1. Басты қойындысында слайд белгішесінің астындағы Жаңа слайд түймешігін басыңыз.
2. Осы орналасуы бар слайдты кірістіру үшін орналасуды нұқыңыз.
Егер бірінші сабақтың жаттығуын орындасаңыз, орналасуды автоматты қолданатын слайдты кірістірдіңіз. Сонымен қатар, слайдты кірістірмес бұрын орналасуды таңдай аласыз. Оны орындау үшін Басты қойындысындағы слайд белгішесінің астындағы Жаңа слайд түймешігін басыңыз. Ол орналасулар таңдауын көрсетеді.
PowerPoint орналасулары бұрынғыдан да сенімді. Олардың бірнешеуінде не мәтін, не сызба үшін пайдаланылатын "мазмұн" толтырғыштары бар. Мысалы, Тақырып және мазмұн орналасуы. Толтырғыштарының бірінің ортасында келесі белгішелер жинағы бар:
Мазмұндардың келесі түрінің бірін — кестені, диаграмманы, SmartArt сызбасын, файлдан алынған суретті, клип бөлігін немесе бейне файлды кірістіру үшін осы белгішелердің бірін нұқыңыз. Немесе, белгішені елемей, осы орналасу қолдайтын мәтінді теріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |