МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ



бет117/147
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15984
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   147
§ 46. ОСМОСТЫҚ ҚЫСЫМ

Коллоидты ерітінділерге нағыз ерітіндідегідей осмостық қысым тән. Ол да газ қысымы секілді ерітіндінің коллигативті (біріккен, орташа) қасиеті екен, яғни ол тек еркін қозғалатын коллоидты бөлшектерге ғана тәуелді. Егер коллоидты бөлшектердің көлемі мен массасының нағыз ерітінділердегі молекула көлемі мен масса-сынан үлкен екенін ескерсе, онда бірдей көлемдік концентрацияда-ғы коллоидты және нағыз ерітінділерді алып, белгілі бір көлемін-дегі коллоидты бөлшекті және молекуланы салыстырғанда, колло-идты бөлшектер аз болады. Мінеки, сондықтан да бірдей концентрациядағы коллоидты ерітіндінің осмостық қысымы нағыз ерітіндімен салыстырғанда аз болады. Мысалы, массалық концен-трациясы 10 г/л болатын алтын золінің осмостық қысымы 45 Па, ал осындай концентрациядағы сахароза ерітіндісінін, осмостық қы-сымы 7250 Па. Сондай-ақ, гидрофобты коллоидты ерітіндідегі өл-шенетін осмос қысымының бір бөлігі қосымша электролиттердің кездесуімен байланысты болады.

Коллоидты ерітінділер нағыз ерітінділерге өте ұксас болған-дықтан, оған Вант-Гофф формуласын қолдануға болады.

ПY=nRT немесе П = пRTК/У (191)

мүндағы П — зольдің осмостық қысымы; nколлоидты бөлшек-тердід мольдік өлшемі; V — зольдін, көлемі. Коллоидты бөлшек-тің мольдік өлшемі деп Авогадро саны қабылданады.

Егер берілген зольде v коллоидты бөлшек болса, онда 1 мольде Na бөлшек бар. п = v/Na ескерсек, (191) теңдеу:

(192)

болады.


Коллоидты ерітінділердін, бәрі дерлік өте төменгі бу серпімді-лікпен сипатталып, қайнау температурасы мен қату (кристалдану) температуралары төменгі мәнге, кейде мүлдем өлшеуге келе бер-мейтін шамаға ғана өзгереді. Мысалы, бөлшек өлшемі 4 нм, кон-центрациясы 0,001% алтын золінің қату температурасы 0,000004°-қа ғана төмендейді екен.

Осмостық қысым (П) берілген бірлік көлемдегі бөлшек саны



205

(n) мен коллоидты бөлшектердің орташа радиусы (r) арасындағы белгілі бір байланысты табуға септеседі. Ұсакталған заттың бірлік көлемдегі массасы:

мұндағы dерітінді тығыздығы. Осы теңдеуге негіздей, бірдей температура мен дисперстік ортадағы екі дисперсті системаға ар-нап, келесі өрнекті жазуға болады:



немесе бұдан

/

мүндағы D1 дәне D2 — бірінші және екінші зольдің дисперстік дә-режелері.

Демек, коллоидты ерітінділердің осмостық кысымы, олардағы бөлшек радиусының кубына кері пропорционалды да, дисперстік дәрежесінің кубына тура пропорционалды екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет