Сұрақ: Рамазан айында ораза екендігін біле тұра ішіп
-
жесе не болады?
17.
Жауап:
Бұндай жағдай
каффаратты қажет етеді. Яғни, жаза ретінде 60 күн арасын үзбей ораза
ұстау міндет болады. Егер ораза ұстауға денсаулығы жарамсыз болса
,
60 кедейдің қарнын
тойдыру арқылы жазасын өтейді. Жалпы біле тұра оразаны бұзу үлкен күнә. Себебі, бұл парыз
амал. Ал
,
біле тұра басталған парызды бұзу Аллаға қарсы шығумен тең. Сондықтан бұндай
күнәдан барынша сақтану керек.
Сұрақ: Ауызашар уақыты кірді деп ойлап ішіп
-
жеп қойса, бірақ әлі күн батпаған
18.
болса оразасы дұрыс бола ма?
Жауап:
Өкінішке орай, ауызашар уақыты кірмей ішіп
-
жеу
оразаны
бұзады. Сондықтан сол
күнгі қазасын өтейді. Себебі оразаның уақыты таң сәріден күн батқанға дейін.
Сұрақ: Ауызашуға асығуға бола ма?
19.
Жауап:
Хадисте:
«Менің ең жақсы көретін құлдарым –
ауыз ашуға асыққандары»,
–
деген.
Сондықтан ауыз ашуға асығу дінімізде мұстахаб амалға жатады.
Сонымен қатар ауызашар
уақыты кіргенде жолда көлікте болса, бір жұтым сумен не бір түйір құрмамен болса да
кешіктірмей ашқаны абзал.
Достарыңызбен бөлісу: