Құжатттың әрбір құрама бөліктерінде өзіне тән контейнерлер тобы бар. Құжаттың денесінде қоланылатын контейнерлер құжаттың тақырыбында (басында) немесе FRAMESET (фрейм) контейнерінде қолданылмайды.
2.1.Құжаттың HTML-HEAD бас контейнері
Құжат басының атрибуттары болмайды. Құжат басы тәгтерінің негізгі міндеттері – бүкіл құжаттың көріну параметрлерін баяндау. Мұндай параметрлерге құжатты көрсету стилін, жалпы базалық гипермәтіндік сілтеме адресін, жалпы гипермәтіндік сілтемелерді, идентификаторды, құжат атын және т.б. жатқызуға болады. Төменде тек қана жиі кездесетін контейнерлер берілген.
2.2.TITLE
Ең жиі қолданылатын құжат басы тәгі – құжат аты болып табылады. TITLE-дің жазылу тәртібі келесідей:
<ТIТLЕ> Название документа ТIТLЕ>
TITLE тәгінің құрамы құжат аты өрісінде көрсетіледі.
2.3.BASE
BASE тәгі URL формасындағы гипермәтіндік сілтеме формасымен байланысты. Себебі, URL спецификациясы құжаттардың екі формасын анықтайды: толық және толық емес URL адрес формасын қолдануға болады. Бірақ толық емес спецификация формасын қолдану үшін оны бір нәрсеге базалау керек, яғни толық емес URL формасынан толық URL формасын құру үшін базалық адресін беру керек. BASE тәгі осы базаны анықтауға мүмкіндік береді. Солайша, егер құжат басынана келесі қатар берілетін болса:
Көрсетілген мысалда HREF атрибуты сұрауыш өңдейтін программа адресін анықтайды, ал PROMPT атрибуты – шақыру мазмұны.
^