МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ


Концентрация 72-сурет агрегация саны көбейетінін көруге бо-лады. ККМ-ді анықтау



бет127/128
Дата19.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#108564
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Байланысты:
МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ-emirsaba.org

247

Концентрация


72-сурет

агрегация саны көбейетінін көруге бо-лады.

ККМ-ді анықтау. Шала коллоидты системадағы аса маңызды көрсеткіш-тің бірі — ерітіндідегі мицелла түзетін кризистік концентрацияны (ККМ) анықтау. Ол моль/л не процентпен өл-шенеді. 72-суретте сабын ерітіндісінің эквивалентті электр өткізгіштігінің концентрацияға функционалды түрдегі тәуелділігі келтірілген.

Графиктің ординатасына сабын ерітіндісінің эквивалентті электр өткізгіштігін, ал абцисса осіне оның кон-
центрация мәнін орналастырса, онда осы екеуінің арасындағы бай-ланыс қисық сызықты сипаттайды. Әуелі сабын ерітіндісі төменгі концентрация кезінде электр тогын айтарлықтай өткізетінін кө-реміз. Сабын ерітіндісі концентрациясы өскенде де ол тузу сызық-ты өзгереді. 72-суреттегі төменгі және жоғарғы концентрация ке-зіндегі эквивалентті электр өткізгіштікті өрнектейтін түзудің қиы-лысқандағы концентрациясы (Скр)ерітіндінің мицелла құрайтын кризистік концентрациясы (ККМ) болады. Ол көптеген коллоидты ерітінділер үшін өлшенген және анықтамалықтарда келтірілген.
§ 63. ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ СОЛЮБИЛИЗАЦИЯ
Коллоидты БАЗ-дың тұрақтандыру қабілеті олардың фазаара-лық қабатқа адсорбциялануымен анықталады. Олардың беткі ка-баттағы концентрациясы жоғары болғандықтан, көлемдік концент-рациядан бірнеше есе артық болады. Адсорбциялық қабатта да БАЗ мицелласындағыдай полюсті емес топтардың топтасуы жүре-ді. Ондағы адсорбциялық қабаттьщ құрылысы БАЗ-дың табиғаты-на, фазааралық бетке, осы беттің адсорбциялану дәрежесіне, орта-ға енген түрлі косымшаларға байланысты. БАЗ-дағы адсорбция-лық қабатты лиофиль дейді, ал ол су ерітіндісінде болса, оны гидрофиль дейді, мұның нәтижесінде ондағы бөлшектер жақында-ғанда тебіледі. Ал егер осы құбылысты ионогенді БАЗ әкелсек, он-да қос электр кабаты электрокинетикалық тебілісте болады екен. Ионогенді емес БАЗ ерітінділері үшін электрокинетикалық әсер болмайды; мұндағы дисперстік системаны тұрақтандыру — колло-идты химиядағы әлі толық шешуін таппаған жайдың бірі.
Солюбилизация коллоидты БАЗ ерітіндісінің мицелла құрылы-сымен тығыз байланысқан қасиеттің бірі. Коллоидты БАЗ-дың кон-центрлі ерітіндісіне әуелде таза суда ерімейтін органикалық қосы-лысты қосса, ол ериді, мұны солюбилизация дейді. Солюбилизация кезінде термодинамикалық тепе-теңдіктегі мөлдір ерітінді пайда болады. Коллоидты БАЗ ерітіндісінде еритін затты солюбилизат деп атайды. Түрлі БАЗ-дыд ерітіндідегі солюбилизациялау қабіле-


248

ті түрліше; коллоидты БАЗ көмірсутекті тізбек ұзарған сайын он-да коллоидты солюбилизацияланатын органикалық қосылыстың мөлшері артады. Сол сияқты коллоидты БАЗ ерітіндісіндегі ми-целла түрі шар тәрізді болған кезде, онда солюбилизацияланатын заттьщ мөлшері ерітінді концентрациясына орай артып отырады, ал мицелла түрі пластина тәрізді болса, онда жоғарылайды. Ол солюбилизацияланатын заттың құрылысына да тәуелді болады. Мәселен, солюбилизат ретінде көмірсутекті қолданса, онда оньщ молекулалық салмағы азайған сайын, коллоидты ерігіштік арта-тады. Әдетте солюбилизатқа электролиттерді қосқанда да солю-билизация артады.

Қазір солюбилизацияны БАЗ мицелласында органикалық қо-сылыстардың еруі деп қарастырады. Оның түрлі механизмі болуы мүмкін. Полюсті емес көмірсутектер мицелла ядросында ериді (73, а-сурет), ал полюсті органикалық заттар (спирттер, аминдер) мицеллада ерігенде, олардың көмірсутекті тізбегі мицелла ішіне, ал полюсті бөлігі су фазасына қарай бағытталады (73, б-сурет).



а) 5) —Беттік активті заттар

П — Солюбилизат
73-сурет
Қоллоидты БАЗ ерітіндісіндегі мицелла пластина тәрізді бол-са, онда еритін органикалық қосылыс осы пластина арасына сына-ша еніп, оларды ығыстырады және осы кезде ол мицелладағы полюсті емес көмірсутекті радикал арасына (өзіне үқсас аралық-қа) енеді. Бұл болжамның дұрыстығын сабын мицелласындағы пластина аралығын бірде солюбилизацияға дейін, бірде нақ осы мицелланы солюбилизациядан кейін рентгенографиялық әдіс көме-гімен өлшеніп дәлелденді.
Коллоидты БАЗ-дың қолданылуы. 1. Суда коллоидты БАЗ бол-са, онда ол ерітіндінің беттік керілуін төмендетеді және жуушы сұйықтың жұғуы артады.
2. Сабын молекуласы кірленген талшық үстіне, қатты дене бетіне немесе сұйыққа жақсы адсорбцияланады да өте мықты ад-сорбциялық қабат құрайды және сыналық қысым күші туындайды.
3. Кірленген бөлшек бетіндегі адсорбцияланған пленка осы бөл-шектерге агрегативті тұрақтылық береді және оны талшықтың басқа жеріне көшірмейді.
4. Коллоидты БАЗ жуушы затта көбік тудырады да кірді меха-никалық жолмен алуды арттырады. Бұл құбылыс флотация кезін-де де пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет