“<” және “>” символдарын браузер HTML тәгтерінің басы мен соңын көрсететіндіктен мынадай сұрақ туындайды: мұндай символдарды экранда қалай көрсетуге болады? HTML-да бұл &-үлестірулер көмегімен жасалады. Оларды тағы да символдық объектілер немесе эскейп-үлестірулер деп те атайды. “<” символын браузер мәтін арасында < (less than ағылшын сөздерінің алғашқы әріптерінен алынған) үлестіруі кездескенде көрсетеді. “>” символын > арқылы (greater than ағлшын сөздерінің алғашқы әріптері), “&” символын & арқылы, ал (“) қос тырнақшаны " арқылы экран бетінде көрсетуге болады.
Ескерту: үтір-нүкте (;) символы міндетті түрде &-үлестірулерінен кейін қойылып отырылуы керек және бұл үлестірулер кіші әріппен жазылуы керек.
Жалпы айтқанда, &-үлестірулері ASCII кестесінің екінші бөлігіндегі барлық символдарды қамтиды. Бірақ, кейбір серверлер сегізбиттік мәліметтерді қолдамайды. Сондықтан да олар ASCII кодтарының 127-ден жоғарғыларын ғана &-үлестірулері арқылы қолдайды.
Түсініктемелер
Браузер арасына алынған мәтіндерді елемейді. Бұл белгілер ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР жазу үшін арналған. Мысалы: