Жұмыстың мақсаты: Жанама калориметрия арқылы энергия шығынын есептеу қағидасымен танысу
Жұмыс барысы: зерттеу есептерін шығарып болған соң хаттамаларға рет-ретімен толтырыңыз
1. Дуглас-Холден әдісі арқылы өкпенің минуттық желденуін анықтау:
а) дем шығару кезіндегі ауа шамалы уақыт бойы Дуглас қапшығына жиналады;
б) қапшық ішіндегі ауа газ сағаты арқылы өтеді және өкпенің минуттық желденуі анықталады (ӨМЖ), мысалы: ӨМЖ=7500см3.
2. Холден газанализаторы арқылы сыртқа шығарылған ауаның газдық құрамы анықталады.
Мысалы: О2=17%, СО2=4%.
3. Содан кейін О2 сіңірілген және СО2шығарылған пайыздарын анықтайды.
21%-17% О2=4% 02 21% О2 – атмосфералық ауадағы құрамы.
4%-0,03% СО2=3,97% СО2 (0,03% - СО3 атмосфералық ауадағы құрамы).
4. ӨМЖ көлемінде газдардың құрамын анықтайды, ол үшін теңдік құрастырады:
А) 100 см3 зерттелетін ауада 4 см3 О2 болады
7500 см3 ӨМЖ - х
Х = 300 см3 О2 Б) 100 см3 зерттелетін ауада 3,97 см3 СО2 болады
7500 см3 ӨМЖ - х
Х = 298 см3 СО2 5. Тынысалу коэффициенті есептеледі (ТАК=VCO2/VO2)
ТАК=298/300=0.99
6. Кесте бойынша оттегінің калорикалық коэффициентін табады (1 л оттегі тотығу кезіндегі пайда болатын жылудың көлемі), ТАК=0,99 кезінде, 21,1 кДж бөлінеді (немесе 5,034 ккал).
7. 300 см3 О2 қабылдау барысында шығарылған жылудың көлемі анықталады.
1 л О2 қабылдағанда – 21,1 кДж
300 см3=0,3 л. 0,3 л О2 – х х=6,3 кДж (1,510 ккал).
8. 1 сағат кезіндегі энергия жумсалуын анықтайды – 1,51х60=90,6 ккал.
(6,31х60=379,8 кДж), тәулікте – 90,6х24=2174,7 ккал
(379,8х24=9115,2 кДж).