3. Мәдениет мекемелерінің өте көп желісінің негізі басқару еңбегі болады, ол үнемі ұйымдастыруды және жетілдіріп отыруды талап етеді.
Басқару еңбегі –мәдениет мекемелері қызметінің жалпы үрдісінің ұйымдасқан бөлігі. Басқару еңбегінің пәні ақпарат (ауызша, жазбаша, визуальды) болып табылады.Субъект – басшы, нысан – бағынышты. Сонымен бірге, олардың өзара және мәдениет мекемесіне келушілермен қатынасын ақпараттық қызметтің ерекше түрі ретінде қарастыру керек.
Басқару еңбегінің өнімі басқару шешімі болып табылады. Мәдениет мекемелеріндегі басқару еңбегі - бұл шешімдерді бағалау және жобалауды, экономикалық, педагогикалық, психологиялық және өнертанымдық сипаттағы мәдениетті қамтитын зияткерлік еңбек.
Негізгі мазмұны – адамдармен және құжаттармен жұмыс.
Басқару еңбегі - бұл құқықтық және нормативті актілермен байланысы жоқ адамдарға таралған іс-әрекет.
«Басқару» қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық ұғым. Бұл тіпті ұғым дегеннен гөрі, адам мәдениетінің қызметтерінің ажырамас бөлігі. Әр адам ұжымда өмір сүреді ме, әлде жалғыз өзі ме, оған қарамастан бір нәрсені немесе әлдебіреуді басқарады немесе басқару ықпалына түседі. Біреулер автомобиль басқарады, екіншілері – Жерден миллион километр қашықтықтағы космос кемесін, үшіншілері – мемлекетті, төртіншілері – симфониялық оркестрді, бесіншілері... Егер олардың әрбіріне «Немен айналысасыз?» деген сұрақ қояр болсаңыз, барлығы да «Басқарамын» деп жауап береді. Бұл жауаптан ортақ іспен немесе әр түрлі айналысып жатқанын көруге болады.
Басқару мәселесіне ежелгі дәуірден бастап көптеген философтар, математиктер, ақындар өз еңбектерін арнады. Басқарудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысқан жекелеген мамандардың еңбектерін ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойы оқып келеді, ал олардың есімдері бүкіл әлемге белгілі, олар: Макиавелли, Тейлор, Винер.
Шын мәнінде «басқару» бір нәрсеге немесе бір адамға билік етуден көрініс табады. Көптеген мамандардың айтуынша, билікке ұмтылу адам қоғамындағы бірден-бір қозғаушы күш болып табылады және ашық және жасырын түрде іске асады. Ашық түрде бұл билік үшін ашық түрде күрес /саяси күрес/ түрінде көрініс алады және кейде қантөгіске әкеледі. Билікке жасырын түрде ұмтылу оған қол жеткізудің өзге әдістерін қолдануға мәжбүр етеді: келісім, алдау, сатып алу, бопсалау және өзге де көптеген қылықтар. Міне, мүмкін осындай көптеген себептерден де болар, «басқару» адамның тіршілік әрекетінің практикалық қызметі ғана емес, сондай-ақ, басқару теориясын жасау, ғылыми мектептер құруға бағытталған ғылыми зерттеудің пәніне де айналды. Бүгінгі күні «басқару» жан-жақты зерттелген ғылыми пән ғана емес, сонымен бірге адамның тіршілік әрекетінің барлық жағын қамтыған білімдер мен іскерліктер саласы деуге болады. Адамның өзінің ғылыми білімдерін жүзеге асыру барысында көрсеткен іскерліктері «басқару өнері» деп аталады.
Басқарудың негізгі ұғымдары ретінде мыналарды атауға болады:«басқару нысаны», «басқару субъектісі», «басқару әдістері», «басқару мақсаты». Бұлардың барлығы бірігіп «басқару жүйесін» құрады. Демек, басқарылатын жүйе деп келесілердің толық жиынтығын атауға болады:
басқару нысандары;
осы нысандарды басқаратын субъектілер;
субъектілер қолданатын әдістер;
басқару үрдісін жүзеге асыру арқылы қол жеткізілетін басқару мақсаты.
Қазіргі күнгі мәдениеттің жетістіктеріне адамның өз өмірін реттеу үшін қолданатын барлық басқару жүйелерінің біршама ғылыми сипаттамаға ие болуын жатқызуға болады. Басқарудың «өндірісті басқару», «кәсіпорынды басқару», «мемлекетті басқару» сияқты салалары әлдеқашан өз алдына ғылыми-қолданбалы пәнге айналған және барлық елде мұқият зейін салу мен терең зерттеудің пәні болып табылады. Соның нәтижесінде өз алдына және өте күрделі ғылыми бағыттар: менеджмент пен кибернетика қалыптасты.
Қазіргі күні қоғамда басқару механизмінің екі типі қалыптасқан: стихиялық және саналы. Стихиялық механизмде жүйеге реттелген, басқарылатын ықпал түрлі күштердің соқтығысуының орташаландырылған нәтижесі болып табылады. Нарық осындай – ықпал етуді реттеу негізі.
Мәдениет мекемелерінің қызмет ету негіздерінің бірі нормативті құжаттармен анықталады, бұл құжаттарда бөлімшелер арасында құқықтар мен өкілеттіліктер қатаң бөлінген. Өзара қарым-қатынастардың мұндай құрылымы формальды деп аталады.
Мәдениет мекемелерін басқару жүйесі динамикалы, мұнда әрбір штаттағы қызметкер басқару қызметімен айналыса отырып, өзара қарым-қатынастар айналымында болады. Тұрғындардың арасында мәдениет мекемесін басқару жүйесіне дем беріп тұратын бастамалар туады. Тұрғындар ұсынған жаңалыққа үн қосу, мейлі ол жергілікті масштабтағы болсын, мәдениет мекемесін анағұрлым иілімді, динамикалы басқару қызметінің негізі бола алар еді.
Мәдениет мекемелерінде, әсіресе, көркемөнер ұжымдарында таным, практика және басқару субъектілері арасында ұжымдық байланыстар орнайды. Нақ осы мәдениет мекемелері басшылары мен мамандары әлеуметтік ортадағы танымдық және шығармашылық қызметті басқарудың ұжымдық субъектісі болып табылады.
Мәдениет мекемесін басқару қызметі басқарылатын нысанның тіршілік әрекетінің барлық жақтарын қамтиды, сөйтіп, екі негізгі міндетті шешеді: осы жүйеге нормативті талаптарға сай қолдау көрсету және ұжымның әрекет етуіне мақсатты ықпал ету.
Менеджмент мәдениет мекемесінің әрекет етуінің негізі ретінде ең алдымен, жеке тұлғаның өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру міндеттерімен, оның өз ойын білдіруімен байланысты. Сондықтан, іс-әрекет формасы мен тәсілі қара бастың қамы болып табылмайды, өзін-өзі іске асыру мақсатымен байланысты қалыптасады.
Сонымен, менеджмент бұл: 1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. Билік және басқару өнері; 3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. Басқару органы, бөлігі.