§ 55. ҚҰРЫЛЫМДАНУ ЖӘНЕ РЕОЛОГИЯ Сұйық және қатты дисперстік ортасы бар системалар конден-сацияланса, коллоидты және микрогетерогенді системалардың бел-гілі дәрежедегі механикалық қасиеттері болады, атап айтқанда түтқырлық, көптеген жағдайда серпімділік, беріктік және жұмсақ-тық, иілгіштік. Бұл қасиеттер жоғарыдағыдай системалардың құ-рылымдарымен байланысты болғандықтан, оларды құрылымдық-механикалық қасиеттер деп атайды. Сондай-ақ бұл қасиеттерді 228 тағы да реологиялық деп те атайды, өйткені ол денелердің ағым-дылығы жайлы іліммен немесе жалпылама түрде алғанда уақыт-ка байланысты өзгеріп отыратын және оны реология деп атайтын деформация процесімен байланысты.
Егер дисперстік орта сұйық болса, бөлшектер бірімен-бірі бай-ланысқанда құрылымы біркелкі емес борпылдақ агрегаттар түзе-тін аралық системалар пайда болуы мүмкін.
Еркін дисперсті системалардағы дисперсічк фазаның концентра-циясы аса жоғары бола бермейді, концентрация жоғарылағанда жеке бөлшектердің арасы тарылып, олардын, жолығуы, тұйісуі даусыз. Ал мұның салдарынан кеңістікте тор түзілуі мүмкін немесе дисперстік орта дисперстік фаза бөлшектерімен толып, олардың өздері де кедістікте еркін қозғала алмай калар еді. Системаға тұ-рақтандырғышты қосқанда, ол бөлшектердің сркін қозғалуына кедергі тудырады, ал бүл бөлшек аралық күшті әлсіретеді де құ-рылымдық тор элементінің арасындағы байланысты тудыратын кризистік концентрацияны көбейтеді, яғни системадағы жоғары беріктікке немесе құрылымдық тұтқырлыққа сәйкес болатын — концентрация. Байланысқан дисперстік системадағы дисперстік фазаның концентрациясы өте жоғары болады. Алайда, мұндай системалар концентрация төмен жағдайда да пайда болуы мүмкін. Егер дисперстік фазадағы бөлшектердің түрі таяқша немесе плас-тина секілді, яғни анизодиаметрлік болса, онда бұл процесс тезірек жүреді. Мысалы, таяқша сияқты ваннадий (V) оксиді системада бар болғаны 0,01—0,001 % болса да құрылымдық гель түзеді. Коллоидты системалардың реологиялық қасиетіне системадағы дисперстік фазаның концентрациясымен қатар, дисперстік орта мен дисперстік фаза табиғаты секілді факторлар күшті әсер ете-ді. Олай болса, коллоидты системалардың реологиялық қасиеттері осы жоғарыда айтылған себептерге байланысты туындайтындық-тан, бір жағынан соларга, екіншіден әлгі фактордың өзіне әсер ете-тін молекулалық әрекеттесуді де қоса қарастырады. Бағытталған механикалық жүк дисперстік системадағы бөлік-тердің жылжуын тудырады. Оның екі түрі болуы мүмкін: жүк тұ-рақты әсер еткенде система нүктелері жылжуын тоқтатады; систе-маға сыртқы күш әсер етіп тұрған кезде тұрақты система бөлшек-тері үнемі қозғалыста болады. Бірінші жағдайда бөлшектердің салыстырмалы жылжуы мен сыртқы механикалық күштер арасын-дағы тәуелділік сипаты анықталады. Екінші жағдайда ағымдылық деп аталатын сыртқы күш әсерінен бөлшектердің салыстырмалы жылжу жылдамдығының тәуелділігі анықталады. Деформация мен тұрақты ағымдылық жылдамдығы арасындағы тепе-теңдік белгілі бір уақыт өткен соң орнайды. Система өзінің соңғы күйіне келетін уақытты зерттеудің теориялық және қолданбалық мәні зор. Кол-лоидты системаның реологиялық касиетін зерттей отырып, олар-дың құрылымының пайда болу сипаты анықталады және мұның практикалық мәні зор. Мысалы, жер қыртысы және оның құнар-лығы, кірпіш өндірісіндегі балшық қасиеті, цемент ерітіндісі, түр-лі бояулар, лактар, пасталар, қамыр, май сияқтылардың бәрі де