Макиавелли қағидасы Никколо Макиавелли (1469-1527 жж.) басқарудың әкімшілік жүйесіне сәйкес психологиялық әдіске сипаттама беруге тырысқандардың бірі болып табылады. Егер, Макиавеллиге бұл жүйені жүзеге асыру формасы өзіне таныс болған тек монархия дейтін болсақ, онда әрине, Макиавелли қарым-қатынастар психологиясын өзі өмір сүрген ортаға тән ұғымдардың осы жүйесінде сипаттауы заңды. Содан бері 500 жылдан астам уақыт өткеніне және жүйенің сыртқы формасы өзгергеніне қарамастан, оның мәні өзгерген жоқ, иерархиялық пирамида қағидасы бойынша өмір сүріп жатқан адамдардың психологиялық мақсаттары да өзгерген жоқ. Сондықтан, бұдан әрі Н.Макиавеллидің бес жүзжылдан астам бұрын жазылған авторлық мәтінінен үзінділер келтірілетін болады. Мәтін Мәскеу қаласында 1910 жылы жарияланған «Тақсыр» кітабы бойынша беріледі. Мәтінде келтірілгендерден онда айтылғандардың барлығы бүгінгі күні де қолданылуы мүмкін екенін көруге болады. Тек «билеуші» сөзін «басшы», ал «қол астындағылар» сөзін «бағыныштылар» сөзімен алмастырсақ болғаны. «Мемлекет» сөзінің орнына «облыс», «компания», «фирма» немесе үлкен әлеуметтік-экономикалық құрылымды жалпылама сипаттайтын өзге ұғымды қоюға болады.
Макиавеллиді негізгі ойы: «Адамдарды не мейріммен өзіңе қаратуға болады, немесе егер олар жеңіл-желпі наразылықтар үшін кек сақтайтын болса, онда олардан мүлде құтылу керек, әйтпесе ауыр наразылықтар үшін олар мұны істеу мүмкіндігінен айрылады, демек адамға көрсетілген жәбір ол үшін кек қайтарылады деп қорықпайтындай болуы керек.
Халықтың қолдауымен билікке жеткен адам онымен достық қатынасты орнатуы тиіс; бұл оған қиынға соқпайды, өйткені халық тек қысым көрмеуді қалайды. Бірақ, халықтың қалауынсыз, ақсүйектердің қалауымен билікке қол жеткізгендер ең алдымен халықтың назарын өзіне бұруға тырысуы тиіс, ал бұған қол жеткізу оңай, яғни халықты өз қамқорлығына алса болғаны. Сонымен, өздері жамандық күткен адамнан жақсылық көрген адамынабарынша беріледі, ал халық өз билеушісіна барынша адал болады. Билеуші халықты өз жағына түрлі тәсілдер арқылы тарта алады. Билеуші халықтың достығына ие болуы тиіс, олай болмағанда басына ауыр күн туғанда оның жағдайы нашарлайды.
Ақылды билеуші мемлекеттің азаматтарының қандай жағдай болғанда да өзіне зәру болуын және оған үнемі адал болуын ойластыруы тиіс.
Билеуші елді екі түрлі тәсілмен басқарады. Бірі — қабылдаған заң жолымен, екіншісі- күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі айуанға тән. Елде тәртіп орнатайын десе, билік иесі осы екі тәсілді де тең ұстағаны абзал, түсінігі молдарға заңды құрметтеуді үйрет, көнбегендерге амал жоқ, күш қолдан.