9 тақырып. Маркетингтің мәні және маркетинг ортасы Лекция 17
1.Маркетинг түсінігі. Маркетингтің мәні және маркетинг ортасы.
2. Маркетингтің қызметтері және олардың мазмұны.
3.Маман - маркетологқа қойылатын талаптар.
Лекция 18
1.Мәдени - тынығу мекемелеріндегі маркетингтің негізгі міндеттері.
2.Мәдени қызметке сұраныс және маркетинг түрлері (конверсиондық, ынталандырушы, дамытушы, қолдаушы, т.б.).
1.Маркетинг ұғымы ғылыми айналымға, одан кейін күнделікті сөзімізге өткен ғасырдың басында енді және бастапқыда нарық жұмысын сипаттады. Бұл құбылыс пен оған қатысты ұғымның отаны АҚШ болып табылады. Бастапқыда маркетинг дегенде түрлі тауарлармен сауданы ұйымдастырумен байланысты іс-әрекет түсінілді. Ол сонымен бірге, тұтынушы- лардың сұранысын, сатылатын тауарларды жарнамалауды, тұтынушыларға сатылымнан кейін қызмет көрсетуді (тауарларды дүкеннен үйге жеткізіп беру, орнату, күйге келтіру және т.б.) қамтыды. Мұның барлығы ақыр соңында тауарды өндіруші фирманың да, осы тауарды сатумен айналысатын ведомостволардың да беделінің артуына негіз болды, осылайша олардың әрқайсысының табыстарының артуына мүмкіндік туғызды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында маркетингтік қызмет Еуропа елдерінде де кеңінен тарала бастады, дегенмен маркетинг ұғымы енді нақтыланды, неғұрлым басқа мағына мен мәнге ие болды. Оны қандай да бір кәсіпорынды басқарудың жетекші қызметі ретінде қарастырады.
2.Маркетингтік қызмет қазіргі күнгі түсінікте өтім нарығын, өндірілген және таратылған тауарлардыжарнамалауды, баға құрылуын жан-жақты зерттеуді, тұтынушылар сұранысын зерттеу және қалыптастыруды қамтиды. Ауқымды және мақсатқа бағытты жүзеге асырылатын мұндай қызмет тәжірибеде өзіндік маркетинг кешені, яғни басқарудың күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйесі ретіне құрылады. Бұл жүйені түрлі бағытта қарастыруға болады: экономикалық, ұйымдастыру-құрылымдық, әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық, эстетикалық және т.б.
Американдық профессор Филип Котлердің «Управление маркетингом» атты кітабының орыс тіліндегі басылымының алғы сөзінде Г.Г.Абрамишвили дамыған капиталистік елдердегі маркетингтің мәнін, оның монополиялар мен ірі өндірістік фирмалардың шаруашылық-экономикалық және кәсіпкерлік қызметіндегі рөлі мен маңызын сенімді және түсінікті етіп ашып береді. «Капиталистік өнеркәсіп жағдайында, - деп жазды автор алғы сөзінде,- маркетинг ұлттық және әлемдік нарықта бәсекелестік күрес құралы ретінде пайдаланылады. Бұл үлкен бизнестің өзіндік «философиясы». Маркетингтің көмегімен тауар өндіру монополиясы нарық монополиясымен толықтырылады. Ең бастысы – шығарылатынөнімге назар аударту, әлеуетті сатып алушыларды жарнама жасалып отырған тауарды сатып алудың тиімді екеніне көзін жеткізу, ақыр соңында - өндірілген өнімді толық өткізу және мүмкіндігінше мол пайда табу. Осыдан келіп, маркетингтің мақсаты: біріншіден, өндірістің сұраныспен сәйкес болуын қамтамасыз ету, екіншіден, сатып алушыларда осы сұранысты мақсатты және мұқият қалыптастыру, сол арқылы тауар өндірушілердің соншалықты гүлденіп, өркендеп кетпесе де, ең болмағанда мұқтажсыз тіршілік етулерін қамтамасыз ету.
Өзінің мәні мен мазмұны бойынша полуфункционалдығы арқылы маркетингке көптеген анықтамалар беріледі. Оны кейде кәсіпкерлік іс-әрекет ретінде, іскерлік белсенділіктің өзара байланысты элементтерінің кешені ретінде, көзқарастар жүйесі ретінде де қарастырады. Маркетингті коммерциялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін үйлестіру қызметі ретінде, бизнес философиясы ретінде, тауарға меншік құқығын беру және алмасу үрдісі ретінде қарастырған анықтамалар де кездеседі. Маркетинг сұраныс пен ұсынысты теңестіру үрдісі ретінде де, алмасу арқылы адамдардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет түрі ретінде де қарастырылады.
3.Соңғы жылдары жарық көрген экономикалық әдебиеттерде маркетинг басқарудың нарықтық тұжырымдамасы ретінде, кәсіпорынның өндіріспен және тауарларды таратумен байланысты ұйымдастыру-техникалық және коммерциялық қызметтерінің кешені ретінде, яғни нарық-тауар қатынасы жүйесі ретінде бағаланады. Өзге де анықтамалар мен салыстырулар да белгілі.
Жоғарыда келтірілген салыстыруларды мұқият талдау барысында олардың мазмұнының бір және бір-біріне барабар екендігіне көз жеткізіледі.
АҚШ маркетинг институты формасы мен мазмұны бойынша маркетингке анағұрлым толық анықтама береді:
«Маркетинг – бұл бағалаумен және тұтынушылардың сатып алу қабілеттерін арнайы тауарға немесе қызметке тиімді сұранысына айналдырумен байланысты коммерциялық іс-әрекетті ұйымдастыратын және бағыттайтын басқару қызметі».
Қысқаша экономикалық сөздікте маркетингке «...капиталистік кәсіпорындардың өндіру және сату қызметтерін басқару жүйесі» деген анықтама беріледі.
Маркетингке берілген соңғы анықтамалардың бірін В.ЕХруцкой ұсынды:
«Маркетинг- бұл кәсіпорынның тауар мен қызметті өндіру және оларды өндірушіден тұтынушыға жеткізу үрдісіне ықпал ететін барлық факторларды анықтау бойынша сауда-сату іс-әрекетін зерттеу саласындағы іс-шаралар кешені».
4.Әлемнің көптеген мемлекеттеріндемаркетинг қызметі мәселелеріне салмақты көңіл бөлінеді: ұлттық маркетинг институттары, университеттер жанында осындай факультеттер мен кафедралар, көптеген менеджерлер мектептері құрылған, оларда маркетинг мәселелері жетекші пән деңгейінде оқытылады. Іс жүзінде ірілі-ұсақты фирмалардың құрылымында нарықты зерттеумен, өндірілген өнімді жарнамалау ісімен және сатумен айналысатын жоғары білікті және жақсы еңбекақы алатын мамандар жинақталған маркетинг бөлімдері жұмыс істейді. Мұнан басқа, барлық жерде сауда-өндірістік ассоциациялар, зерттеу орталықтары, маркетингке мамандандырылған өзге де көптеген ведомостволар мен қызметтер құрылған.
«Қазіргі күнгі маркетингтің тұжырымдамасы,-деп жазды Д.И.Конюхин,- компанияның барлық іс-әрекеті, соның ішінде оның өндіріс, ғылыми-техникалық зерттеу, ақша қаражатын, қаржысын және жұмысшы күшін жұмсау бағдарламасы, сондай-ақ сату, техникалық қызмет көрсету және т.б. бағдарламасын тұтынушылардың сұраныстарын, оның жақын болашақтағы өзгеруін білуге негізделу тиістігінде. Сондай-ақ, маркетингтің жаңа жүйесінің мақсаттарының бірі тұтынушылардың қанағаттандырылмаған сұраныстарын анықтауда және осы арқылы өндірісті оны қамтамасыз етуге бағдарлауда болып табылады».
Бұл ұғымды практикалық тұрғыда түсіндірер болсақ, маркетинг - басқару іс-әрекетінің бір түрі, басқарудың ішкі қызметтерінің бірі. Бұл іс-әрекеттің өз мақсаты мен міндеттері бар, ол көптеген субъектілер арқылы жүзеге асырылады және көптеген нысандарға бағытталған. Бұл іс-әрекеттің мазмұны өзара байланысты көптеген бағыттар арқылы көрініс алуы мүмкін. Сондай-ақ, маркетингтік қызметтің формалары мен әдістері де сан алуан. Басқару қызметінің өзге де түрлері сияқты, маркетингте де түрлі құралдар пайдаланылады, бұл құралдар алға қойған мақсаттарға тауар өндірушілер үшін де, оны тұтынушылар үшін де барынша тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.
5. Қазіргі күні өнеркәсіпті басқарудың жаңа тәсілдерін іздестіру жүргізілуде және маркетинг мұнда елеулі рөл атқарар еді.
Соның ішінде шаруашылықтың жалға беру, өзін-өзі қаржыландыру, аймақтық шаруашылық есеп, кооперация және т.б. әдістерін игерген кәсіпорындарда маркетингтің қағидаларын пайдалануға қызығушылықтар тууда. Себебі, кәсіпорындар өндірістік және тарату бөлімшелері арасында анағұрлым тиімді байланыстарды орнатуға, өнімнің нарыққа шығуының неғұрлым қысқа жолын таңдап, онда өз орнын нық табуды қамтамасыз етуге мәжбүр. Бірақ, мұнда бір ғана декларация аз. Сонымен қатар халық шаруашылығының түрлі салаларына қатысты маркетинг қызметінің ерекшеліктерін барынша негізді зерттеп, анықтау да аса маңызды. Мысалы, маркетинг қағидаларын мәдени-тынығу жұмысы саласында пайдалану да аса қызығушылық тудыруда. Біз бұдан әрі маркетинг теориясы мен технологиясына қатысты мәселелерді сөз ететін боламыз.