Ms excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік. Бағдарламаны іске қосу, мәзірмен жұмыс ms excel



бет2/43
Дата26.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#40239
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
00015f93-92fffb7e

Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.
Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.
Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
Жол - көршілес ұяшықтардың бірлестігі.
Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.
Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.
Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.


Бақылау сұрақтары:
1) Microsoft Excel қалай қосылады?
2) Microsoft Excel –дің жұмыс парағы дегеніміз не?
3) Microsoft Excel –дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіз?
4) Microsoft Excel –де жаңа құжатты қалай құрамыз?
5) Excel –де құжатты қалай сақтаймыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет