Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Вальдорф мектебінің құқықтық статусы және діни тәрбиесі



бет24/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
3. Вальдорф мектебінің құқықтық статусы және діни тәрбиесі Германияның білім жүйесінде саяси мағынада бірнеше қарама – қайшы белгілер бар. Бір жағынан Үшінші Рейхтың бұл тәжірибесі: фашизмді жеңген соң мемлекет өз алдына заң шығар құралдарына қарсы тұрып, білім жүйесін ортақ басқарып, индотринация құралы мен саяси партияларды басқарушыларға саяси ықпал етуге болатын еді, нәтижесінде құрама субъектілерді деңгейіне бағынумен білім жүйесі жасалды. Осылайша, ГМҚ – ында мемлекеттік білім жүйесінен басқа жүйе бар, біз оны қоғамдық – еркін мектеп жүйесі деп атаймыз. Бұл қоғамдық – еркін мектептер, біріншіден оларды мемлекет қаржыландырады (80%), екіншіден, олар мемлекеттік бақылау мен тексеруде. Еркін мектептер өз кезегінде дүниетанымды (католиктер мен протестантттық мектептер) және вальдорфтық мектептері, сонтессори мектептері және тағы басқалар жататын ерекше педагогикалық бейінді мектептер. Сонымен вальдорф мектептері – ерекше педагогикалық бейінді - қоғамдық мемлекеттік мектептер.
Осы уақытта ГМҚ – ында ортақ санымен 68500 – ден жоғары оқушысымен 165 вальдорф мектептері бар. Мектепті автономияландыру талаптары вальдорф мектептері ұшін қандай да бір саяси диссидент ұраны болып саналмайды. Бұл таза педагогикалық себеппен ұсынылған талап: ең маңызды бөлігі саналатын әлеуметтік сапалар мен жауапкершілік сезімін дамыту, яғни баланың өзіндік қасиетінің дамуы табысты болуы мүмкін тек мұғалім мен оқушы арасында тікелей адамгершілік кездесулер болған жағдайда. Егер мұғалім – өз ісінің маманы болса, ол нақты балалармен жұмысында ортақ және маңызды сипаттағы сырттай нұсқаулықтарды қолдана алмайды.
Вальдорф мектебінің ата – аналарының үлкен бөлігі – протестанттар мен католиктер. Діни сабақ беру осы шіркеу қауымдарының өкілдерімен, шіркеуде жасалып, бекітілген өзінің оқу жоспарымен іске асады. Қандай да бір конфессияға жатпайтын балалар да бар. Оларға мектеп «еркін христиандық тәрбие» атты ерекше курс ұсынады, себебі вальдорф мұғалімдерінің сенімі бойынша - діни тәрбие адам білімінде болмауы тиіс емес. Мұнда бәрінен бұрын «адамға беріліп жатқан бар нәрсеге» алғыс білдіруге тәрбиелеу. Сондай сезімдерге қабілеттілік жоғары адамгершіліктің пайда болуы. Сонымен қатар балаларды Тауратпен, Інжілмен және діни тарихпен таныстырады. Мұнымен қоса мұнда соңғыны талқылау ғана емес, ғылыми таураттық туралы емес, бірақ ең Қасиетті жазумен және оның рухымен танысу туралы айтылуда.
«Еркін христиандық тәрбиелеу» курсы – қосымша және ол ата – аналардың ықыласы бойынша жүргізіледі. Заңды түрде бекітілген ақсүйектік қағидаларға байланысты Ресейде вальдорф мектептерінде діни білім оқытылмайды.
Вальдорф педагогикасының негізіне енгізілген басты идея – бұл жалпы адамдық білім идеясы. Мектеп адам болашағын ашудан басқа, өз алдына басқа да мақсаттар қоймауы тиіс.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, білім беру құрылымында жаңа Вальдорф мектептеріндегі жүйе өмірге келуде. Ең бірінші Вальдорфты мектеп 1919 жылы ашылған. Қазіргі кезде вальдорфты білім әлемдегі 60-тан аса елдерде, 950-ден аса мектепте, 1400-ден аса балабақшаларда қолданылады және «Вальдорфтық мектептер» әлемдегi ең iрi тәуелсiз бiлiм жүйелерiнің бiрiн құрайды. Вальдорф мектептеріндегі білім беру жүйесін «Вальдорфқа бағдарланған» әдісімен мемлекет қаржыландырған, сол сияқты үйдегі білім беруде де, мектептерде де қолданылады. Ол жүйе кейбір жекешеленген мектептерде де ашылған. Вальдорф мектептеріндегі жүйелерді негіздеген Рудольф Штайнер «Баланың білімі» атты бірінші кітабын 1907 жылы жарыққа шығарған[1]. Штайнерлік жүйе – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал Вальдорф мектептеріндегі педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістер құралдарының жиынтығы. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерудің, содан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Штайнерлік педагогикалық технология ұғымы істәжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
«Вальдорф педагогикасы» – адамның дамуын денелік, рухани және жандық факторлардың өзара әрекетінің тұтастығы деп қарастыратын антропософиялық интерпретацияға негізделген тәрбиенің және оқытудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Жаһандану жағдайында көкейкесті болып отырған басты мәселе – тұлғаға бағдарлы оқыту мен ұлттық ерекшеліктерді, білім беруде табиғилықты сақтаудың қажеттілігі және еліміздегі білім беру саясатының негізгі бағыттары, бүгінгі қоғамның сұраныстары және теория мен практиканың арасындағы қайшылықтардың шешімін зерделеу. Еуропа елдеріндегі Рудольф Штайнер педагогикасына негізделген Вальдорф мектептерінің білім беру жүйесінің кейбір тиімді элементтерін еліміздегі білім беру жүйесіне енгізілуінің мемлекет дамуының стратегиялық маңызды түйіні ретінде қарастырылуы – бүгінгі еліміздегі адам ресурстарын дамытудағы негізгі идея.
Вальдорф мектептерiнiң қозғалысы идеалистiк философияға негiзделген. Бұл мектеп адам дамуының антропософиялық түсiнiктемесiне, яғни адам бойындағы тәндiк, жандық, рухтық факторлардың үйлесiмдiлiгiне сүйенедi. Вальдорф мектебiнiң басты мақсаты тәрбиенi рухани негiзде, яғни жас ұрпақты ерiктi тұлға етіп тәрбиелеу арқылы, оның шығармашылығын өрбiтiп, қоғамдағы консервативтiк әлеуметтiк құрылымдар мен стереотиптi iс-әрекеттерден бойын аулақ ұстауға баулу. Тәрбиенiң негiзгi ұстанымы – ең бiрiншi көркемдiкке, сұлулыққа, одан кейiн ақыл-ойды дамытуды алға қоюды көздейдi. Тәрбиеленушiлердi көркемдiк, шығармашылық iс-әрекетке тәрбиелеу басты ұстаным болғанымен, оны ақылоймен, ерiк сапасын дамытатын басты құрал ретiнде қарастырып, өзгермелi әлеуметтiк ортада өз мүмкiндiгiне сәйкес қатынас құра бiлуге тәрбиелеу iске асырылады. Қазіргі кезеңдегі зерттеулерге сүйенсек, бүкіл жаратылыс табиғаты ақпарат, энергия мен материядан тұратынын, ал адам табиғаты да осыларға байланысты екенін дәлелдейтін ақпараттану қарқынды дамып, ноосфералық интеллектпен үйлесімді тіршілік құрудың тәсілдерін қалыптастыруда. Педагогика бүгінгі ғылыми жетістіктермен қарулану мақсатында синергетикалық зерттеулерге де басты назар аударып отыр. Синергетика – өздiгiнен ұйымдастырылу, кез келген жүйенiң өздiгiнен дамуға бағытталуы, өз бойынан жаңа, тұрақты құрылымды «өсiруі».
Педагогикалық тұрғыдан өздiгiнен ұйымдастырылу дегенiмiз – мұғалiмнің өзiнiң iшкi ресурстарын «өздiгiнен өсiру» қабiлетi, яғни педагогикалық iсәрекетке iзгiлiк мән беретiн тұлғалық сананың құрылымын қалыптастыру. Iшкi ресурстарды өсiру үшiн сырттан ықпал жасалуы керек. Тұлғаның саналық құрылымын қалыптастыру, педагогикаға феноменологиялық және синергетикалық күрделi тепе-теңдiксiз жүйелердi зерттеуден келген түсiнiк, жүйенiң жаңа сапаға өзгеруi, яғни өздiгiнен дамуы синергетикалық негiздегi өзiн iске асыратын феноменге негiзделедi. Синергетика өздiгiнен ұйымдастырылу жүйесiн зерттейтiн көптеген ғылымдармен кешендi жұмыс жасайды. Күрделi, үнемi даму үстiндегi ашық жүйе, басты қасиетi – жағдайдың өзгеруiне байланысты жаңа сапаларды өз бойынан дамытып, өзiн сақтап қалуды көздейдi. Педагогикада өзiн-өзi ұйымдастыратын жүйеге жататындар: бiлiм беру, сана, тұлға. Олардағы iшкi өзгерiстер сананың тұлғалық құрылымының әрекетiн өзгерту арқылы оқутәрбиенi қамтамасыз етедi. Санада жаңа мықты құрылымның пайда болуы, жаңа сапалы бiлiм мен әрекет тәжiрибесiн қалыптастыру үшiн бiрнеше жағдайды ескеру керек. Бiрiншiден, ескi жүйе тоқырауға тiрелуi керек.
Бiлiм беру саласының тоқырауға ұшырауы бiлiм саласында жаңа мақсатты белгiлейдi. Екiншiден, жаңа сапаның пайда болуы жүйенiң iшкi ресурсынан өрбуi тиiс. Дегенмен де, iшкi өздiгiнен ұйымдастырылатын «iске қосылу» тетiгi үшiн сырттан «қорек» алуы қажет. Педагогикалық синергетика сананы тек қызмет атқарушы жүйе ретiнде ғана емес, сонымен бiрге мазмұнды жүйе ретiнде тұлғалық әрекет таңдайтын, ортаға бiртұтас көзқараспен қарайтын, оқу әрекетi мен тәртiбiн қалыптастырады деп қарайды. Бұрын тәрбие үдерiсiнде жеке тұлғаны қалыптастыруда мемлекеттiк, саяси-экономикалық, т.б. жан-жақты мүдделер ықпал етiп, тұлғаның жеке бас қажеттiлiгiн ескермей келген еді. Аталған мүдделер тұлғаның жеке бас мүддесiнен жоғары қойылған болатын. Дейтұрғанмен де, осындай кемшілік тұстарына қарамастан, белгiлi бағыттағы тәрбие – сана негiздерiн және әрекет тәжiрибесiн қалыптастыруда тұлғаның дамуын жалғастыруға бастама болатындығын ұмытуға болмайды. Қазiргi кезеңде тұлғаның санасын тек қызмет атқаруға, орындаушылыққа тәрбиелеумен шектелмеу керек.
Тәрбиенiң мақсаты күрделенiп, адамның тұлғалық iшкi, субъективтiк әрекет негiздерiн анықтап, оларды дамытуы қажет. Сонымен бірге санадағы жаңа құрылым эволюция барысында кездейсоқ ауытқулардан аман қалу үшiн белгiлi тұрақтылыққа, тұлғалық сапаға ие болуы керек. Тұлғалық сапа – адамның жеке басына қатысты жалпы құндылықтарға қарым-қатынасы, мiнез, мәдениет, шығармашылық, бостандық, таңдау еркі, елін сүю, толеранттық, жеке табыс, жеке меншiк, азаматтық қоғам, әдiлдiк, тәртiптiлiк, сапалармен сипатталады: тұлғалық сапа сананың тұлғалық құрылымының мазмұны және деңгейi арқылы анықталады. Тұлғалық құрылым – реттелген сананың құндылық мазмұны, оның әрекетiнде көрiнiс бередi. Ол адамның ойлау қызметiн реттеп, басқарып, ойлау қабiлетiн дамытып, мәдениет, бiлiм, тәжiрибе, өмiрлiк және кәсiби мақсатқа құндылық қарым-қатынас арқылы, оның әрекетiн анықтайды.
Сананың басты қасиетінің бiрi – бақылау. Сана адамның айналамен қарымқатынасын қамтамасыз ете отырып, оны үнемi бақылайды. Кез келген жағдайды сананың бақылауы, сананың кешендi басқа құрылымдарын өрбiтедi. Сындарлылық, тұлғаның өзінен тысқары ортада жүрiп жатқан құндылықтар, қалыптар, тәртiпке өзiндiк, субъективтiк баға беруі; iшкi дүниесiндегi құндылықтарға өзiндiк қатынасы, көңiл күйi, әрекеті, болып жатқан құбылыстарға өзiндiк ұстанымының болуы. Рефлексия, өз «Менiн» түсiну, байқау, талдау, өзгелермен, болған оқиғалармен өзiн салыстыру. Өз «Менiн» басынан өткiзетiн бiр жағдайдың аясында көре бiлу, өзiн құрметтеу, өзiне сенiмдi болу, өз бағасын және қоғамдық орнын бiлу. Коллизия, болған оқиғаның себептерiн салыстыру, талдау арқылы анықтап, байқалмайтын қырларына назар аударып, қоғамдық және тұлғалық құндылықтардың астарлы қайшылықтарын айқындау арқылы оқиғаның iшкi бастауларын, байланысын, тетiктерiн, мәнi мен мағынасын терең түсiну. Тұлға санасының құрамына жататын ең маңызды құрылым – түрткi тудыру. Түрткi тұлғаның субъект негiзiн мынадай сана құрылымымен толықтырады: бағытты анықтау, дербестiк, мәндi шығармашылық, өзiн-өзi актуальдау, өзiнөзi iске асыру, өмiрдiң рухани деңгейiн қамтамасыз ету. Гуманистiк тәрбие теорияларының басты нысанасы – тұлғаның iшкi мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн дамытып, өздiгiнен бiлiмiн жетiлдiру, санасын дамыту, сезiмдiк-эмоциялық жағдайы мен интуициясын дамыту, сана мен сезiмдi үйлестiру, жаратылыстан берiлген ақпарат көздерiн түсiну, адамның тектiк коды мен әлеуметтiк тәжiрибесiн үйлестiру, қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты iзгiлiкке бағындыру. Ең жоғары құндылық – адамның тұлғалық қасиетi, оның iшкi дүниесi, бостандығы, еркi, даралығы және шығармашылығын дамытуды жүзеге асыру.
Гуманистiк бiлiм берудiң бiрiншi принципi – танымдық сананың субъективтiлiгi. Зерттеушi бақылауды жүйенiң iшiнен жүргiзедi. Мұғалiм мен оқушы бiлiм беру субъектiсi ретiнде анықталады. Оқу-тәрбие бiлiмдi зерттеу кеңiстiгiне айналады.
Екiншi принцип – толықтыру, классикалық емес кванттық теорияда ашылған маңызды жаңалық – комплементарлық тұжырымдаманың мәнi, қарама-қайшылық дамудың негiзi ретiнде бiрiн-бiрi жоймайды, керiсiнше толықтырады, келiсiмге келедi. Осыған орай оқу-тәрбие үдерiсiндегi мұғалiмнiң жеке сөзiнiң орнына сұхбаттасу, пiкiрлесу, әрекеттесу, серіктестік, тұлғаны дамытатын шынайы еркіндікке бағдарлау адамның адамилығын дамытады.
Үшiншi принцип – оқыту мен тәрбиелеу ақпаратының ашықтығы.
Төртiншiден, жүйедегi (бiлiм беру, сана, тұлға) жаңа сапа синергетикалық принципке және жағдайға сәйкес болуы керек. Мұғалiм мен оқушы арасындағы шынайы iзгiлiк қатынас үйреншiктi бiлiм беру мен тәжiрибенi ұйымдастырудан өзгеше, яғни оқу-тәрбиедегi өзара ынтымақтастық арқылы өздiгiнен дамудың және өздiгiнен ұйымдастырылудың iшкi көздерiн айқындауы шарт . Педагогикада синергетикамен қатар, жалпылама феноменологиялық тәрбие тұжырымдамасы да дамып келеді. Қазiргi педагог бұрынғыдай ақыл айту, «тәртiпке үйрету» сияқты қызметiнен, оқушыны түсiнуге, өзiмен бiрге шешiм қабылдауға, тұлғаға қолдау көрсетуге назар аударып отыр. Феноменологиялық тұрғыдан қазiргi теорияның атқаратыны құбылысты бiржақты түсiндiру емес, оны табиғи қалпында суреттеу. Осындай ғылыми бетбұрыс құбылысты бiр жақты емес, түрлi қырынан, соның iшiнде оқушының пiкiрiмен санаса отырып суреттеу үдерiсiн ескередi. Мұнда мұғалiмге қойылатын талап та өзгерiске ұшырайды: бағдарламалық материалды қабылдаудан - шығармашылық мақсаттарды шешуге, сананың көп қырлы деңгейiн жетiлдiруге, өзiн-өзi iске асыру қабiлетiн қалыптастыруға бағытталады.
Сондықтан мұғалім тек пән мұғалiмi және әдiскер ғана емес, жаңа тәрбие феноменологы болуы тиiс. Феноменология – адам санасының даму жолдары мен тәсiлдерiн, тұлғаның адамгершiлiгiн, рухани жағын өздiгiнен дамыту туралы iлiм, феномен, яғни ерекше құбылыс, бiзге тек сезiм арқылы ғана емес, мәндiк мағынада да берiледi. Өзiн-өзi iске асыру феноменi – бұл сыртқы жағдайдың ықпалынан емес (орта, тiршiлiк жағдайы, этникалық әрекет үлгiлерi), сонымен бiрге iшкi жағдайлардың ықпалы – ең бiрiншi – сана мен оның iшкi мазмұны – тұлғалық құрылымының нәтижесi. Iшкi жағдайлар тұлғаның мақсаттық бағытын, ынтасын, өзiн iске асыру еркiндiгiн және өзiне сенiмiн анықтайды. Дегенмен де осы бағыттарға «дайын күйiнде» қол жеткiзу қиындық тудырады. Олар танымдық санада қайта «тууы қажет». Тиiмдi жолдардың бiрi – танымдық сананы iзгiлiк тұрғыдан ұйымдастыру.
Гегельдiң феноменологиялық ұстанымы бойынша болмыс (әлеуметтік орта) пен адамның iшкi дүниесi – «субъективтi рух» өзiне тән рухани субстанцияның саналы мазмұнмен сәйкестiгiн тануы тиiс. «Санадағы құбылыс» тек адамға тән, тұлғаның рухани дамуы «сезiмнен абсолюттiк бiлiмге» жоғарылауы. Осылардың арасындағы ойлау қызметi сананы жетiлдiредi. Мұғалім баланы жоғары әлемнен келген құбылыс ретінде бағалап, оның осы өмірде атқаратын белгілі қызметімен бірге үлкен қуатқа ие екеніне сенім артуы, өзінің шығармашылық төзімділігін жетілдіріп, баланы құрметтеуі, оның тұлғалық қасиетін шыңдап, балаға қалтықсыз берілуі және оның тағдырына жауапты болуы шарт.
Сенім дегеніміз – білімді сезіну, ал оның қағидалары ғылыми дәлелдерге сай келе бермейді. Тек ішкі сезімдік ой ғана сенімді білдіреді де, ол іс-әрекетке ұласады. Демек, бұл тұжырымдама бойынша шынайы құндылыққа адам тек жүрек жылуы, мейiрiм арқылы ғана жетедi. Тек ақыл-ой арқылы құндылықтарды игерудiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. «Бiрiктiру тәрбие философиясы» жоғарыда аталған жүрек тәрбиесi, отбасынан бастау алатын моральдық және эстетикалық тәрбие, бiлiмдi игеру мәселелерiн тығыз байланыста қарастырып, рухани бiлiм беру теориясының негiзін қалайды. «Бiрiктiру тәрбие философиясына» негiзделген Халықаралық бiлiм қоры тарапынан шығарылған “Мен адамдар арасындамын” атты отбасы тәрбиесi мен мектеп оқушыларына арналған этикалық құралдың рухани танымдық қырына тоқталатын болсақ, онда “жетiлген тұлға – мықты отбасы – бейбiт қоғам – жасампаз адамзаттық iс” тәрiздi жоғары мұраттар бiрлiгi қарастырылады.
Германия мектептері. ХІХ ғасырдың 40 – шы жылдары Германияда тарихи мектеп қалыптасты. Фридрих Лист (1789-1846) XIX ғ. алғашқы жартысындағы буржуазиясының идеологы. Ол Оңтустік Германияның Рейтлинген қаласында қолөнерші отбасында дүниеге келген, негізгі еңбегі "Саяси экономияның ұлттық жүйесі" (1841) деген еңбегінде ол жекелеген елдердің экономикасы өз заңдарына сәйкес дамиды, сондықтан әрбір ұлттың өндіргіш күштерінің дамуына тиімді жағдай жасайтын "ұлттық саяси экономиясы", өздерінің экономикалық даму жолы, экономикалық саясаты болуы тиіс дегенді айтады. Осы пайымдамаға сәйкес барлық мүшелерін патриоттық байланыс арқылы біріктіретін ұлт дербес экономикалық субъект бола алады. Фридрих Лист ұлттық экономиканы біртұтас "органикалық" жүйе тұрғысынан зерттеуді ұсынды. Бұл макроэкономикалық зерттеу тәсілін енгізуді білдірді. Лист жиынтық экономикалық шамаларды шын мәнісінде пайдаланды: жиынтық ұсыныс, ұлттық байлық, еңбек бөлінісінің қоғамдық деңгейі. Лист "Саяси экономияның ұлттық жүйесі" еңбегінде ұлт байлығы мен тұрмыс деңгейі өндірілген тауар игіліктерінің санымен емес, ұлттың өндіргіш күштерінің даму көрсеткіштерімен анықталады деп пайымдады. Өндіргіш күштерге ол "ұлт байлығын" көбейтуге, экономикалық өсуге қолайлы қоғамдық жағдайлардың жиынтығын жатқызды. ХІХ ғасырдың 40 – шы жылдары Германияда тарихи мектеп қалыптасты. Фридрих Лист (1789-1846) XIX ғ. алғашқы жартысындағы буржуазиясының идеологы. Ол Оңтустік Германияның Рейтлинген қаласында қолөнерші отбасында дүниеге келген, негізгі еңбегі "Саяси экономияның ұлттық жүйесі" (1841) деген еңбегінде ол жекелеген елдердің экономикасы өз заңдарына сәйкес дамиды, сондықтан әрбір ұлттың өндіргіш күштерінің дамуына тиімді жағдай жасайтын "ұлттық саяси экономиясы", өздерінің экономикалық даму жолы, экономикалық саясаты болуы тиіс дегенді айтады. Осы пайымдамаға сәйкес барлық мүшелерін патриоттық байланыс арқылы біріктіретін ұлт дербес экономикалық субъект бола алады.
Фридрих Лист ұлттық экономиканы біртұтас "органикалық" жүйе тұрғысынан зерттеуді ұсынды. Бұл макроэкономикалық зерттеу тәсілін енгізуді білдірді. Лист жиынтық экономикалық шамаларды шын мәнісінде пайдаланды: жиынтық ұсыныс, ұлттық байлық, еңбек бөлінісінің қоғамдық деңгейі. Лист "Саяси экономияның ұлттық жүйесі" еңбегінде ұлт байлығы мен тұрмыс деңгейі өндірілген тауар игіліктерінің санымен емес, ұлттың өндіргіш күштерінің даму көрсеткіштерімен анықталады деп пайымдады. Өндіргіш күштерге ол "ұлт байлығын" көбейтуге, экономикалық өсуге қолайлы қоғамдық жағдайлардың жиынтығын жатқызды. Германияның білім беру жүйесі демократиялық деп айта аламыз. Ата-ана мен оқушы төменгі сыныпта өзіне керекті мектепті таңдайды. Төменгі сыныптарда, яғни 6-10 жас аралығында балалар оқуды, санауды, жазуды, табиғатты тануды үйренеді. 10-19 жас аралығында жоғары сатыда оқып, оқушы мамандана бастайды.Германияда мектептің мынадай түрлері бар:негізгі мектеп (Hauptschule ) – 5-6 жыл оқытылады, шынайы мектеп Realschule) – 6 жылды қамтиды. Осының қорытындысы бойынша жоғары мектепке (Gymnasium), кейін унверситетке түседі. Гимназияда 8-9 жыл оқытылады. Гимназияда гуманитарлық, қоғамдық, техникалық және жалпы (үшеуін де қамтитын) бағытта білім беріледі. Нәтижесінде орта білім туралы диплом беріледі. Жекеменшік мектептердің басым бөлігі діни, зайырлы бағытта жұмыс істейді, азаматтығы жоқ адамдар тек осы мектептерде білім ала алады.
Неміс мектептерінде 1 — өте жақсы баға болса, 6 — ең нашар баға. Бастауыш мектептен кейін оқушыларды үлгерімі мен тәртібіне қарай жай мектептер мен гимназияларға бөліп тастайды. Ал университетке тек қана гимназия оқушылары түсе алады. Германияда жоғары білім тегін беріледі.
Университеттерде арнайы бекітілген бағдарламалар жоқ, студенттер өз курстарының бағдарламасын бірлесе жасайды. Академиялық бостандық сабақтарға кірмеуге, курс бағдарламасын өзгертуге, өз бетіңмен дайындалуға, қосымша сабақтарға қатысуға мүмкіндік берген. Университетке түсу үшін ешқандай емтихан қажет емес, неміс тілі мен ағылшын тілін жақсы меңгергендігі туралы қағаз өткізілсе жетіп жатыр.
Кейбiреулерiнiң университетке түсу жолы өте ұзақ болады. Қабiлеттiлерi гимназиядан кейiн бiрден түсiп кете алады. Бiрыңғай тесттен әрқайсысы өтуге мiндеттi.
Осыдан 6-7 жыл бұрын «Бакалавр» мен «Магистратураны» енгiздi. Қазiр модульмен оқытады. Университетте әркiм өз жоспарын өзi әзiрлейдi.
Шетелдік университет қазақстандық ЖОО-лардан ерекшелігі еркiндiгiмен ерекшеленеді. Өзiңе қажет нәрсенi өз еркiңмен оқисың. Сессияда эссе жазатын болсаңыз, я реферат дайындасаңыз, тақырыпты семинарға байланысты таңдауға құқығыңыз бар. Тiптi емтихан түрiн, уақытын да өзiңiз белгiлей аласыз. Сессияны семестрдiң алғашқы апталарында да жауып тастау мүмкiндiгiңiз бар.
Емтихан түрi 15-25 бет эссе жазу, 30-90 минутқа дейiн ауызша реферат презентациясы немесе ауызша емтихан.
Кейбiр профессорлар алдын ала қанша кiтап қолдану керек екенiн айтады. Және де мұндағы университеттерде түрлі жақсы жағдайлар жасалған. Мысалы: кiтапхананың байлығы, кiтапханада интернет арқылы Германия бойынша кiтапқа тапсырыс беру мүмкiндiгi, дүние жүзiндегi үздiк ғылыми дерекқорларға еркiн кiру мүмкiндiктерi, магистратуралық диссертация жазуға арналған кiшкентай, бiр адамдық бөлмелер, өзiңмен алып жүретiн кiлттi кiшкентай жеке шкафтар, cпорттың түр-түрi. Жақсы оқуға университет тарапынан бар жағдай жасалған. Тiптi балалы студенттерге арнайы балабақша да бар.
Германия, мектепке дейінгі мекемелердің өте нашар дамыған желісінде, онда балаларды қабылдауға 3 жыл. Мектепке дейінгі бақтар, дайындық сыныптары және кіріспе тобы - мектептегі білім беру бірінші кезеңі. Алайда, бұл мекемелер балалар мен жастар қызметтер үшін аймақта. Қосымша Германияда мектепке дейінгі білім беру.
Бастауыш мектеп балаларға арналған 6-10 жыл. Мұнда, балалар санауды үйренуге, жазу, оқу, Табиғи тарих зерттеу.
Германияда мектептердің осы түрге бөлінеді:

  • Бастауыш мектеп - үшін арналған 5-6 Зерттеу жыл, және кез келген кәсіби мектепте одан әрі зерттеу ұсынады;

  • Жылжымайтын мектебі - болжайды 6 білім беру жыл, жоғары балл, оны оқыту кейін алынған, Ол гимназиясының соңғы сыныбына алуға мүмкіндік береді;

  • Гимназия - оқыту туралы созылады 9 жыл. Негізінде, гимназия сияқты салаларда маманданған: қоғамдық, гуманитарлық және техникалық. Институтты бітіргеннен кейін студент орта мектеп диплом алады;

  • Ортақ Мектеп - табысты нақты мектептер мен гимназиялардың түрлі мүмкіндіктерін біріктіреді, Егер сіз бір мезгілде техникалық және гуманитарлық білім алуға мүмкіндік беретін.

орта мектебін бітіргені туралы куәлікті алу үшін, шетел студенті Германия оқуға тиіс, ең аз дегенде 2 жыл. бастапқы, сондай-ақ тегін орта білім. қабылдауға мемлекеттік мектептерде Шетел студенттері 14 жыл, бірақ, атап айтқанда балалар мен жас үйренуге болады.
Тек жеке меншік мектептер Германия жоғары мектеп диплом алуға мүмкіндік, Орта білім беру орыс сертификаты алу жоқ. мұндай орындарына түсу үшін шетелдік студент емтихан тапсыруға тиіс, және әңгімелесуден өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет