Сұрақтар мен тапсырмалар: Экономикалық әдістерге сипаттама беріңіз.
Әкімшілік-өкім беру әдістеріне сипаттама беріңіз.
Еңбекті ынталандыру дегеніміз не ?
Басқарудың психологиялық әдістерінің мәні неде?
Макиавелли қағидасының мәні неде?
Карнеги қағидасының мәні неде?
3 тақырып. Мәдени - тынығу мекемелерін басқарудағы ақпараттық қызмет Лекция 5
1.Басқарудағы ақпараттың мәні мен маңызы.
2.Басқарудың субъектісі және объектісі арасындағы ақпарат айналымы.
Лекция 6
3. Мәдени - тынығу мекемелерін басқаруда пайдаланылатын ақпарат көздері.
4. Мәдени - тынығу мекемелерін басқару жүйесінде ақпараттарды алу, сақтау, өңдеу және қолданудың негізгі шарттары.
1.Басқаруды ұйымдастыруға жүйелі түрде қарау оның ақпараттық жағын бөліп алып, оны дұрыс бағалауды талап етеді.
Басқарудың барлық үрдісі ақпаратты қабылдау, өзгерту және жеткізу үрдісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл үрдістің құраушыларының бір шешім қабылдау актісі болып табылады.
Шешім қабылдау басқарушы ақпаратты тудырады, ал мұның өзі жоспарлар, тапсырмалар, нормативтер, бұйрықтар беру түрінде орындаушыларға жеткізіледі де, олар үшін белгілі бір мақсаттарға бағытталған әрі үйлестірілген әрекеттерге бастайтын күш ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге, шешім қабылдау үрдістері де ақпаратқа сүйенеді, ал олардың негізделу дәрежесі, сайып келгенде, сол ақпараттың толық, анық болуына және дер кезінде келіп түсуіне байланысты болады.
Басқару жүйесінде барлық органдар мен қызметкерлер біртұтас байланыстық тармақтарды құрайтын ақпарат ағындары арқылы өзара байланысты. Бұл тармақта бір органдағы хабарлардың шығу көзі басқалары үшін ақпараттық қабылдау көзіне айналады.
Ақпарат ағындары мазмұны, уақыт тәртібі бойынша сипатталады. Сондықтан да басқаруды ұйымдастыру осы сипаттамалармен тығыз байланысты. Осы тәуелділіктерді анықтау арқылы оларды есепке ала отырып, басқару құрылымын жасау және оның қызметтерін бөлу, ақпарат ағындарын ұйымдастыру –ақпараттық тұрғыдан басқару жүйесін зерттеудің мақсаты болып табылады.
Демек, ақпарат алмасу рәсімінсіз басқару мүмкін емес. Ақпараттың екі түрі болады: басқару ақпараты және қайтымды байланыс ақпараты. Нақ осы ақпарат ағыны ұйымдастыру құрылымына енетін түрлі субъектілерді байланыстырады, сөйтіп оған аяқталған түр береді. Сонымен бірге, иерархияның жоғарғы деңгейінен төменгі деңгейіне қарай жүретін ақпарат ағындары басқарушы ықпалдар немесе басқарушы ақпарат болып табылады. Оларға қарсы жүретін ақпараттар иерархияның жоғарғы сатысын қайтымды байланыс ақпаратымен қамтамасыз етеді. Ал, иерархияда бір деңгейде тұрған субъектілерді біріктіретін ағындар ақпараттық-функционалдық ағындар болып табылады.
2.Ақпараттар ағыны бұл ең алдымен, басқарушы жүйеге нақты қатысушылардың арасында жүретін қағаздар, телефон қоңыраулары, бетпе-бет кездесу кезіндегі келіссөздер.
Мәдени - тынығу мекемелерін басқару өзара тығыз байланысты түрлі басқару әрекеттерінің кешенін құрайды. Олардың әрқайсысы басқарудың тиісті міндеттерін шешумен байланысты және арнайы еңбек операцияларының жиынтығымен анықталады. Басқару әрекетінің түрлерін қызметтік міндеттеріне қарай мәдени – тынығу мекемелері жекелеген қызметкерлері немесе ұжымның барлық мүшелері атқаруы мүмкін.
Басқару мазмұны көбіне шешім қабылдау және оның одан әрі орындалуын бақылаумен байланысты. Басқару жоспарлаумен, қабылданған жоспарлардың орындалу сипаты мен дәрежесін есепке алумен байланысты. Шешім қабылдауды жүзеге асыру және жоспарлауды бақылау мен есепке алу қажетті ақпараттық қамтамасыз етусіз және тиісті құжатты дайындаусыз мүмкін емес.
Әдетте ақпаратты хабарлама, мәліметтер, деректер ретінде сипаттайды.
Басқару үрдісінде қолданылатын ақпараттардың екі типін бөліп көрсетуге болады: а) фундаментальды ақпарат. Бұл ақпараттың негізгі көздері: білім беру, қарым - қатынас, тәжірибе және т.б. б) оперативті ақпарат, негізгі көзі басқару жүйесінің соған қатысты функционалды бөлімінің әрекеті. Шешім қабылдау үшін пайдаланылған оперативті ақпарат фундаментальды ақпаратқа айналады.