E) көркемсурет
3. Эрмитаж мұражайының негізгі экспозициялық бөлігі орналасқан өзен
A) Нева
B) Амур
C) Волга
D) Дон
E) Лена
4. Мұражайдың атқаратын қызметі
A) ғылыми - танымдық
B) философиялық
C) ғылыми - тәжірибелік
D) ұйымдастырушылық
E) технологиялық
5. Арасына жартығасыр уақыт салып тарихи отанына қайтарылған жәдігер сақталған жер
A) Санкт - Петербург
B) Париж
C) Лондон
D) Нұр - Сұлтан
E) Түркістан
8. БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ
Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Мұндай суретті хаттарды ғалымдар пиктография деп атайды. Ежелгі Египетте пиктографиялық суреттер сына жазуымен ауыстырылды. Египеттіктер жазу үшін ұғым ғана емес, дыбысты да білдіретін белгілерді пайдаланғандардың алғашқысы болды. Египеттіктерден бөлек, белгі-иероглифтерді қытайлықтар, жапондар мен корейлер пайдалана бастады. Бірте-бірте жылдам жазу үшін, иероглифтер жеңілдетіліп, дыбыстар мен буындарды білдіретін белгілерге айнала бастады. Финикиялықтар буындарды білдіретін белгілерден бас тартып, жазу кезінде тек әріптерді ғана пайдаланды. Финикиялық жазу еуропалық халықтардың барлығының арғы тегі болған грек алфавитінің бастамасы болды.
Алғаш болып Кирилл мен Мефодийдің жазу түрі пайда болды. Одан соң оның жетілдірген нұсқасы, әріптерді жазу формасымен ерекшеленетін кириллица шықты. Бұл әліпби славян тайпаларына таралды.
Араб қарпінің де арғы тегі финикий жазуы болған. Араб әліпбиі 28 әріптен және түрлі қатар үсті, қатар асты белгілерден тұрады. Мәтін оңнан солға қарай оқылады.
Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды. Каллиграфия қалыбы ХI ғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы Шың елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнертапқышы И. Гутенберг баспа станогын жасады.
1. Еуропада тұңғыш баспа станогын ойлап тапқан өнертапқыш
A) Игнас Гельб
B) Чарльз Диккенс
Достарыңызбен бөлісу: |