ЭТНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп, бір-бірімен тығыз байланысты болады. Алғашқы қауымдық құрылыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады. Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесінде өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы. Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті — ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау.
1. Этнос сөзінің ұғымы
A) аймақ
B) халық
C) тіл
D) ру
E) тайпа
2. Тілі мен мәдениеті әртүрлі халықтардың бірігуі
A) ассимиляция
B) интеграция
C) консолидация
D) дифференциация
E) ликвидация
3. Жаңа этностың қалыптасу жолы
A) интеграция
B) урбанизация
C) космогенез
D) дискриминация
E) эндогамия
4. Бұрынғы эллиндіктердің византиялықтарға, ал византиялықтардың бір бөлігінің гректерге айналуын сипаттайтын процесс
A) интеграция
B) трансформация
C) ассимиляция
D) диверсификация
E) урбанизация
5. Көп ұлтты мемлекеттің тұрақтылығын сипаттайтын маңызды саяси қадам
A) өзге ұлттарды алшақтау
B) ұлтаралық келісім
C) ұлттарды аймақтарға бөлу
D) жергілікті халыққа көңіл бөлу
E) өзге ұлттарды ассимиляциялау
Достарыңызбен бөлісу: |