МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ



бет29/128
Дата19.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#108564
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
Байланысты:
МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ-emirsaba.org

1. H=U+pV

2. U=H-pV


3. Ғ=U-TS 4.G=H-TS
5. dH=TdS+Ydp
6. dU=TdS+pdV
7. dҒ=-SdT-pdY
8. dG=-SdT+Ydp
Егер система мен оны коршаған орта энтропияларының өзгеруі белгілі болса, онда процестің жүру-жүрмеуін алдын ала болжап айтуға болады. Ол үшін система мен оны қоршаған орта эн-тропияларын өлшейді, система энтропиясының өзгеруін Sc және оны қоршаған ортаныкі Sорта деп белгілейді. Сондай-ақ жылу (Q) мен жұмыстың (А) шамасын білу қажет, өйткені бұл екеуі де басқа термодинамикалык, функциялармен салыстырғанда системаның қандай жолме жүруіне тәуелді. Бұл айтылған шарттар орындалса:
а) егер SС +S0p =0 болса, система тепе-теңдікте болады;
б) егер Sс+Sорта>0 болса, процесс өздігінен басқа күйге
айналуы мүмкін;
в) егер Sс+Sорта<0 болса, процесс өздігінен жүрмейді.
Мына келтірілген шарттар изобара-изотермалық процестер үшін, яғни қысым мен температура өзгеріссіз қалатын изобаралық жағ-дайдагы өзгерістерге қажет:
егер G<0 болса, реакция өздігінен жүреді;
егер G>0 болса, реакция өздігінен жүрмейді; егер G=0 болса, система тепе-теңдікте болады және ол бос энергияны қосып та алмайды, бөліп те бермейді.
Енді системалардағы ішкі энергия мен энтальпияны қарасты-райық. Әрбір системаның көлемі өзгеріссіз қалса (У=сопst), онда ішкі энергия, ал процесс изобаралық (р = сопst) болса, онда энталь-пия мәні есепке алынады. Демек, ішкі энергия мен энтальпияның айырмашылығы қысыммен байланысты екен, яғни газ күйіндегі заттары бар система үшін ішкі энергия мен энтальпияның айырма-шылығы бар, ал сұйық, катты күйіндегі заттары бар система үшін ішкі энергия мен энтальпияның мағынасы (өлшем шамасы) бірдей екен.
Термодинамикалық функциялардың өзара қатыиасы (10-сурет-те көрсетілген. Ал, 11-суретте термоди“амикадағы сипаттамалык
52
функциялардың өзара байланыс

жүйесі келтірілген. Онда әрбір


түзу бойына үш функция шамасы
өзара байланыса орналасқан. Ал,
олардың екеуінің теңдік не теңсіз-
дікте болуын және ондағы процес-
тің қалайша жүретінін бір түзу
сызық бойына орналасқан үшінші
термодинамикалық функция анық-
тайды. Мысалы, әрбір процестің
өздігінен жүру мүмкіндігі энтро-
пияның өсуімен немесе 11-суреттің ең төменгі қатарына орналас-
қан төрт функциянын, азаюымен байланысты, ал тұрақты тепе-
теңдіктің негізгі белгісі, шарты сол энтропияның ең үлкен мәні
және әлгі келтірілген төртеудің ең кіші мәні (3-таблица) екен.
Тірі организмдегі күрделі процестерді термодинамика заңды-лықтарымен байланыстырып, түсіндіруге болады екен. Тірі орга-низмдер де табиғаттың негізгі заңдарына бағынады. Оларға энер-гияның сақталу және басқа түрге айналу заңын қолдануға әбден болатыны сияқты, термодинамиканың екінші заңын да пайдалана-ды. Тірі организмдер өздерінің өсу, өну сияқты өмірлік процестері кезінде, өзін қоршаған айналамен зат алмасуы арқылы тоқтаусыз қатынаста болады. Ол айналадан өзіне қабылданған заттарды қо-рек етеді, өздеріне бейімдеп түрлендіреді. Бұл процестердін бәрі де материяның сақталу заңына қайшы келген емес. Оны ғалым-дар мен мамандар жүргізген тәжірибелер дәлелдеп келеді.
Тіршіліктегі құбылыстар мен өзгерістерге қажетті энергияны организмдер қоректік заттардағы химиялық энергиядан алады. Организмге енген зат күрделі химиялық реакцияларға түседі, ыды-райды, тотығады және осы қүбылыс кезінде пайда болатын жылу мен жұмыс жаңа қосылыстар синтездеуге жұмсалады. Организмде қоректік заттар ыдырағанда пайда болатын энергиялар басқалар-мен салыстырғанда біршама аз және бұл құбылыс термодинами-каның екінші заңына қайшы келмейді. Әйтсе де тірі организм өзін қоршаған ортамен зат арқылы да, энергия арқылы да емін-еркін алмаса беретін ашық система болгандықтан, осындай алмасу нә~ тижесінде оның қуаты артады да, термодинамика екінші заңына
3-таблица

Система күйін сипаттайтын


Процестердің өздігінен


Процестердің тепе-теңдікте


Тұрақты параметрлер


Жүру белгісі


болу белгісі




U және V

S өседі

S максимум



Н және р

S өседі

S максимум



Т мен р


G азаяды

G минимум




Т мен V


Ғ азаяды

Ғ минимум




S пен р


Н азаяды


Н мин'"


S және V


U азаяды


U мин


53

бағына қоймайды. Мысалы, жасыл жапырақ Күн сәулесіндегі энергияны өз бойына дарытып, қуаттанады, ал онымен қоректен-ген жануар болса, ол да өзіне қажетті жылу мен жұмысқа арнал-ран энергияны алады. Организмнің өз энтропиясы кез келген бағытта өзгеруі мүмкін, яғни ол өзін қоршаған ортадан бос (еркін) энергияны көбірек дарытқандықтан, энтропия азайса, организм — орта системасындағы энтропия артады. Демек, термодинамиканьщ екінші заңы табиғаттағы құбылыстар үшін де қолданылады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет