Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Шешім қабылдау дегеніміз не?
2. Басқару үрдісінде шешім қабылдаудың алатын орны қандай?
3. Басқару шешімдері қандай белгілері бойынша жіктеледі?
4. Басқару шешімдерінің қандай түрлері бар?
5. Мәдениет мекемелерінде шешім қабылдаудың негізгі технологиялық құраушыларын атаңыз
6. Мәдениет мекемелерінде басқару шешімдерін қабылдау кезеңдері мен шарттарын сипаттаңыз
7. Басқару шешімінің сапасына әсер ететін факторларды атаңыз
5 тақырып. Мәдени - тынығу мекемелерінде іс - жүргізуді ұйымдастыру Лекция 9
1.Құжат және құжаттар түсінігі.
2.Белгілері (негіздері) бойынша құжаттар жіктелуі. Ұйымдастыру құжаттары
Лекция 10
1.Анықтама-ақпараттық құжаттар
2.Мәдени – тынығу мекемелері құжаттардың өту тәртібі. Құжаттарды даярлаудың жалпы ережесі.
3. Мәдени - тынығу мекемелері іс жүргізу қызметі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері.
Кез - келген нысанды басқару оның құрылымы, онда өтіп жатқан үрдістер, оның өзге нысандармен қатынасы туралы ақпараттар көлемінің болуын болжайды. Ақпаратпен қамтамасыз етілу белгілі бір дәрежеде басқарудағы субъективизмнен сақтайды. Қажетті ақпараттың болуы - бұл дұрыс бағалау мен қорытынды жасаудың, ғылыми негізделген шешім қабылдаудың негізі.
Клуб мекемелерінде қажетті ақпарат түрлі жолдармен беріледі: жеке кездесулерде, жиналыстарда, мәжілістерде, телефон арқылы т.б. Дегенмен, басқару үрдісінде ақпарат тасымалдаудың басты құралы құжат болып қала береді.
Мәдени-тынығу мекемелерінде іс жүргізуді ұйымдастырудың мақсатықазіргі өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру болып есептеледі. Ол үшін тұрмыс пен тіршілікте тілдік қатысымдағы ресми қарым-қатынастың өзіндік стильдік ерекшелігі, ресми құжат мәтіндердің тілдік құралдарын, оның құрылымын таныстырып, жазу үшін үлгі жаттығулар беріледі.
Мәдени-тынығу мекемелерінде іс қағаздарын жүргізудің басты мақсаты ─ мәдени-тыңығу мекемелерінің үзіліссіз және жемісті еңбек етуін қамтамасыз ету.
Мәдени-тынығу мекемелерінде іс жүргізуді ұйымдастырудың міндеті: ол-құжат, құжатталу жүйесін, ұжымның құжатталу технологияларымен қамтамассыздандыру қағидаларын, құжаттармен жүргізілетін жұмыстардың дәстүрлі әдістерін, сонымен қатар техника құралдарының көмегімен құжаттарды дайындау, өңдеу т.б жұмыс түрлерінің жаңа технологияларын оқыту; іс қағаздарын жүргізудің саясаттану, мәдениеттану, мұрағат ісі, тіл білімі сияқты ғылым салаларымен байланысын түсіндіру.
Мәдени-тынығу мекемелерінде іс жүргізуде іс-қағаздар үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздардың саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздары- мәдени-тынығу мекемелерінде іс жүргізуді басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Мәдени-тынығу мекемелерінің қызмет ету барысында шығарылған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Іс қағаздарын жүргізу-басқару үрдісінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады,мекемелер арасындағы ақпарат алмасу, хат, жедел хат, телефон хат сияқты құжаттар арқылы іске асады.
Мәдени-тынығу мекемелерінде іс жүргізуді ұйымдастыруда іс қағаздардың әрқайсында нормалар мен белгілер әр түрлі болады. Сондықтан іс қағаздары сол белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына қарай жұмсалады.
4.Мәдени-тынығу мекемелерінің барлық құжаттары қаржы-шаруашылық, есепке алу-есептік және жоспарлы болып бөлінеді.
Қаржы-шаруашылық құжаттар. Бұл арнайы қаражат бойынша бюджеттік және кіріс-шығыс сметалары (көшірмелер) және мәдениет мекемесініңөзге де қаржы құжаттары.
Мәдениет мекемесінің мүліктерінің инвентарьлық кітабы және әдістемелік әдебиеттердің инвентарьлық кітабы. Билеттік шаруашылық: кино билеттері, көркемөнер ұжымдарының концерттері мен спектакльдеріне билеттер, билеттерді тіркеу кітабы, оларды тарату бойынша рапорттар; мәдениет мекемесінің мүлкінжәне іс қағаздарын өткізу-қабылдау актілері; инвентерь жүргізу актілері арнайы папкада хронологиялық бірізділікпен сақталады.
Есепке алу-есеп құжаттары келесілер: Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналы; мәдениет мекемесі Кеңесінің мәжілісінің хаттамаларын жүргізу журналы; мәдениет мекемесінің жұмысын есепке алу журналы; үйірме, қызығушылықтары бойынша әуесқой ұжымдардың жұмысын есепке алу журналы (үйірме, ұжым жетекшілері жүргізеді); статистикалық, ақпараттық, мәтіндік есептердің және мәдениет мекемесінің тұрғындар алдында берген есебінің хаттамаларының көшірмелері.
Жоспарлы құжаттар: Жұмыс жоспарлары (жоспарлардың барлық түрлері), бағдарламалар және үйірмелер мен көркемөнер ұжымдарының репертуарлық жоспарлары, мәдени-тынығу бағдарламаларының сценарийлері; мәдениет мекемесіне келушілермен жүргізілген сауалнамалар; мәдени-тынығу шаралары және тұтастай мәдениет мекемесінің жұмысы жайлы пікірлер журналы.
Құжаттарды жүргізуге салмақты қарау арқылы мәдениет мекемесінің қызметін ғылыми негізді ұйымдастыруға болады, мәдениет мекемесінің жетістіктері мен кемшіліктеріне жан-жақты талдау жасау үшін жақсы жағдайлар жасалады. Сондай-ақ, жоғарыда аталған барлық құжаттардың мазмұны жоғары тұрған органдарға осы мекеменің жұмыс тәжірибесін зерттеуге және қорытынды жасауға көмектеседі.
5. Мәдени-тынығу мекемелерінің құжаттарын дайындағанда бірнеше талаптар мен ережелерді қатаң сақтау қажет. Олар құжаттың заңдылық күшін қамтамасыз етеді. Бұл ережелер мен талаптар төмендегілер:
1. Әрбір құжаттың Мемлекеттік стандартқа сәйкес белгілі бір реквизиттері болуы тиіс. Қандай да бір құжаттың бланкісін дайындағанда сол құжаттың өзіне ғана тән реквизиті басылады.
2. Құжаттың бланкісі мына параметрлерге сай болуы тиіс: сол жағы – 35 мм, оң жағы – 8 мм кем болмау керек, жоғарғы жағы -20 мм, төменгі жағы: А4 форматы үшін -20 мм кем емес, А5 форматы үшін – 16 мм кем емес. Құжатты басқан кезде келесі бетінде сол жақ жиегінің өлшемі 8 мм кем болмуы тиіс, оң жағы - 35 мм кем болмайды. Жоғарғы және төменгі шеттерінің өлшемдері өзгермейді.
3. А4 форматындағы кез -келген мәтінге оны құрастырушының міндетіне тәуелсіз тақырыбы берілуі тиіс. Онда құжаттың қысқаша және нақты мазмұны көрсетіледі. Тақырып «Не туралы?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. Мысалы, «Дайындық туралы», «Тағайындау туралы» және т.б. Үлкен көлемді немесе бірнеше мәселелерді қамтитын құжатта тақырыппен қатар тақырыпшалар беруге болады. Оларды сол жақ шетіне, мәтінді үзбей жазады.
4. Хаттан басқа барлық құжаттарда құжаттың түрі немесе аты көрсетіледі. Құжаттың аты мазмұнының берілуі мен мәтіннің құрылуына негізделеді, құжаттың міндетін анықтауға мүмкіндік береді. Құжат түрінің аталуы сол жақ жоғарғы бұрышында мәтіннің алдында орналасады.
5. Мәдени – тынығу мекемесінің түрлі мәселелері бойынша ақпараттық сипаты бар ұйымдастыру құжаттары бөлімдерге (бөлім, бөлімшелер) және абзацтарға бөлінеді. Бөлімдер нөмірі 1 саннан тұрады: 1;3;7;15 және т.б., пункттер номері - тиісті бөлімнің нөмірінен және пункт номерінен тұрады: 1.1; 1.2; 2.1; 3.5; 15.2; 16.4 және т.б.. Одан шағын бөлшектерге бөлінетін болса нөмірлеудің осы принципі сақталады. Мысалы, 1 пункт бөлімі 3 бөлімге кіретін болса, онда оның нөмірі 2.3.1 болады.
6. Әрбір құжаттың дайындалу мерзімі көрсетіледі. Құжаттың мерзімі оған қол қойылған, бекітілген уақыт немесе құжатта көрсетілген оқиғаның уақыты болады, мысалы: бұйрық пен хаттың мерзімі оған қол қойылған уақыт болса, хаттаманың, актінің мерзімі оқиға болған мерзім, жоспардың, есептің және өзге де бекітуді қажет ететін құжаттардың мерзімі - олардың бекітілген күні болады.
7. Кейбір құжаттарды дайындау кезіндегі маңызды мәселелердің бірі оларды келісу болып табылады. Келісімдер ішкі (мекеме ішіндегі бөлімшелер мен олардың жауапты тұлғаларымен келісу) және сыртқы ( өзге мәдени – тынығу мекемелерімен және олардың жауапты тұлғаларымен келісу) болып бөлінеді.
Ішкі келісім формасы оны визалау болып табылады. Виза осы визаны қоюшы тұлғаның жеке қолы мен келісу мерзімін қамтиды. Виза құжаттың алғашқы данасында қойылады. Хаттар мен өзге де шығыс құжаттарында виза осы мекемеде қалатын данасында қойылады.
Сыртқы келісім төмендегіше дайындалады: келісу грифі, келісу анықтамасы немесе құжаттың коллегиялық орган мәжілісінде талқыланғаны жөніндегі хаттаманы ұсыну арқылы.
Жақсы жолға қойылған іс жүргізу үлкен пайда әкеледі. Кез-келген құжат мәдениет мекемесінің күнделікті жұмысында қажет болады.