§ 35. АДСОРБЦИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Берілген дененің (заттың) дисперстілік дәрежесі жоғарылаған сайын, ол өзінің көбейген бетіне басқа дененің көп бөлшегін сіңі-реді. Еріген немесе газ қалпындағы заттардьщ қатты дене немесе сұйықтың бетіне өздігінен жиналып, шоғырлана келіп, қоюлану кұбылысын сорбция деп атайды. Әдетте өзіне басқаны сіңіруші затты — сорбент, ал оған сіңірілетін затты сорбтив деп атайды. Ал сорбцияға кері құбылысты десорбция дейді. Сорбтив бөлшектері" сорбентке қаншалықты терең сіңуіне байланысты және ондағы пайда болатын өзара әсер мен байланыс күшіне, табиғатына сәй-кес сорбция құбылысын карастырады. Егер сіңіру дененін тек бет-кі қабатында ғана жүретін болса, онда оны адсорбция деп атайды. Мұнда да сіңіруші затты адсорбент, ал сіңірілетін затты адсорбтив деп атайды.
Сорбент пен сорбтив бөлшектерінің табиғаты мен өзара әре-кеттесу сипатына орай, сорбция құбылысын физикалық және хи-миялық деп бөледі. Физикалық сорбция әлсіз және қайтымды. Ол тек молекулааралық, яғни ван-дер-ваальстік күш әсерімен жүзеге асады. Ал химиялық сорбцияны көбіне хемосорбция деп те айтады
164және ол қайтымсыз, өйткені ол артық не бос валенттілік арқылы іске асады. Хемосорбцияның өзі онан әрі жіктеле келіп, абсорбция-лық және адсорбциялық болып бөлінеді. Бұл бөлулер тек шартты ғана.
Достарыңызбен бөлісу: |