МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ



бет87/147
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15984
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   147
Агрегаттық күй. Белгілі үш агрегаттық күйге сәйкес дисперстік системаны 9 түрге бөлуге болады (9-таблица). Әдетте әрбір түрді ондағы бос әріптерді қысқартып, бөлшек алымына дисперсті фаза-ны, ал бөлшек бөліміне дисперсті ортаны жазады.

Заттағы дисперсті фазаның дисперсті ортада шекті ерігіштігі — дисперсті системаның пайда болуындағы қажетті жай. Мысалы, дисперсті г/г системасындағы газдардың бір-бірінде шексіз еритін-дігінен әдетте көріне бермейді.

9-таблица

Реті~

Оі

0.



Дисперсті фаза

Дисперсті орта

Система белгісі

Система түрі

Мысалдар

1.

қатты

Сұйық

Қ/С

зольдер, жүзгіндер

Жүзгін, металл золі

1.

сұйык,

Сүйық

С/С

эмульсиялар

Сүт, мүнай, май

3.

газ

Сұйық

г/с

көбіктер, эмульсия

Сабын көбігі

4.

қатты

Қатты

К/Қ

қатты коллоид

Минералдар, қорытпа

 

 


 

 


 

 


 

 


ерітіндісі

 

 


5.

сұйық

Қатты

с/қ

қуыс дене, гель

Топырақ, балшық

 

 


 

 


 

 


 

 


капилляр

 

 


6.

газ

Катты

г/қ

ксерогелдер

Пемза, активті көмір

7.

қатты

Газ

қ/г

аэрозоль, шаң түтін

Түтін, шаң

8.

сүйық

Газ

с/г

тұман

Тұман, бұлт

9.

газ

Газ

г/г

ауа

Атмосфера, ауа

 

 


І

 

 


 

 


 

 


159

Жоғары дисперсті системаларды зольдер дейді және осыған орай дисперсті ортаның сипатына сәйкес гидрозольдер, органика-лық зольдер, аэрозольдер болып бөлінеді. Ал ірі дисперсті систе-мадағы қатты фазаның сұйық ортада таралуын жүзгіндер (сус-пензиялар), ал фаза да, орта да сұйық болса, оны эмульсиялар дейді.

Құрылым. Барлық дисперсті системалар құрылым жағынан еркін (бос) дисперсті және біріккен (байланысқан) дисперсті бо-лып бөлінеді. Еркін дисперсті система дегеніміз — дисперсті фаза мен дисперсті орта бірімен-бірі өзара байланыспай әрқайсысы бос жүретін дисперсті система. Оған жүзгіндер, эмульсиялар, аэро-зольдер мен жалпы зольдер жатады. Дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара берік байланысқан системаларды байланысқан дис-персті система дейді. Оған капиллярлі кеуек заттар, диафрагмалы денелер, жұқа пленка — мембраналар, кәдімгі полимерлер, қатты ерітінді — қорытпалар жатады.

Фазааралық әрекет. Дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар фазааралық беткі қабатта әрқашанда молекулааралық әсерлесу күшінің есебінен әрекеттесіп жатады және мұндағы әре-кеттесу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Мінеки, осы әрекеттесу шамасына орай дисперсті системалар лиофильді және лиофобты болып бөлінеді. Лиофильді системалар тобына жататын дисперсті системадағы дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара әрекеттеседі. Мүның нәтижесінде жалпы химиядан белгілі сольватацияға (еріт-кіш су болғанда гидротация) ұқсас, дисперсті фаза бөлшегінің ай-наласында дисперсті орта бөлшектерімен қоршалған қабат лайда болады. Ал, лиофобты системалар тобына енетін дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар өзара нашар әрекеттеседі.

Фазалық өзгешелік. Жоғары молекулалық қосылыстардың ері-тінділері нағыз молекулалық ерітінді болса да оларға коллоид-ты күйдің көптеген белгілері тән. Мысалы, жоғары молекулалық қосылыстар өздігінен ерігенде әуелі жекеленген макромолекула-ларға ыдырап бірфазалы, гомогенді, тұрақты және қайтымды сис-тема құрайды. Ал, дисперстілік система қасиетіне едәуір әсер ететіндіктен, жоғары молекулалық қосылыс ерітінділері жоғары дисперсті, гетерогенді системаларға тән ортақ қасиеті болуы ке-рек. Расында да жоғары молекулалық қосылыс ерітінділері диф-фузия жылдамдығы, ультра сүзгіштен өтпеуі, құрылымы, оптика-лық, электрлік қасиеті тарапынан алғанда, олар нағыз ерітіндіден гөрі коллоидты системаға жақын.

Дисперсті системаларды тағы да үлкен екі топқа бөлуге болады: жүзгіндер (суспензиодтар) және молекулалық коллоидтар. Жүзгіндер дегеніміз өзін қоршаған ортадан анық белгіленген фи-зикалық шегі бар, атомдар немесе молекулапардың бірігіп өз алдына жеке агрегат күраған бөлшектерден тұратын жоғары дис-персті, гетерогенді системалар. Ал, молекулалық коллоидты сис-темалар дегеніміз, жеке кинетикалық өлшем ретінде болатын мо-лекулалардың сольваттануын өздігінен қүрайтын, тұрақты және қайтымды бір фазалық гомогенді системалар. Мұндағы ірі моле-



160

кулалардың өлшемі коллоидтық дисперстілік өлшеміне шамалас болады. Мінеки осы тұрғыдан алғанда жоғары молекулалық қо-сылыс ерітінділері дисперсті молекулалық коллоидты системаға /катады, ал олардың гомогенділігі беткі бос энергия, фазааралық шек жайлы ойлауға да мүмкіндік қалдырмайды. Бұл да тек олар-дың өзіне ғана тән қасиет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет