Орындалатын жұмыстар тізімі: Жұмыс 1. Гаррис-Бенедикт таблицасы арқылы керекті зат алмасуды есептеу. Жұмыстың мақсаты: Табылған нәтижиені керекті алмасудың көлемі екенін белгілеу.Зат алмасуға қажетті энергия қалай кететінін түсіндіріңіз.
Жұмыс барысы:Өзіңіздің салмағызды және бойыңызды өлшеңіз.
Кестеге сәйкес (А бөлігі), сыналушының дене массасына жақын санды табу * саны дене салмағының жанында орналасқан.
Кестеге сәйкес (В бөлігі - ер немесе әйел) вертикальді жақтан бойын, горизонтальді жағынан жасын табады. Жас және бойдың графалары қиылысқан жерде **санын іздейді. Екі санды қосып *+**= адамның негізгі алмасудың ортастатистикалық көлемін шығады (Ккал). Нәтижені жазу.
Нәтижесі: алынған мәліметтерді жазыңыз.
Қорытынды: нәтижені қалыпты көрсеткіштермен салыстырыңыз.
Жұмыс 2. Рид формуласы арқылы негізгі алмасудың ауытқуын есептеу. Жұмыстың мақсаты: Рид формуласы арқылы негізгі алмасудың ауытқуын қалыптыға қарағандағы көлемін табу.
Жұмыс барысы: Өз бетімен пульс жиілігін анықтау, артериалдық қысым (ең жоғары, ең төменгі, пульстік қысым) көлемін өлшеу,алынған деректерді формулаға қою.
Рид формуласы = 0,75 х (пульс жиілігі+пульстік қысым х 0,74) -72.
Нәтижесі: алынған мәліметтерді жазыңыз.
Қорытынды: Алынған мәліметтерді түсіндіру. Нәтижені қалыпты мәндермен салыстырыңыз (ауытқу ± 10% аспайды) . Аутқулар 10%-дан асып кетсе ол патологияға нұсқайды.
.
Жұмыс 3. Тікелей калориметрия әдісімен танысу.
Жұмыстың мақсаты: Этуотера – Бенедиктің калориметриялық камерасының құрылғысының жұмыс жасау қағидасымен танысу.
Жұмыс барысы:Этуотер-Бенедикт калориметриялық камерасының құрылғысы мен танысу (кесте бойынша).
Жұмыс нәтижесі және оны өңдеу:Камераның жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз, бұл әдістің артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз.
Жұмыс 4. Жанама калориметрия әдісі арқылы энергия шығынын есептеу және анықтау қағидаларымен танысу.