Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ КУРСЫНА КІРІСПЕ



Pdf көрінісі
бет3/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ КУРСЫНА КІРІСПЕ 
Қазақстан жоғары мектебінің алдына қойылған міндеттерді орындаудың 
маңызды жолдарының бірі болып тарихи өлкетану табылады. Өлкетану деп 
белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп-тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай 
зерттеуге өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, 
сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болды. 
Өлкетану – мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен 
ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені 
ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін (жол ашатын) бірнеше 
ғылыми пәндер кешені. 
Оқушыларға, студенттерге туған өлке тарихы бойынша белгілі бір ғылыми 
принциптерге негізделген нақты білім беру – басты міндет. Оқу-тәрбиелік 
міндеттермен қатар тарихи өлкетану қоғам мүддесіндегі міндеттерді де шешеді. 
Ол, өз кезегінде, студенттердің бойында қоғамдық пайдалы істерге деген 
дағдыларды қалыптастырып, сонымен бірге, оларды тарихи жәдігерлерді 
қорғауға ынталандырды. 
Оқушы, студент белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген тарихи 
өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді білуі, сондай-ақ, жоғары 
оқу орнында оқытылатын тарих курсы мен туған өлкені зерттеп-тану 
барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды 
бақылап, айқындай алуы қажет. Сол сияқты, өлкенің тарих және мәдени 
ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары 
дағдыларын меңгеру, географиялық ортадағы орындарын белгілей білу, 
ауданның белгілі бір бөлігінің қоныстану тарихы туралы, сол ауданның 
топонимикасы туралы түсініктерді меңгеру, жекелеген аудан немесе облысқа 
сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындай білу әдістемесін 
меңгеріп практикалық жұмыс барысында қолдана білу осылардың барлығы 
оқушының, студенттің өлкетану бойынша білімін құрайды. 
Жалпы, немесе кешенді өлкетану түрлі бағыттарды (тарихи, географиялық, 
әдеби, археологиялық, этнографиялық, мәдени және басқа) қамтитын түрлі 
мәселелерді жан-жақты зерттеуді қарастырады.
Географиялық өлкетану. Географиялық өлкетанудың мазмұны зерттеу 
әдістерін пайдалану арқылы жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып, 
оның табиғатын, халқын, шаруашылығын жан-жақты зерттеуден тұрады. 
Географиялық өлкетанудың қызметтері: 
- жергілікті жердің жадығаттары негізінде оның табиғаты, халқы, 
шаруашылығы жөнінде білімді қалыптастыру; 
- табиғи кешенге және оның бөліктеріне адамның жағымды және 
жағымсыз әсерін көрсету; 
- топографиялық жоспармен, жергілікті жердің физикалық-географиялық 
картасымен жұмыс жасау, елді-мекендер жағдайында кеңістікті бақылау 
тәсілдерін үйрету; 



- тәжірибеде салыстырмалы және картографиялық далалық бақылау 
әдістерін қолдануға үйрету. 
Территорияны географиялық зерттеу үрдісінде келесілерді білу қажет: 
- елдің жалпы табиғи және әлеуметтік-экономикалық қызметтерін 
жергілікті жермен байланыстыру; 
- жергілікті жердің табиғатын сипаттайтын табиғи компоненттер мен 
кешендердің жергілікті ерекшеліктерін, түрлік ерекшеліктерін, сондай-ақ, оның 
бірегей объектілерін, құбылыстарын, үрдістерін анықтау; 
- халық құрамының (жастық, жыныстық, діни, ұлттық), оның орналасуы 
мен таралу ерекшеліктерін ашу; 
- берілген ауданның шаруашылық және мәдени мәселелерін қарастыру. 
Тарихи өлкетану. Өлкетанудың бұл бағыты өлкенің өткен тарихын, тарихи 
ескерткіштерді зерттейді. Бұл тек зерттеу ғана емес, сонымен қатар, өлкенің 
тарихына қатысты білімді таратуға бағытталған қызмет. Тарихи өлкетанудың 
зерттеу объектісі болып тарихи оқиғалармен, жекелеген тұлғалардың 
қызметтерімен байланысты, материалдық және рухани шығармашылықтың 
өндірістері болып есептелінетін ескерткіштер, естелік орындар табылады. 
Өлкетанулық зерттеулер ауқымды хронологиялық шеңберді және тарихи 
кезеңдерді қамтуы мүмкін, кейде керсінше, жергілікті жердің тарихының нақты 
бір кезеңіндегі оқиғамен, тарихи оқиғаларға қатысқан жекелеген адамның өмірі 
мен қызметімен шектелуі мүмкін.  
Тарихи өлкетану екі ірі топтарға бөлінетін қосалқы тарихи пәндерді 
пайдаланады: 
1. Әрбіреуі өзіндік ерекше міндеттерді шешетін түрлі деректер түрін 
зерттейтін: 
- археография (тарихи актілер мен құжаттарды, қолжазба деректерді 
жинаудың сипаттаудың және жариялаудың теориясы мен тәжірибесі жөніндегі 
ғылым саласы – Ж.М.); 
- генеалогия (шежіретану – Ж.М.; 
- тарихи метрология (өлшеудің, өлшемнің шығу, даму тарихы – Ж.М.); 
- палеография (жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму 
заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, 
олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи-
философиялық пән – Ж.М.); 
- эпиграфика (қатты жадығаттарға (тас, металл, қыш, т.б.) жазылған 
(негізінен ежелгі және ортағасырлық) жазуларды зерттейтін тарихи қосымша 
пән - Ж.М.); 
- текстология (мәтінтану – Ж.М.); 
- хронология (тарих ғылымының тарихи оқиға я құжаттардың уақытын 
белгілейтін бөлімі – Ж.М.). 
2. Жекелеген деректер түрін, оның мазмұны мен формасының негізгі 
ерекшеліктерін жан-жақты қарастыратын, зерттейтін: 
- геральдика (елтаңбаларды зерттейтін ғылым – Ж.М.); 
- дипломатика (мемлекеттің сыртқы саясатын зерттейтін ғылым – Ж.М.; 



- нумизматика (ақша тарихын зерттейтін қосалқы тарихи пән);
- сфагристика (мөрлер жөнінде ғылым – Ж.М.). 
Археологиялық өлкетану. Өлкетанудың бұл түрі заттай қалдықтар негізінде 
тарихи өткенін реконструкциялау жолымен адам өмірінің өткен кезеңін 
зерттейді. Археологиялық өлкетану алғашқы қоғамдық өмірден феодалдық 
кезеңге дейінгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің дамуын 
сипаттайтын жерде, жер бетінде, су астында сақталған объектілерді зерттейді. 
Археологиялық өлкетану ескерткіштері сан түрлі және көп санды. 
Археологиялық өлкетанудың негізгі зерттеу объектілері болып: 
- ежелгі қоныс қалдықтары: бекітілмеген (ашық) – тұрақтар мен қыстақтар; 
бекітілген – қалашықтар, қалалар және басқалары; 
- ежелгі жерлеу орындары (топырақты және қорғанды молалар); 
- діни құрылыстар (ғибадатхана, тас пұттар және басқалары); 
- ежелгі өндірістің сақталған шеберханалары. 
Археология материалдық қалдықтарын зерттеу арқылы зерттегелі отырған 
қоғамның әлеуметтік өмірін реконструкциялайды, ежелгі сауда жолдарын
ежелгі адамдардың рухани мәдениетін қайта қалпына келтіреді. Археологтар 
тапқан заттардың көбі өлкетанулық музейлерде археологиялық бөлімдер 
бойынша экспозицияларда орналастырылады. 
Әдеби өлкетану. Әдеби өлкетану зерттегелі отырған территория бойынша 
түрлі баспа деректерді, әдеби басылымдарды – монографияларды, 
анықтамаларды, мақалалар жинақтарын, оқу құралдарын, сондай-ақ, осы 
ауданға арналған және нақты тақырып бойынша жергілікті баспасөз 
басылымдарын зерттеуді қарастырады. Сонымен қатар, әдеби өлкетанудың 
зерттеу объектісі болып туған жері туралы жазылған жазушылар мен 
ақындардың 
шығармалары, 
очерктері, 
естеліктері, 
хаттары, 
энциклопедиялардағы және баспасөз басылымдарындағы сыни мақалалары 
және т.б. табылады.  
Әдеби өлкетанудың негізгі міндеттері: 
- ұлттық әдебиеттерді зерттеу; 
- жазушының өмірлік жолының оның шығармашылығына тигізген әсерін 
анықтау; 
- көркемдік шығармалардағы тарихи оқиғалар мен оны сипаттау 
арасындағы байланысты анықтау; 
- фольклорлық және әдеби шығармалар арқылы адамдардың туған жерлері 
туралы білімдерін кеңейту; 
- туристік қызметтер арқылы белгілі жазушылар тұратын территорияда 
орналасқан 
көркемөнер 
ескерткіштерімен, 
музейлермен, 
әдеби 
ескерткіштермен таныстыру. 
Бұл ғылыми пәндер бір-бірімен тығыз байланыста дамиды және бір-бірін 
толықтырып отырады. Барлығының басты мақсаттары өлкелік зерттеулерді 
жүзеге асыру, оқитындардың өлкелік теориялық білімдерін кеңейту, туған 
жерге деген сүйіспеншілікті, өлкеден шыққан тұлғаларды құрметтеу сезімін 



арттыру, олардың қызметтерін, еңбектерін таныту. Міне сондықтан, ұсынылып 
отырған оқу-әдістемелік құрал да осы мақсаттарды көздейді. 
Тарих мамандығына арналып отырған бұл «Тарихи өлкетану» курсы 
мамандықтың стандарт бойынша негізгі пәндерінің бірі және М.Өтемісов 
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ҚР тарихы кафедрасының 
көп жылдық оқытушылық тәжірибесінің нәтижесі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Бірінші тарау 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет