Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Шәкірттің даму категориясы.Даму мәні неде? –



бет2/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ko

Шәкірттің даму категориясы.Даму мәні неде? –сапалық қалыптың өзгеріске келуі, жаңа қабілеттердің пайда болуы.Тәлімде ең алдымен ескерілетін құбылыс-бұл баланың ақыл-зерделік (интеллектуал) дамуы.
Даму-бұл алға тартылған міндеттерді орындауда шәкірттің жоғары белсенділік пен дербестік деңгейіне көтерілуі.Танымал психолог Л.С.Выготскийдің пікірінше, даму шәкірт оқу-үйретімі мен тәрбиесінде көрсетілетін жәрдем шамасымен анықталады.
Л.С.Выготский анықтамасына орай, көкейкесті даму аймағы аймағы-баланың тек ересек жәрдемімен пайдаболатын білімдері, ептіліктері мен дағдылары.
Даму түрлері:
- жалпы (әмбебаб және тән де қабілеттері);
- арнайы (қабілеттер және дарындылықпен байланыстылары);
- мәдени (мәдени-әлеуметтік құндылықтарды тану және пайдалану);
Дамудың ең жоғары деңгейі-өзіндік даму.
Білімді қажетті құрылымға келтірудің негізгі жолы-тәлімге деген мәдени-танымдық бағыт.Ол оқу-үйретім пәндерінің бірігімі, дәуір мен мәдениеттің біртұтас бейнесін жасай білу, мәдениет пен өркениет ара қатынасын түсіну, мәдениет қалыптастырудағы әрқандай білім саласының мәні мен маңызының қажеттігін ұғу және т.б.
Әзіргі кезеңге сәйкес мойындайтын жағдай-жоғары тәлімді психологтардың, әлеуметтанушылардың, бастауыш мектеп мұғлімдерінің жетіспеуі.Осыдан, тәлімді гуманитаризациялау ісі әліде болса, өз деңгейінде жүргізілмей жатыр.
1993-жылы Азов қаласында өткен “Адам құқықтары” атты халықаралық семинарда мектепте үйретілетін “Адам және қоғам” пәні жөнінде әңгіме көтерілді.Италия, Англиядан келген профессорлар бұл пәнді барша мектептер мен ЖОО-ларда гуманистік (тұлғалық) парадигманы іске асыру үшін енгізу қажеттігін ұсынды.
Гуманистік үлгінің негізгі ұстанымдарының бірі-бала мен ересектің құндылықты-мәндік теңдігі.Алайда, мұндағы теңдік білімдер мен тәжірибенің бірдейлігі не өзара теңдей құндылығында емес, әрбір қатынас мүшелерінің дүниені тануға деген шектеусіз мүмкіндіктерге құқылы болуында.Осы жағдайды жол-жоба етіп ұстанған ұлы педагог Я.А.Коменский “Баршаны баршаға үйрету” деп тектен-тек ұрандамаған.Мектептегі педагогикалық қызметтің сапалық өлшем бастауы-Адам және оның уақыт және кеңістіктегі өзіне өзі бағыттаған ұнамды қозғалыс әрекеті.
Гуманистік парадигма “субьект-субьект” өрнегіне сай қатынастарды қалыптастырады.Ұстаз бен шәкірт бірлікті іс-әрекет мақсаттарын, мазмұнын нақтылайды, өзара қызметтестік пен жұптасқан шығармашыл ізденіске кірісумен оқу-үйретім формасы мен бағалау өлшемдерін таңдайды. Педагогикалық ықпал “нысанының” қалпындағы нақтамалық өзгерістер іріктеу, таңдастыру мен тәлімдік ажырата бөлшектеу құралы бола алмайды.Төмен үлгерім көрсеткіштері адам сапасы жөнінде пікір айтуға негіз бермейді, олар тек кәсіби жұмыстың болашағы мен мүмкіндіктерін бағалаудың алғашқы деңгейі қызметін атқарады.Бағалау өлшемдері аймағы енді тұлғалардың қатынастар кеңістігіне өтеді.
Қазіргі педагогикалық терминалогияда “оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру дегеніміз – гуманнитарлық пәндердің рөлін күшейту, оқу пәндерінің мазмұнының гумандылығын анықтау және оның жаңа бағалау нормаларын анықтау, оқу процессін толық ізгілендіру” – болып табылады деп анықтама берілгенімен, оқу-тәрбие процессін гуманитарландыру аксиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, оның мазмұнын әлеуметтік құндылық кешені ретінде “адамдардың мәндік күштерінің еркін дамуы және өмірлік ұмтылыстардың шығармашылық сипатта жүзеге асырылуы үшін жағдай туғызуды талап ететін әрикет жүйесі деп санау қажеттілігі (саяси, экономикалық, психологиялық педогогикалық және т.б.) есепке алынбаған. Осы тұрғыдан қарағанда гумандылықты-тұлғалық бағдарлаушы көзқарастардың жүйесі ретінде, әлемдік құрылымның өзіндік үлгідегі болмысы деп қарастыру дұрыс болып табылады. Ол адамға бағытталған кең түрдегі әлеуметтік бағдарлама сипатына ие бола алады, бірақ тәрбиелене алмайды.
Сондықтан оның ізгілікті бағытталуы негізінде ғана тұлғаның сапалық тәрбиеленуі жүзеге асады. Бұл тұрғыда “гуманистік көзқарас” – адамдардың бір-біріне, қоғамға, табиғатқа, өзіне қарым-қатынасын бейнелейтін, тұлғалық қасиеттері кешенінің дамуын көрсететін сиапттама ретінде беріледі.
Ізгілікке тәрбиеленудің тұлғаның өз келешегіне қатысты гуманистік көзқарасы мен дүниетанымдық ұстанысдары анықталынады, олар адамды табиғаттың ерекше құбылысы ретінде тану өзінің субъективті артықшылығын ескеруге мүмкіндік береді.Тәрбиелеу мақсатының былай құрылуы дамның өз өміріне ықпалын өзгерту, өз қабілеті мен шығармашылық әлуетін ашудағы құқықтары мен жауапкершілігін түсінуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзін-өзі жетілдіруде тұлғаның ішкі бостандығының таңдауы арасындағы ара-қатынас пен оған қоғамның ықпалын түсіндіреді. Демек, ізгілікке тәрбиелеу мақсатына жету арқылы адамның гуманистік көзқарасын қалыптастыру шаралары жүзеге асырылады. Осы тұрғыдан алғанда, ізгілікке тәрбиелеу мақсаты өзіне тиісті маңызды міндеттерді қояды:
- тұлғаның өмірдің мәніні ұғынуы, өзінің әлемдегі орны, өзінің бірегейлігі мен құндылығын түсінуі философиялық-дүниетанымдық бағдары;
- өзіндік, жандүниелік қабілеттері мен шығармашылық әлуетінің даму қарқыны мен шегін бейнелейтін, өмір сүру жауапкершілігін түсінуге мүмкіндік беретін, тұлғалық тұжырымдаманы құруға көмек беру;
- жалпы адами және ұлттық мәдениет байлығын бейнелейтін, мәдени құндылықтар жүйесіне тұлғаны араластыру, оларға деген өзіндік қарым-қатынасты белгілеу;
- ізгілік адамгершіліктің жалпы адами нормаларын, оның көлемі мен нақтылы мазмұнын (қайырымдылық, өзара түсіністік, жылы жүректілік және т.б.) ашу және тұлғалық маңызды көрсеткіш ретінде зиялылық мәдинеттендіру;
- тұлғаның зияткерлік-адамгершілік бостандығы мен теңдей өзіндік баға беру мен бағалау қабілеттілігі, іс-әрикет пен қызметті өзіндік реттеу, дүниетанымдық рефлекциясының дамуы;
- елдің материалдық қоры мен жандүниелік мен әлеуетін құрайтын, әлуеттік және тұлғалық сипат алатын қажеттілік пен мәжбүрлік ретіндегі көзқарасты өзгерту. Бұлардың бәрі өз кезіндегі тұлғалық өсу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;
- салауатты өмір салтына байланысты валеологиялық ережелерді дамыту тұлғалық сипат алатын қажеттілік пен мәжбүрлік ретіндегі көзқарасты өзгерту. Әлеуметтік ұмтылыстарды жүзеге асырумақсатындағы өмірлік жоспар ұғымдарын қалыптастыру.
Бұл аталған міндеттерін орындалуы тұлағаның ізгіліктік тәрбиесі арқылы гуманистік көзқарасының қалыптасуының ірге тасын қалауға негізін салуға мүмкіндік береді. Ол өз негіздегі әлем, қоғам мен өзін қалыптастыруда өмірлік қажеттілікке ие болады және оны бағалау мүмкіндіктерін меңгереді.
Педогогикалық технологиялардың көкейкестілігін анықтауда төмендегі қайщылықтарды атауға болады:
- педогог-мамандарға қойып отырған қоғам талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы;
- қайта дамып отырған жекеленген педогогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімделу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;
- ғылымның даму деңгейі мен оны өндірістің іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;
- педогогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламалары мазмұнының әдістемелік құралдары мен қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар;
- мұғалімнің әлеуметтік ролі мен қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық қызмет арасындағы болатын қайшылықтар.
Сондықтан әр түрлі оқу технологияларын оқыту мазмұны мен оқушылардың жас пен психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім өз әрикетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және т.б. көптеген адамдық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәжірибе процессін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп көрсетеді Г.К.Селевко.
Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарда көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе.
Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өміріндегі бой көрсетіп отырған келеңсіздіктің халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өміріндегі бой көрсетіп отырған келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрикеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізулері анық. Ал техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкеледі. Сонымен білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз керек. Қазақстан республикасында нәтижеге бағытталған білім беру 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы шеңберінде орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне енгізілетін үлгі ретінде 2003 жылы пайда болды. Бұл құжатқа сәйкес, бірінші кезеңде нәтижеге бағытталған орта білім беру (НББ) үлгісін жасау және сынақтан өткізу мәселесі шешіледі. Онда былай деп көрсетілген:”Мүндай үлгіні жасау үшін төмендегідей шаралар қабылданды”:
1. Күтелетін нәтиже түріндегі білім беру мақсаттарының жүйесін әзірлеу:ол үш деңгейден тұруы тиіс.
А) Ұлттық деңгей: оқыту нәтижесінде қоғам қандай адамды және адамзатты қалыптастырып шығарғысы келеді. Қазақстан үшін білім берудің ұлттық мақсаттары бірнеше кең көлемдегі базалық біліктері: үш тілділік, евразиялық көп мәдениеттілік, қатысымдылық, технократтық және т.б. болуы мүмкін.
Б) кең көлемдегі білім салаларының деңгейі, мұнда ұлттық мақсаттар тиімді біліктер түрінде нақтылануы тиіс.
В) білім беру пәндерінің деңгейі.
2. Сыртқы ағымды және қорытынды бағалау жүйесін құру. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі (ББСҰЖ) білім сапасын кешенді емтихандар арқылы бағалауға, білім алушылар мен білім беру ұйымдарының динамикасын қадағалау үшін білім сапасының мониторлігін жүргізуге, білім сапасын тұрақты қадағалаудың кешенді жүйелерін құруға мүмкіндік береді.
3. Оқыту ұйымдарының қағидаларын, оқушы ролін білім, іскерлік, дағдыны енжар “алушылардан” білім үрдісінің белсенді танушы субъектісіне өзгерту.
4. Орта білім берудің күтілетін нәтижелер мен мониторинг мәліметтер негізінде оларға жету жолдарын талдау үрдісіне барша қауымды қалыптастыру жүйесін құру.
Білім беру жүйесін дамытудың бұл бағыты Қазақстан Республикасында әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шеңберіне және әлем тәжірибесін зерделеу негізінде қабылданды.
Сараптаушылардың “Сорос-Қазақстан” қорының мәліметтері бойынша, “нәтижеге бағытталған білім” терминінің ең алғаш ойлап тауып, қолданған Билл Спейди болды. Оның пікірінше, НББ төмендегідей төрт қағиданың сақталуын тлап етеді:
- Айқын / анық мақсат.
- Кеңейтілген мүмкіндіктер.
- Үлкен нәтиже күту.
- Мақсатқа бағытай жоспарлау.
Алдымен, “оқушылардың нәтижелері” термині білім беруде екі мағынада қолданылады. Біріншіден, бұл оқушылардың мектептегі оқу нәтижесінде өзінде дамытуы тиіс нақты білім, түсінік, біліктілік, құндылықтар мен қабілеттеерді білдіреді. Екіншіден, “оқушылардың нәтижелері”, - тест нәтижелері, курсты аяқтау деңгейі, оқушының ауытқу дәрежесі сияқты мекеме не жүйе деңгейдегі үлгерім көрсеткіштері. “Нәтижеге бағытталынған ” деп сипатталынатын бағдарламалар көбінде мүлде ұқсамайды, қайта ұстанымдары бойынша ұқсас бағдарламалар өздерін керісінше сипаттайды. Сонымен, НББ туралы көзқарастар және оның көптеген нұсқалары бар. Алайда, нәтижеге бағытталған білім беруге тән ерекшеліктер “бағытталған” сөзіне негізделеді. Мақсаттар күтілетін нәтиже ретінде: өз мүмкіндіктері мен қызметі нақты жоспарлау және ұйымдастыру болашағының арақатынасын айқындай білуі; өзіндік ар-намыс сезімнің болуы;өз әрикеттері мен өз өмірі үшін жауап бере білуі; отбасында, басқа адамдармен бірге қауымда әлеуметтік рольдерді орындай алуы; өз халқының мәдениетін, әлемнің көп түрлі мәдениетін түсініп, бағалауы, рухани келісім мен толерантылық идеяларын ұстануы.
Саяси жүйені түсініп, өтіп жатқан әлеуметтік оқиғаларға өз бағасын бере білуі және демократиялық құндылықтарға бет бұруы; жағдайды талдап, сыни тұрғыдан бағалау және жауапты шешім қабылдау дағдысының болуы; туындаған мәселелерді шешуде қажетті ақпаратты тауып, пайдалана білуі; шығармашылық ізденіс дағдысының болуы.
Халықаралық сараптаушылардың пікірінше, нәтижеге бағытталған оқыту өзінің жүйе мен мектептің не беретініне, мұғалімдердің нені оқытатынына емес, оқушылардың нені біліп шығатынына басты назар аударуына байланысты білім беру саясатындағы, тәжірибедегі, бақылаудағы іргелі өзгерістер ретінде қаралады. Нәтижеге бағытталған тәсілдер адамды үш себеппен өзіне тартады: НББ оқу сапасын арттырады. НББ барлық оқушылардың жоғары сапағлы нәтижелерге жету мүмкіндіктерін артырады. НББ мектеп жүйесіндегі есеп беру міндеттерді бөліп алуды жақсартады. Сондықтан оқушылардың қол жеткізуі тиіс нәтижелерді әзірлеуге мектеп қауымының барлық мүшелері қатысқанда ғана НББ нәтижелі бола алады. НББ-да барлық оқушыларға тең мүмкіндіктер беру, әлеуметтік қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет