді: Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс, Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс. Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай, Біз түгіл осыларды алған қоныс


Халел Досмұхамедұлының «Мұрат, ақынның сөздері» атты еңбегіне жазылған алғысөзінде мынадай жолдар бар: «Мұраттың сөздерінде жерлердің аттары көп ұшырайды. Бұлардың көбі ескі аттар. Осы аттардың бірқатары осы күнде Еділ, Жайық алаптарында ұшырайды. Бұл жерлерде қазақ қай мезгілде жүрген? Боқсақты, Теңгелік, Өгізтау, Бесешкі, Бадашы, Қараша, тағы талайлар қай жер? Құбанда қазақ қай уақытта жүрген? Асан Қайғы, Қазтуған, Айсаның ұлы Әнет, Қараның ұлы Сидақ, Жаңбыршының ұлы Телағыс, басқа да айтылған бөтен батырлар кім? Бұлар қай уақытта болған? Ноғайлы деген кім? Қазақтың Ноғайлыға не жақындығы бар? Мұраттың өлеңдерін оқып отырғанда осы сұраулар өз-өзінен ойға келеді. Қазақтың тарихын жазған адам Мұрат секілді, ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет