Ұсынылатын сайттар: htpp://www.aprk.kz
https://www.facebook.com/museum.kz/
https://e-history.kz
https://egemen.kz
6. Дәрістер кешені Дәрістерге әдістемелік нұсқаулар: Мәселелік дәріс – мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады.
Визуалды дәріс – АКТ құралдарын және көрнекі құралдарды қолдану арқылы өткізіледі.
Пресс-конференция дәрісі – бұл дәрісте оқытушы тақырыпты айтқаннан кейін студенттерден аталмыш тақырып жөнінде сұрақтарын қағазға түсіріп берулерін сұрайды. Екі-үш минуттың ішінде студенттер өздерін барынша қызықтырған сұрақтарын құрастырып, оқытушыға береді. Үш-бес минуттың ішінде сұрақтар іріктеліп, оларлың мазмұны бойынша дәріс басталады. Дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, керісінше біртұтас мәтін ретінде баяндалады, баяндау кезінде сұрақтардың жауабы да ашылып жатады.
Дәріс №1-2 Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Өлкетану және тарихи өлкетану ғылымының мақсат-міндеттері, әдістері.
Дәрістің мақсаты: Тарихи өлкетану ұғымына түсінік беру, басқа қоғамдық ғылымдар арасындағы курстың оқу-тәрбиелік бағыттағы маңыздылығын ашу.
Тірек сөздер:Тарихи өлкетану, тарихи өлкетану объектісі, тарихи өлкетанудың зерттеу әдістері.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Тарихи өлкетану, оның мазмұны мен маңыздылығы. 2. Зерттеу обьектісі мен әдісі, оның басқа ғылымдармен байланысы.
Тарихи өлкетану дегеніміз – тарих ғылымының заңдылықтарын, принциптерін және зерттеу әдістерін негізге ала отырып белгілі бір территорияны жан-жақты зерттеу болып табылады. Осындай өлкетанулық зерттеулерде маңызды дерек көздері болып, мұрағат құжаттары, жергілікті басылымдар, археологиялық, этнографиялық, топонимикалық материалдар, ауызша халық шығармашылықтары табылады.Сондықтан курста өлкенің тарихын зерттеумен байлыныста теориялық және методикалық мәселе - өлкеге қатысты археологиялық, этнографиялық, топонимикалық т.б. дерек көздерін анықтау мен пайдалану әдіс-тәсілдерін үйрету.
Жалпы, курс мақсаты – болашақ тарих мамандарын өз бетінше тарихи өлкетанулық зерттеумен айналысуына қажетті жалпы теориялық және методологиялық біліммен және дағдымен қаруландыру болып табылды. Курс міндеті болса, ол өз алдына өлкенің тарихын танып білу барысында студенттердің ғылыми көзқарасын, жоғарғы моральдік және патриоттық сана-сезімін қалыптастыруды, яғни оқу мен тәрбие поцестерінің органикалық бірлігіне қол жеткізуді міндет етіп қояды.
Курс соңында студенттер өлке туралы нақты материалдар арқылы тарихи-ғылыми заңдылықтарды жете түсінеді, тарихи құбылыстарға деген жеке көзқарасын қалыптастырады және курс студенттерде патриоттық сезімнің оянуына себеп етеді, ұлттық құндылықты бағалауға жетелейді.
Тарихи өлкетанудың зерттеу объектісі – шағын ауданша, село, қала, аудан, облыстың әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи даму заңдылығы т.б.
Тарихи өлкетанудың зерттеу әдістері тарихи оқиғалардың зерттелу мақсаты мен міндеттеріне, алып жатқан тарихи шеңберіне т.б. факторларға байланысты анықталады. Мәселен, өлкенің ежелгі тарихын жазу мақсаты тұрса, онда оған қатысты түпдерек болып табылатын – заттай ескерткіштерді жинақтау үшін, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдерін оқып-үйреніп, практика жүзінде қолдану; келесі дерек көзі-жазба мәліметтерді пайдалану үшін оларды саралау арқылы баяндама жазу тәсілін қолдану.
Тарихи өлкетану археология, этнография, топонимика, музейтану, мәдениеттану, география т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.