Мұсылмандары діни басқармасы ақТӨбе облыстық орталық «НҰР Ғасыр» мешіті


Сұрақ: Ол түнде періштелердің түсетіні



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата10.08.2023
өлшемі6,37 Mb.
#105168
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—21 в 13.34.05

 
Сұрақ: Ол түнде періштелердің түсетіні
 
рас па?
 
81.
Жауап:
 
«Қадір» сөзінің бір мағынасы «сығылысу» мағынасын береді. Осыған байланысты 
зерттеуші ғалымдар қадір сөзі тарылу мағынасын да білдіреді деген жорамалдар жасаған. 
Өйткені бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне
түскеннен соң, жердің тарлығынан сығылысады. 
Құранда: 
«Періштелер және Жәбірейіл
 
(ғ.с.) періште
 
осы түні Раббыларыңның рұқсатымен 
барлық іс үшін түседі»


дейді. Сол түнгі көктен түсетін періштелердің саны жердегі майда 
тастардан да көп болады. Пенденің әрбір
жасаған дұғасына «әмин» деп тұрады.
 
 
Сұрақ: Қадір түнін қалай атап өтеді?
 
82.
Жауап:
 
Бұл күні жасалуы тиіс сауапты істерді былайша тізбектеуге болады:Намаз оқу. 
Таһажжуд намазын, қаза намаздарын және әртүрлі нәпіл намаздарды оқыған дұрыс. Хадисте: 
«Кімде
-
кім қадір
 
түнінің қасиетіне сеніп, сауапқа кенелемін деген мақсатта түнін 
құлшылықпен өткізсе, онда оның өткен күнәлары кешіріледі»


деген. Құран оқу. Алладан 
кешірім тілеп, Одан екі дүниемізде пайдасы тиетін нәрселер сұрау. Дұға жасау. Пікірлеу. 
Алланың ұлықтығына, Исламның ұлықтығына, Құранның ұлықтығына ой жүгірту, айтылған 
уағыз
-
насихаттарды көкейге түю.
 
Сұрақ: Қадір түнінде қандай дұға жасаған абзал?
 
83.
Жауап: 
Қадір
түнінде адам кез
-
келген дұғасын жасай алады. Қадір түні мұсылман баласы не 
тілесе де Алла оның дұғасын қабыл ететін ерекше түн. Айша анамыз Пайғамбарымыздан 
(с.ғ.с.):
«Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын»
деп сұрағанда, Ол кісі 
(с.ғ.с.): 
«Аллаһуммә иннәкә афуун кәрим, тухиббул афуа, фаьфу ьанни» (Алла Тағалам, Сен 
кешірімдісің,
 
кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)»


деп дұға етуге кеңес 
берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет