Изобаралық процесте (р = сопзt) системаның қысымы тұ-рақты, яғни ешбір өзгеріссіз болуы керек. Мүндай жағдайда соңғы (19) теңдеу мына төмендегідей өрнектеледі
А=p(V2—V1) (20)
6-сурет
31
яғни изобаралық процестегі газдың ұлғаю жұмысы қысым мен көлем өзгерісінің көбейтіндісіне тең. Жұмыстың көлем өзгерісіне тәуелділігі 6-суретте көрсетілген және ол Ү1\ЕFҮ2 шектелген тік төртбұрыш ауданымен сипатталады. Бір моль газдың улғаюыв қарастырғанда, жалпы газ күйін өрнектейтін рҮ = RТ Клапейрон-Менделеев теңдеуіндегі рҮ\ мен рУ2-ні сәйкес RТ1 және RT2мен ауыстырып жазсақ:
А=р(V2-V1)=pV2-pV1=R(T2-T1) (21)
Термодинамиканың бірінші заңына сәйкес
(22)
Qp=Up+p(V2-V1) (23)
яғни системаға берілген жылудың бәрі ішкі энергияны көбейтуге жұмсала бермейді екен, оның бір бөлігі ұлғайту жұмысына бөліне-ді. (23) теңдеуді басқаша да жазуға болады:
Qp=U2-U1+pU2-pU1=(U2+pU2)-(U1+pU1)
осы өрнекті ықшамды ету үшін, энтальпия деп аталатын белгілі, жаңа термодинамикалық функцияны Н=U+pY пайдаланып, соңғы теңдеуді былай жазуға болады: Qp=H2-H1=H
яғни изобаралық процестін, жылуы (Qp) энтальпиянын өзгеруіне тең.
Ал тұйықталған процесте, системадағы ішкі энергиянын өзгеруі нөлге тең (U=0), қысым мен көлем өзгерісінің көбейтіндісі де нөлге тең ((рY)=0) болғандықтан, ондағы энтальпияның да өзгеруі нөлге тең (Н=0). Тек система күйіне байланысты болып келетін алгебралық комбинация шамасы күй функциясы деп ата-лады, олай болса, қарастырылып отырған рҮ көбейтіндісі де күй функциясы екен.
Достарыңызбен бөлісу: |