Жаңа құжатта блог жазбаларын құру
Егер сіз блогта хабарлама жазғыңыз келсе, келесі әрекеттерді орындаңыз:
Office батырмасын басыңыз және Меню құру командасын таңдаңыз;
Құжат құру терезесінде Блогтың жаңа жазбасы пунктін таңдаңыз (8.16. Сурет) және Құру батырмасын басыңыз;
8.16. Сурет. Блогтың жаңа жазбасын құру
Блогтың есепке алу жазбасын тіркеу терезесі пайда болады. Word терезесінен тікелей хабарламаларды жариялау үшін, өз деректеріңізді енгізу қажет- сіздің блогыңыз орналасқан сервисті көрсету керек, сонымен қатар жеке мәліметтеріңізді- қолданушының атын және паролін енгізіңіз. Мұны қазір жасауға болады немесе хабарлама жөнелтуге дайын болғаннан кейін жасасаңыз болады. Деректерді қазір енгізу үшін Тіркеп қою батырмасын басыңыз (8.17. Сурет);
Достарыңызбен бөлісу: |