Сұрақ: Зекет деген не?
99.
Жауап:
Зекет –
араб тілінен енген сөз. Бұл сөздің тілдік мағынасы «көбею, өсу, тазару» дегенді
білдіреді. Құранда: «
Расында, өз нәпсісін тазартқан кісі (тозақ азабынан) құтылды
», –
деп
зекет берудің тазару мағынасында қолданылғандығы бұған дәлел. Ал, зекеттің шариғатттағы
терминдік мағынасы: «
Нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылманның Алла разылығы
үшін байлығының бір бөлігін шариғатқа сай жылына бір мәрте Құранда көрсетілген
топтағы адамдарға беру
» дегенді білдіреді.
Сұрақ: Не үшін зекетті Рамазан айында берген абзал?
100.
Жауап:
Хадисте: Рамазан айына қатысты «Адам баласының
барлық игі істерінің сауабы
артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», –
делінген.
Демек,
өзге айларға қарағанда бұл ай –
сауаптар еселеніп жазылатын игілікке толы ай болғандықтан
Ислам ғалымдары осы айда берген абзал деген тұжырымдама жасаған.
Деседе зекет парызын
өтеу үшін белгілі бір ай немесе күн бекіту міндетті емес.
Ең бастысы зекет парыз болу үшін
нисап мөлшеріндегі байлығына бір жыл толған болуы керек. Алайда бір жыл толмасада алдын
ала беруіне рұқсат.
Сұрақтардың жауаптары
–
ҚМДБ қарасты muftyat.kz, fatua.kz, nurgasyr.kz, mazhab.kz
сайттарынан және islam.kz сайты мен «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды.
Құрметті
ораза ұстаушы! Сіздер үшін
«
Нұр Ғасыр
»
мешітінің ұжымы «Рамазан 2020
»
қосымшасын әзірлеп ұсынады. Сіз бұл қосымшадан оразаға қатысты
сұрақтарыңызға жауап
табасыз.
Play Market-
тен
«
nurgasyr.kz
»
деген атпен табуға болады. «Рамадан
»
атауымен қосымшалардың
көптігінен және бұл қосымша жақында шыққандықтан Play Market тізімінен шықпай жатыр.
Сондықтан әзірге
«
nurgasyr.kz
»
сөзі арқылы кіріп жүктеп алуға болады.
Сонымен қатар мешітіміздің діни қызметкерлері көкейтесті сауалдарыңызға
+7(700)095-09-00
телефон желісі
арқылы жауап береді. Сұрақтарға жауап беру уақыты:
09:00-21
:00 аралығы.
Баршамыздың ұстаған оразаларымыз бен оқыған тарауих намаздарымызды және берген зекет
пен пітір
-
садақаларымызды қабыл етсін! Әумин!
Құрметпен
,
«Нұр Ғасыр» мешітінің ұжымы