14
Барлық олжаларды археологтар категория, топ, класс, тип, түрге бөледі.
Жасалған жадығаттарына қарап оларды бес категорияға біріктіреді: тастан,
керамикадан, сүйектен, металлдан, ағаштан және өзге де жадығаттардан
жасалған бұйым. Жадығаттардың алғаш өңделуін есепке ала отырып әр
категорияны өз кезегінде топтарға бөледі. Мәселен, керамика мынадай топтарға
бөлінеді: тек қолмен дайындалатын жапсырылған және қыш шеңберде
дайындалатын қыш. Жадығаттардың екінші рет өңделу сипатына қарай әр топ
кластарға бөлінеді, класстар – типтерге, типтер – түрлерге.
Әр олжаны өлшеу, оның міндетін, оның қандай материалдан және қалай
дайындалғанын анықтау, осы кешендегі қанша ұқсас заттар табылғандығын,
бұлар барлық олжалардың жалпы санына қандай үлес қосатынын есептеу
қажет. Әр ескерткіш бойынша бұл барлық мәліметтер жинақталады және өзге
кешендегі заттармен салыстырылады. Содан соң, картада ұқсас кешендердің,
жекелеген жағдайда жекелеген заттардың таралуын белгілейді. Мұндай
карталар бойынша археологтар тайпалардың, рулардың, халықтардың таралу
шекараларын, сауда жолдарын анықтайды.
Өлкені тану мақсатында археологиялық жадығаттарды ғылыми
ізденістерде, оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану төмендегідей формада жүзеге
асады: 1. мектепте және жергілікті өлкетану музейлерінде кабинеттік жұмыстар
– археологиялық коллекциялармен танысу; 2. экспедициялық жұмыстар,
алдымен қазба жұмысына бақылаушы ретінде, кейін тікілей қатысу; 3. өз
өлкеңнің өткен тарихын зерттеу мақсатында заттай деректермен жұмыстану; 4.
ғылыми конференциялар мен кештер ұйымдастыру; 5. мектептік музей
ұйымдастыру немесе музейдің заттай инвентарын толықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: