Көлденең сызықтардың көмегімен веб- беттерді безендіру
Көлденең сызықтар веб- беттерді бірнеше бөлікке бөлу құралы болып табылады. Оны құжатқа қосу үшін, лентада Басты қосымшадағыАбзац тобында Төменгі шекара батырмасын басыңыз және менюден Көлденең сызықтар командасын таңдаңыз.
8.10. Сурет. Менюден Көлденең сызықтар командасын таңдау
Құжатыңызда сызық пайда болғаннан кейін, сіз оны ерекшелеп көшіре аласыз және оның өлшемін, бейнелену тәсілін, күйін және түсін өзгерте аласыз. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасымен шақырылатын, контексті менюден Көлденең сызықтың пішімі жолын таңдаңыз.
8.11. Сурет. Көлденең сызықтың пішімі терезесі
Егер сіз көлденең сызықтың басқа түрін таңдағыңыз келсе, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Басты қосымшадағы Абзац тобында Төменгі шекара батырмасын басыңыз, менюден Шекаралар және құю командасын таңдаңыз;
2. Шекаралар және құю диалогтық терезесінде Көлденең сызықтар батырмасын басыңыз (8.12. Сурет);
Достарыңызбен бөлісу: |