Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§4.3 Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің қалыптасу негіздері



Pdf көрінісі
бет20/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§4.3 Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің қалыптасу негіздері. 
Алтайдан Еділге, Батыс Сібірден Памирге дейінгі аралықты алып жатқан 
қазақ сияқты ұлы халықтың осы сайын даладағы, сұлу сахарадағы тұрмыс-
тіршілігі де сөзбен таңбаланып, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен. Халықтық 
тілдегі осы сөздер жер-су атаулары немесе топонимдер деп аталады. 
Географиялық атаулар тіл ішінде өз алдына дербес сұрыпталған лексикалық 
қабат ретінде өмір сүреді. Топонимдер – халықтың көне тарихынан мол мәлімет 
бере алатын, этностың өткенінен этнографиялық деректер жеткізе алатын, 
дәуірлік жүк арқалаған ұлттық лексиканың негізгі саласының бірі. 
Кез-келген аймақтың жер-су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи 
деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр-сипаттарды сақтап 
отырады. Мұның өзі топонимдердің дыбыстық тілдегі ерекше сала екендігін, 
оны зерттеудің өте күрделі құбылыс екендігін көрсетеді. Демек, жер-су 
атауларының табиғатын тілдік заңдылықтарға ғана сүйеніп емес, сонымен 
қатар сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымына, салт-дәстүріне, 
ұлттық менталитетіне байланысты да айқындауға болады.
ХХ ғасырға дейін қаншама тарихи оқиғаларды бастан кешсе де күрделі 
өзгерістерге ұшырамай, өзінің біртұтас әлеуметтік жүйесін сақтап келген 
қазақтың көшпелі мәдениеті тарихи сұрыпталу барысында өзінің тұрақты 
белгілерін қалыптастырды. Алдын – Шығыс, артын – Батыс, оң қолын – 
Оңтүстік, сол қолын – Солтүстік деп танитын халқымыздың жер бетіндегі 
кеңістік өлшемі көз жетер жермен ғана шектелмейді. Венгр түркітанушысы 
Герман Вамбери ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақ даласына саяхат 
жасайды. Орта Азиядағы түркі тектес халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, 
мәдениетімен, салт-санасымен кеңінен танысқан ол қазақ әйелінен «Сендер бір 
орында тұрақтамай, неге көшіп жүресіңдер?» - деп сұрапты. Сонда қарапайым 
ғана қазақ әйелінің «Біз сендер ойлағандай еріншек емеспіз. Жер мен өлілер 
ғана бір орында қалады. Ал адам Ай мен Күн, жұлдыздар әлемі, жан-жануарлар 
сияқты қозғалыста болуы керек» - деген жауабы саяхатшыны ерекше таң 
қалдырыпты. Оның қазақ даласы туралы «Көшпелілер кеңістікті бөлмейді, 
кеңістікке бөлінеді» деген пікірін де көшпенді халықтың көне және төл 
мәдениетіне берілген биік баға деп түсінген дұрыс. 
Қазақ даласының бәрі атауға толы. Ол атаулар қазақ ономастикасының 
негізгі лексикалық құрамы ретінде белгілі бір дәрежеде көшпелі халқымыздың 
мәдени-тарихи өмірінің ізі өте ерте замандардан бері қарай көрсете алады және 
топонимдік жадығаттар - әр дәуірдегі лексиканың бөлек-бөлек қабаттарының 
тарихын ашуға болатын құнды қайнар бұлақ. 
Географиялық атаулардың пайда болуының басты екі белгісі – уәжділік 
және тұрақтылық. Кез-келген атаудың пайда болуы қандай да бір ішкі фактімен 
тарихи уәжделіп, күні бұрын анықталады. 


52 
Өте көне замандардан бастап адам баласы бір жерге орналасқанда, өз 
айналасындағы қоршаған ортаға атау таға бастайды. Олар белгілеген әрбір атау 
белгілі бір мағынаға ие болады. Мысалы, өзендердің атауы көбіне оның 
ағысына, тереңдігіне, түсіне байланысты қойылса, елді-мекен атаулары көбіне 
ландшафт, өсімдіктер әлеміндегі ерекшеліктермен немесе қоныстанушылар 
өмірлеріндегі фактілерге сәйкес беріліп отырды. Сондықтан географиялық 
атаудың пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес, тарихи себепті болады. 
Географиялық 
атаулардың 
сол 
жердің 
табиғатымен 
және 
тарихи 
ерекшеліктерімен ішкі байланысы атауды сақтап, демеуші болады. Бірақ 
атаудың «өміршеңдігі» тек мұнымен ғана түсіндірілмейді, географиялық атау 
болған зат жойылып, осы территорияны мекендеген халықтар кетсе де, сол 
халықтардың аты өшсе де, жер-су атаулары олардың орнын басқан халық 
арасында да өзінің өмір сүруін жалғастыра береді. 
Ақжайық өңірі көне дәуірден бастап тарихшылардың, саяхатшылардың, 
географтардың, өлкетанушылардың зерттеу объектісіне айналды. Осы өлке 
туралы алғашқы мәлімет грек ғалымдары Геродоттың, Птоломейдің 
еңбектерінде беріледі. Клаудий Птоломей өзінің картасында тұңғыш рет Жайық 
өзенін сипаттап, оның Хазар теңізіне (Каспий) құйылатынын көрсетеді. Біздің 
жыл санауымыздың І-ІІ ғасырларында жазылған осы картада Жайық өзенінің 
атауы көп өзгеріссіз беріледі. Мұның өзі Батыс Қазақстан түрлі миграциялық 
процестерді басынан көшірсе де, оның территориясында осы аймақтың көне 
қазақ даласы, тіпті түркі даласы екендігін дәлелдей алатын жадығаттардың 
молдығын көрсетеді. 
Ақжайық даласымен VIII ғасырда араб саяхатшысы, Араб халифаты 
мемлекетінің елшісі Ахмед ибн Фардан Бұлғарияға өтеді. Оның осы сапар 
туралы жазылған күнделігінде аймақтың біраз топонимдері қамтылады. Орал 
өңірі XVI ғасырда Ресейде жарық көрген «Үлкен сызба» кітабына енеді. Кейін 
жоғалып кеткен осы құнды географиялық еңбекте де Жайық өзені бойы мен 
Каспий алқабының біраз жері сипатталады. Аймақтың географиялық, 
топографиялық, геофизикалық ерекшеліктерін сипаттайтын қарымды тарихи 
еңбектер қатарына Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. 
Рычковтың, академиктер П.С. Палластың, С.Г. Гмелиннің, И.И. Лепехиннің 
еңбектерін жатқызуға болады. П.Рычков өзінің «Орынбор губерниясының 
топографиясы» атты еңбегінде Батыс Қазақстан өлкесіне толық географиялық 
сипаттама берсе, П.Паллас «Ресей империясының провинцияларына саяхат» 
атты күнделік жолжазбасында Жайық өзені алқабы туралы 400 беттік 
сипаттама береді. И.Лепехин Нарын құмына, Қамыс-Самар көліне, Қараөзен 
мен Сарыөзен бассейндеріне саяхат жасап, осы жерлер туралы мол 
географиялық мәлімет береді. Осы ғалымдардың жоғарыда көрсетілген 
еңбектерінде Батыс Қазақстан аймағындағы жер-су атаулары біркелкі 
қамтылған. 
Қазақ жерінің ұлан-байтақ территориясының едәуір бөлігін құрайтын 
Батыс Қазақстан облысын ел арасында Ақжайық өңірі деп те атайды. Аталмыш 
аймақтың батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстігі Ақтөбе, Атырау 


53 
облыстарымен, Ресей мемлекетінің Орынбор, Самара, Саратов, Волгоград, 
Астрахань облыстарымен шектесіп жатыр. Батыс Қазақстан облысы – жазықты, 
ұсақ төбелі, қырқалы, белесті, суы мол өлке. Биік тау массивтері көп 
кездеспейді. Батыс бөлігінде Орал тауының ескі сілемдері орналасқан. 
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батысында, Жайық 
өзенінің екі бетінде орналасқан. Облыс территориясының көлемі 151,2 мың 
шаршы шақырымды құрайды. Жерінің көлемі жағынан Батыс Қазақстан 
облысы республика бойынша 6-орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет