ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ 100 СҰРАҚ
Сұрақ: «Саум», яғни «ораза» сөзінің анықтамасы қандай?
1.
Жауап:
«Саум»
араб тілінде барлық нәрседен тыйылу деген мағынаны білдіреді. Ал,
шариғаттағы мағынасы таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ниетімен ішіп
-
жеуден және
төсек қатынасынан тыйылу.
Сұрақ: Рамазан оразасы қашан парыз болды?
2.
Жауап:
Рамазан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мадинаға һижрет еткеннен кейін һижраның
екінші жылы, шағбан айының бірінші дүйсенбісінде парыз болды. Бұл миләди жыл санағымен
623 жылдың 7 ақпанына сәйкес келеді. Осы
сәттен бастап мұсылмандар Рамазан айында парыз
оразаны ұстай бастады.
Сұрақ: Алла Елшісі
(с.ғ.с.)
өмірінде
неше жыл ораза ұстаған?
3.
Жауап:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінде тоғыз рет ораза ұстаған.
Сұрақ: Ислам дініндегі оразаның үкімі қандай?
4.
Жауап:
Рамазан айында ораза ұстау әрбір балиғат жасына толған, ақыл
-
есі
дұрыс мұсылман
ер
мен әйелге парыз. Құранда:
«
Уа иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз
етілгендей
,
ораза сендерге де парыз болды, бәлкім сақтанарсыңдар
», –
деген. (Бақара, 183).
Рамазан айынан басқа уақытта тұтылған ораза ерікті
болып есептеледі
.
Сұрақ: Оразаның қандай түрлері бар?
5.
Жауап:
Оразаның бірнеше түрі бар. Олар: парыз, уәжіп, сүннет, мәндуб және мәкрүһ
оразалары.
Сұрақ: Ораза
қай
уақыттан қай уақытқа дейін ұсталады?
6.
Жауап:
Таң намазының уақыты кіргеннен бастап күн батқанға дейін. Сақтық үшін таң
намазына 10 минут қалғанға дейін сәресін ішіп ауыз бекіткені абзал. Ақшам намазының
уақыты кіргенде ауыз ашады.
Сұрақ: Рамазан айындағы оразаға ниет етудің үкімі және ниет етудің уақыты бар
ма?
7.
Жауап:
Оразаға
ниет ету –
парыз. Құранда:
«
Олар ғибадатты
,
нағыз Аллаға шынайы
ықыласпен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары және зекет берулері үшін әмір
етілген
»,
–
делінген. Рамазан оразасына ниет ету ақшам намазынан басталып, ораза ұстайтын
күннің сәске, яғни таң уақыты кіргенге дейін жалғасады.
Ал
,
сәресі
уақытында ниет етпей
ұйықтап қалған жағдайда, таңертең еш
нәрсе ішіп
-
жемеген болса
,
бесін намазына дейін ниет
етуіне болады. Десе
де ең дұрысы
түнде, сәресі уақытында ниет ету.