Карнегиқағидалары Дейл Карнеги қалың оқырманға ХХ ғасырдың 80-ші жылдары белгілі бола бастады. Карнегидің қағидалары Макиавеллидің қағидаларына мүлде қарама-қайшы және адамдар арасындағы қарым-қатынас адам психологиясының мүлде басқа ерекшеліктеріне негізделген, бұл ерекшелік «Адамдарға өзіңе олардың қандай қатынаста болғанын қалар едің,сондай қатынаста бол» деген қағидаға негізделген.
Карнеги адамдардың 95 пайызы өзінікі дұрыс болмаса да, өзіне сын айтқанды қаламайтынын басшылыққа алады.
Адам өзінікі дұрыс болмаса да, өзін емес өзгені кінәлауға дайын тұрады. Барлығы да сондай. Сондықтан, сіз келесі жолы біреуді сынамас бұрын, бұл сын пошта көгершіні іспетті: ол үнемі өзіңе қайта оралатынын есте сақтаңыз. Өзіңіз кінә артып тұрған адамыңыз, өзін қорғауға тырысатынын, сөйтіп сізді кінәлағысы келуі мүмкін екенін түсініңіз. Тіпті, қылмыскерлер де өздерін жаман адамбыз деп есептемейді. Олар өз іс-әрекеттеріне түсінік бере алады және сізге не үшін сейфті бұзғаны немесе не үшін шүріппені басуға мәжбүр болғаны жайлы әңгімелеп бере алады. Олардың көпшілігі өздерінің қоғамға жат қылықтарын ақтайтын дәлелдер келтіруге тырысады және өздерін мүлде түрмеге отырғызбау керектігі жайлы мәлімдейді. Өзіміз күнде бетпе-бет келетін адамдардан нені күтуге болады?
Егер адам өзінікінің дұрыстығына сенімді болмай, өзгені ғайбаттаумен және шалағай мінегіштікпен айналысатын болса, онда ол жауап ретінде зәбірлеуге ұшырауы мүмкін, ал бұл зәбірлеу бірнеше ондаған жылдар, тіпті өмір бойы оны мазалауы мүмкін.Адамдармен қарым-қатынас жасағанда олардың барлығы бірдей өз әрекетінде логикаға сүйене бермейтінін есте ұстаған жөн. Адамдарға жалған сенім тән; олардың көпшілігіне тәкаппарлық пен менменшілдік сезімі үстемдік етеді. Сын отты тұтататын, адамдарды қорлайтын және тіпті оның өлімін тездететін қауіпті «ұшқын» болып табылады. Оның үстіне адамдарды қорлағанан гөрі, оларды түсінуге тырысыңыз. Олар неге басқаша емес, дәл осылай істеді? Бұл сыннан гөрі пайдалырақ, бұл адамда өзге адамдарға мейірімділікпен, төзімділікпен қарай білу қабілеттілігін тәрбиелейді. Бұл өмірде біреуді бір нәрсе істетуге көндірудің жалғыз жолы бар. Бұл жалғыз жол – ол сол нәрсені істеуге деген құлшынысын ояту.
Жоғары бағалау мен жағымпаздықты шатастырмау керек. Біріншісі шынайы, екіншісі – жоқ. Біріншісі барлығының құрметіне ие болса, екіншісі барлығының жек көрушілігіне ие болмақ.
Мен қандай жағдайда да жағымпаздықты ұсынбаймын. Мен жаңа өмір салты жайлы айтамын. Жағымпаздықты ұмытыңыз. Өзіміздің шынайы ризашылығымызды білдіріп отырайық. Өзіңіздің қолдайтыныңызды шын жүрегіңізбен айтыңыз, мадақтауыңызды аямаңыз, сонда адамдар да сіздің сөздеріңізді есте сақтайтын болады және бұл сөздерді ұзақ жылдар бойы қайталап жүретін болады.
Есіңізде болсын: «Ең алдымен өзгенің бойындағы ынтаны оятыңыздар, кім осылай істей алса, әлем онымен бірге, кім істей алмаса – жалғыздықпен дос болмақ». Әрекет сезімнен туатын сияқты көрінеді, бірақ бұл екеуі өзара тығыз байланысты. Бұл әлемде барлығы бақыт іздеумен болады және оны іздеп табудың жалғыз жолы бар. Ол – өз ойыңызды бақылауда ұстау. Бақыт сыртқы жағдайларға байланысты емес. Ішкі жан-дүниеміздегі жағдайларға байланысты. Сіздің бақытыңыз немесе бақытсыздығыңыз сіздің немен айналысатыңызбен және қолыңызда не бар екенімен емес, сіздің сол факторларды қалай бағалайтыныңызбен анықталады.
Адамның мінез-құлқына қатысты тағы бір заң бар. Егер бұл заңды сақтамайтын болсаңыз, қиын жағдайда қалуыңыз мүмкін. Бұл заңды сақтаған адамның достары да көп және үнемі бақытты болады. Оны бұзған адам-сәтсіздікке ұшырайды. Бұл заң: «Өзге адамдардың ар-намысын құрметтеңіз».
Философтар адамдар арасындағы қарым-қатынас ережелері жайлы ұзақ уақыт толғанды, осы толғаныстардың нәтижесінде бір маңызды ереже пайда болды. Ол жаңалық емес. Ол тарихтың өзі сияқты көне. Заратустра 3000 мың жыл бұрын Парсы еліндегі отқа табынушыларды осы ережеге үйретті. Конфуций оны 24 ғасыр бұрын Қытайда насихаттады. Бұл мына ереже: «Өзгелердің өзіңізге не істегенін қаласаңыз, оларға соны істеңіз».
Әрбір адамның өзі дұрыс деп тапқаны бойынша шешім қабылдауға себебі бар. Осы жасырын себепті табыңыз, сонда сіз оның іс-әрекетінің себебін түсіндіре алатын кілтті табасыз.
Өзіңізді сол адамның орнына қоюға тырысыңыз. Егер өзіңізге: «Егер мен сол адамның орнында болсам, өзімді қалай сезінер едім және қандай әрекет етер едім» -дейтін болсаңыз ─ сіз көп уақыт үнемдейсіз және өз жүйкеңізді сақтайсыз.
Біз өзіміздің жасырын дене және ақыл-ой мүмкіндіктеріміздің тек аз ғана бөлігін пайдаланамыз. Адам өзі пайдаланбайтын көптеген сапаларға ие. Және оның міндеті - оларды пайдалануға үйрену.