Ms excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік. Бағдарламаны іске қосу, мәзірмен жұмыс ms excel



бет5/43
Дата26.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#40239
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
00015f93-92fffb7e

Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

    1. ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.

    2. ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.

Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағасын, Enter пернесін басу керек.
Бақылау сұрақтары.

  1. Электрондық кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?

  2. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?

  3. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?

23-сабақ. Электрондық кестедегі формулалар. Функцияларды қолдану.

MS Excel -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.


Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.
Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.
Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • формула енгізетін ұяшықты белгілеу;

  • Функция менюіндегі Қою немесе батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.

  • Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;

  • ОК батырмасын шертіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет