Аламан - Халел Досмұхамедұлының кұрастыруымен жарық көрген ақын-жыраулар мұрасының жинағы. 1926 жылы Ташкентте 3 мың данамен "Қазақ мемлекеттік баспасы" шығарған. Жинаққа қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлық жырлар, Қалнияздың "Ер Қамысы", Нұрымның "Байбоз-Жанбозы", "Балаунияз" дастаны т.б. туындылары енген. Ы.Шөреқұлының Исатай-Махамбет дастанының екінші бөлімі, Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан толғауы да осы жинақта жарияланған. Кітаптың алғысөзі ретінде құрастырушының мақаласы берілген.
Қорытындылай келе, Мұратты он тоғызыншы ғасыр ауыз әдебиетінің шырқау биігіне шығарған — ғасырлар бойы бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген қасиетті қонысының талапайға түсуін, қазақ мемлекетінің құлдырауын дөп басып көріп, жалынды жырмен тебірене толғауы, қасіретаке толы қазақ қоғамының айнасы болған шығармалары — «Үш қиян», «Сарыарқа» толғаулары, «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шәлгез» жырлары. Ақынның жыраулық өнері-де зор болғанын, «Қырымның қырық батырын» ел арасына таратуда елеулі үлес қосқанын ескерсек, оның өмірінің де, шығармаларының да негізгі арқауы — халықтың қамы, отаршылдықтың салдарынан қонысынан айырылған ел, халқы үшін өмірін құрбан еткен ерлер, аяқ асты бола бастаған қазақтың салт-дәстүрі екені көрініп тұр. Бұл жағынан Мұратты дәстүрін жалғастырушы деп қарауға болады. «Сарыарқа», «Үш қиян» — шоқтығы биік туындылар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Ақындар аманаты Б. Ыбырайым. «Алматы» баспасы 2014 жыл.
Қазақ әдебиетінің тарихы «Алматы» баспасы 2006 жыл.