2. Менеджмент(ағылшын сөзі «мanage» – басқару, меңгеру, ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді) ұйымда немесе кәсіпорындажұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде мәдениет үрдістерін басқару қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. «Менеджмент» ұғымының мәні мен мазмұны «басқару» түсінігімен мәндес. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салған белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 –1915) болып табылады.
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» дегенді білдіреді. Алайда, сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның о бастағы шығу тегі гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласына қатысты қолданылған, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл ұғым адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Қазіргі күнгі ғылыми әдебиеттерде «менеджмент» ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл ұғымға берілген анағұрлым дәл анықтаманы «Основы менеджмента» кітабынан кездестіруге болады. Бұл кітапта менеджмент ұғымына мынадай анықтама беріледі: «Менеджмент бұл еңбекті, ақыл-ойды, өзге адамдардың мінез-құлық түрткілерін пайдалана отырып, алға қойылған мақсатқа қол жеткізе білу. Менеджмент – түрлі ұйымдарда адамдарды басқару бойынша іс-әрекет түрі, қызмет. Менеджмент – бұл, сондай-ақ, осы қызметті жүзеге асыруға көмектесетін адам білімінің саласы. Ақыр соңында, менеджмент – бұл басқару бойынша жұмысты жүзеге асыратын қандай да бір адамдар тобы». Бұл анықтамадан байқағанымыз, менеджменттің өмір сүруіне себепші болатын негіз ұйымдастыру болып табылады.
«Организейшен» деген француз сөзінің бірнеше тектес мағыналары бар.
Менеджмент /ұйымдастыру/ –бұл мақсат, міндет қоюға, шешім қабылдауға, мамандарды іріктеу және орналастыруға, материалдық ресурстармен қамтамасыз етуге, оларды бөлуге, орындалуын бақылауды жүзеге асыруға бағдарлайтын мақсатқа бағытталған практикалық іс-әрекет.
Ұйымдастыру ретінде мәдениет мекемелері, бұл:
тұтастың біршама автономды және дифференцияланған бөліктерінің ішкі тәртіпке келтірілуі, келісілуі, өзара әрекеттестігі;
тұтастың бөліктері арасындағы өзара байланыстың орнауына және жетілдірілуіне апаратын үрдістер немесе әрекеттер жиынтығы;
бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыратын, мақсатқа қол жеткізетін және нақты ережелер мен процедуралар негізінде әрекет ететін адамдардың бірлестігі. Бұл өзара әрекеттесетін бөліктердің тәртібінің қызмет етуіне жататын биологиялық, әлеуметтік және кейбір техникалық бірлестіктерге қатысты.