Шешімді жүзеге асырғанда нақты бірнеше сұрақтарға жауап беру қажет: «Бұл шешім жайлы кім білуі тиіс? Қандай әрекет ету керек? Бұл әрекетті кім жасауы тиіс? Бұл әрекет қандай болуы керек?»
Мәдениет мекемелерін басқару шешімдерін дер кезінде қабылдау – кез-келген менеджердің қызметіндегі маңызды сәт. Мұнда әмбебап тәсіл жоқ деуге болады, бірақ қорытынды ретінде бірнеше кеңес бере аламыз:
шешім қабылдаудан бұрын осы мәселеге қатысты барлық ақпаратты алыңыз. Шешімсіз үшін белгісіз болып қалса, шешім қабылдамаңыз;
егер сіздің артық уақытыңыз болса, шешімді бірден қабылдамаңыз, істің барлық материалын жан-жақты зерттеңіз, шешімнің басыңызда әбден пісуіне мүмкіндік беріңіз;
шешім қабылдай отырып, қисынды ойлауға тырысыңыз. Эмоционалдық және әділетсіз пайымдау жасауыңызға жол бермеңіз. Мәселеге сырттан, объективті қарауға тырысыңыз;
шешімнің барлық мүмкін нұсқаларын қарастырыңыз және оларды бір-бірінен ерекшелемей, әрқайсысына оң қараңыз;
барлығы риза болатын шешім қабылдауға тырыспаңыз – бұл мүмкін емес. Егер объективті дұрыс шешім қабылдасаңыз, сіздің қарсыластарыңыз оны мойындайды;
өз қызметкерлеріңізді шешім қабылдаудан алшақтатпаңыз, олардың пікірлерін тыңдаңыз;
ақылмен тәуекел жасай біліңіз, бірақ абай болыңыз. Жетістікке жеткенде барынша үлкен пайда әкелетін және сәтсіздікке ұшырағанда көп шығын әкелмейтін шешім нұсқасын таңдаңыз;
өзіңіздің қателескеніңізге салмақты қараңыз. Өзіңіздің талабыңыздың деңгейін түсірмеңіз. Өзіңізді әрқашан сенімді ұстаңыз.