МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ


Капилляр (жіңішке түтікше) конденсациялы



бет92/147
Дата06.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#15984
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   147
Капилляр (жіңішке түтікше) конденсациялы сорбциялық про-цестер деп аталатын құбылыстың негізгі мәні тек сіңіруде ғана емес, мысалы, активті көмірдің өз бойына газдар мен буларды сіңіретіні сияқты, жеңілдетілген қатты қуыс сорбенттердің өз бо-йына конденсациялануымен де ерекше мәнде болады. Қапилляр-лы конденсация ең әуелі оңай да жеңіл қысылатын (сығылатын) газдарда жиі кездеседі.

Капиллярлық конденсация дегеніміз қатты дене (сорбент) қуысында бу сияқты заттардың (сорбтивтердің) конденсацияла-нуы. Конденсация құбылысы температураға, бу серпімділігіне, капилляр диаметріне, қатты сорбенттің беткі қабатының өзіне сұйық күйдегі сорбтивті жұқтыру қабілетіне байланысты. Ондағы капилляр түтігі жіңішке болған сайын және олардың қабырғасы сұйық күйдегі сорбтивті өзіне жақсы жұқтырғанда да конденса-циялану тезірек жүреді.

Абсорбция дегеніміз сорбент массасына диффузия арқылы газ енгендегі сорбция қүбылысы. Ол берілген бір заттьщ (сорбтивтің) екінші бір затта (сорбентте) еру құбылысына пара-пар. Фаза ара-ларындағы заттың таралуы Генри заңына бағынады. Қазір абсорбциялық құбылыстар өнеркәсіпте кеңінен қолданылуда. Мы-салы, өнеркәсіптегі тұз қышқылын өндіру толығымен хлорлы су-тек газын судың абсорбциялау құбылысына негізделген. Нақ осы құбылысқа, яғни газдардың абсорбциясына сүйеніп газдарды зиянды қоспадан тазартады, газ қоспасын бөледі.

Хемосорбция дегеніміз сіңетін және сіңіретін заттар арасын-дағы әрекеттесу терең жүру нәтижесінде жаңа химиялық зат пайда болатын процесс. Бұған мысал ретінде натронды ізбестің көміртек (IV) оксиді мен күкірт (IV) оксидін өзіне сіңіріп, кар-бонат пен сульфат тұздарын түзетінін келтіруге болады. Хемо-сорбцияны физикалық сорбция мен абсорбциядан осы кұбылыстар кезінде бөлінетін жылу шамасын өлшеп, ажыратуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет