6 тақырып. Мәдени - тынығу мекемелері жұмысын жоспарлау. Лекция 11
Жоспарлау ─ әлеуметтік басқарудың функциясы мен әдісі ретінде.
2.Мәдени - тынығу мекемелері жоспарларының түрлері.
Лекция 12
1.Мәдени –тынығу мекемелері жұмысын жоспарлауды ұйымдастыру.
3.Жоспарлау кезеңдері.
Мәдениет мекемесінің жұмыс жоспары – бұл стратегиялық және тактикалық міндеттер баяндалған әдістемелік құжат. Сондықтан жоспарсыз ешбір мәдениет мекемесі тиімді жұмыс жүргізе алмайды.
Мәдениет мекемесінің жоспары деп объективті жағдайларды (білікті мамандардың, активтердің, материалдық мүмкіндіктердің болуы) және барлық мүмкін болатын резервтерді (кәсіподақтардың, өзге ұйымдар мен мекемелердің материалдық қаржыларын тарту) есепке ала отырып, нақты бір кезеңде халық шығармашылығын, тұрғындардың мәдени тынығуын дамытуға бағытталған түрлі бағдарламаларды өткізу мазмұны, көлемі, мерзімі мен тәртібі көрсетілген құжат аталады.
Жоспарға сонымен бірге, мәденит мекемесінің жұмысын ұйымдастыру және материалдық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар, яғни қаржылық, шаруашылық, оқу-есеп беру және өзге де іс-әрекет түрлері кіреді.
Мәдениет мекемелерінде дайындалған жоспарлар бүгінгі күнгі талаптарға сәйкес келуі үшін келесідей шарттарды сақтау керек:
- қажетті құралдарды, формалар мен әдістерді пайдалана отырып, өз ауданының, ауылының, кәсіпорнының әлеуметтік-мәдени міндеттерін шешуге белсене қатысу; өмірде болып жатқан оқиғаларға шұғыл жауап қайтару және оларды өз жоспарында нақты жұмыс түрінде қарастыру;
- жұмыс жоспарына алда тұрған мерекелерге, айтулы күндерге, кезекті саяси кампанияларға арналған мәдени-тынығу шараларын қосу;
- жұмыс мазмұнының, құралдары мен формаларының, әдістерінің мүмкін болған барлық түрлерін, аудандағы, қала мен облыстағы мәдениет мекемелерінің озат тәжірибелерін пайдалану;
- тұрғындардың қызығушылықтарын, сұраныстарын, ұсыныстарын есепке алу, тұрғындардың жас, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларға қызмет көрсетуге дифференциялық тұрғыдан келу;
- жоспарды дайындауға және іске асыруға активтерді, әсіресе, жастарды қатыстыру;
- мәдениет мекемесінің шынайы мүмкіндігін есепке алу, жұмысты жақсарту резервтерін іздеу, түрлі мекемелерді тарту;
- жоспарды құру тәртібі мен мерзімін, жоспардың әрбір түрінің ерекшеліктері мен құрылымын білу.
Мәдениет мекемесінің жоспарын жасағанда жоспарлау көзі деп аталатын түрлі материалдар мен мәліметтерді пайдалану қажет.
Жоспарлаудың барлық көздері мақсаты мен мазмұнына қарай келесідей топтарға бөлінеді:
Мәдениеттің жоғарғы органдарының ведомостволық ақпараттары.
Мәдениет мекемелері қызмет көрсететін еңбек ұжымдары туралыөндірістік ақпарат.
Мәдениет мекемесі әрекет ететін аймақ тұрғындары жайлы ақпарат.
Мәдениет мекемесі жұмысының жағдайы туралы аналитикалық ақпарат.
Анықтамалық ақпарат - мазмұны бойынша әр алуан күнтізбелерде, анықтамалықтарда және анықтама-ақпараттық сипаттағы өзге де ақпарат көздеріндегі материалдар.
Тұрғындармен сауалнама, сұрақ жүргізу нәтижесінде алынған ақпарат, сондай-ақ ғылыми конференция материалдарын, мәдениет мекемесінің тұрғындар алдындағы есебін талдау нәтижелері.
2.Мәдениет мекемелерінің жұмыс тәжірибесінде жоспарлардың түрлері көп. Бұл кешенді келелі, жылдық жоспар, саяси кампаниялардың жоспары, тоқсандық, айлық, шұғыл (онкүндікке, бір аптаға арналған), жұмысшы (ауқымды бір іс-шара жоспары) жоспарлар. Одан кейін клуб (мәдениет және демалыс саябағы) Кеңесінің, көркемдік кеңестің, қызығушылықтары бойынша клубтардың және басқалардың жұмыс жоспары.
Мәдениет мекемесінің жұмыс жоспарларының түрлері, оларды дайындау, қарастыру және бекіту тәртібі. Жоспардың әрекет ету мерзіміне байланысты жоспарлаудың негізгі екі әдісі бар: келелі және ағымдық жоспарлау.
Келелі жоспарлау дегенде мәдениет мекемесі жұмысының негізгі бағыттарын анықтайтын жоспарды ұзақ мерзімге (1 жыл және одан ұзақ) жасау түсініледі.
Ағымдық жоспарлаудың мақсаты жоспарды анағұрлым қысқа мерзімге жасау болып табылады, осы қысқа мерзімде нақты іс-шараларды жоспарлау және оларды өткізуді ұйымдастыру көзделеді. Сондықтан, ағымдық жоспарға тоқсандық, айлық, шұғыл (онкүндік, апта), жұмысшы (бір бағдарламаға) жоспарлар жатады. Келелі жоспарларда көптеген бағдарламалар үшін мұндай нақтылық ең алдымен, мәдениет мекемесі қатысатын жұмыс иілімді, шұғыл, нақты, адамдардың қызығушылықтарын бейнелейтіндей болуы тиіс болғандықтан қажет.
Келелі жоспарларға мәдениет мекемесінің жылдық жұмыс жоспары жатады.
Ағымдық жоспарлар: мәдениет мекемесінің тоқсандық жұмыс жоспары; айлық (күнтізбелік) жұмыс жоспары; мәдениет мекемесінің саяси кампания кезіндегі жұмыс жоспары.
3.Компания кезіне жұмыс жоспарының әрекет ету мерзімі әр түрлі: саяси кампаниялар, атаулы күндерге, мерекелерге, маңызды оқиғаларға арналған іс-шаралар бірнеше айдан бір жылға дейін немесе одан ұзақ мерзімге созылуы мүмкін, бірақ саяси кампаниялар кезіндегі жоспарлар ағымдық жоспарға жатады, себебі, онда қарастырылған бағдарламалардың нақты тақырыптары, анық мерзімі мен өткізілу мерзімі, орындаушылар көрсетілген.
Мәдениет мекемелерінде әдетте, жоспарлардың өзге де түрлері болуы керек және бар: мәдениет мекемесі Кеңесінің жұмыс жоспары; ұжымдар, үйірмелер және қызығушылықтары бойынша бірлестіктердің репертуарлық жоспарлары; мәдениет мекемесі басшысының кезекті аптаға, тіпті кезекті күнге арналған жұмысшы жоспарлары; мәдени-тынығу шараларын дайындау және өткізу жоспарлары.
Мәдениет мекемесі жұмысының жоспарының әрбір түрінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мәдениет мекемелерінің жылдық жұмыс жоспарында мәдениет мекемесі жұмысының негізгі бағыттары, жұмыс көлемі, жаңа ұжымдар мен қызығушылықтары бойынша бірлестіктер құру, ғимаратты жөндеу, спорттық және би алаңдарының құрылысы, түрлі шаруашылық-ұйымдастыру шаралары анықталады.
Жылдық жоспардың құрылымы және мазмұны. Жоспардың құрылымы дегенде мазмұнның және мәдениет мекемелерінің іс-әрекеті түрлерінің белгілі бір бірізділікпен (бөлімдер бойынша) орналасуы түсініледі. Жылдық жоспардың бөлімдері мәдениет мекемесінің бүкіл іс-әрекетін қамтиды.
Жоспарды дайындағанда мекеменің аталуы және жоспар құрылған жыл көрсетіледі. Мысалы, «ОҚО, Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылдық мәдениет үйінің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары». Одан әрі кіріспе орналасады, онда мәдениет мекемесінің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.
Кіріспе бөлімнен кейін («Мақсаты мен міндеттері») жоспар белгілі бір форма бойынша жасалады және келесідей бөлімдерді қамтиды: ақпараттық-ағартушылық қызмет; көркемдік- публицистикалық; мәдени-сауықтық; мәдениет мекемесін басқару қызметі және бөлімдері: басқару, жоспарлау, клубтағы есеп беру; қаржы және шаруашылық қызметі; көпшілік-сауықтық шараларды ұйымдастыру; әдістемелік жұмыс.