Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Этнология ғылымы және Этнологияның Қазақстанда дамуы. 2. Этнографиялық зерттеулер және бұл мағлұматтардың өлкетануда пайдаланылуы.
Дәрісте «этнология» ұғымына түсінік беріледі, этнология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы және Қазақстандағы этнологиялық зерттеулердің мазмұны мен маңыздылығы сипатталады, этнографиялық тәжірибенің мақсаты, далалық этнографиялық зерттеулер жүргізілетін тәжірибелер барысында жадығат жинақтаудың негізгі екі тәсілі: тұрақты және маусымдық экспедициялардың мәні, далалық экспедициялар барысында деректерді жинақтаудың әдіс-тәсілдері: байқау, сұрақ-жауап, анкетілеу, эксперименттің мәні ашылады, жинақталған этнографиялық жадығаттарды оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану формалары көрсетіледі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Маусымдық этнографиялық далалық зерттеу дегеніміз не?
2. Станционарлық далалық зерттеу әдісі дегеніміз не?
3. Эксперимент дегеніміз не?
4. Бақылау әдісі қалай жүзеге асады?
5. Раса, фрейдизм, ескілік, дәстүр, экзогамия, эндогамия дегеніміз не?
6. Этнографиялық материалдарды оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану жолдары?
Дәріс №9-10 Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Топографиялық және картографиялық деректердің өлкетанулық зерттеулердегі маңызы.
Дәрістің мақсаты: Топонимика, ономастика, антропоним ұғымдарына түсінік беру, топонимикалық, картографиялық материалдарды жинақтау әдіс-тәсілдерімен, ережелерімен таныстыру.
Тірек сөздер:Топонимика, ономастика, антропоним, картография.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Өлке тарихын зерттеу мақсатында топонимикалық жадығаттарды жинақтау тәсілдері. 2. Карталардың түрлері мен маңызы, оларды қолдану тәсілдері.
Дәрісте «топонимика», «ономастика», «антропоним», «картография» ұғымдарынатүсінік, топонимика, картография ғылымдарына сипаттама беріледі, топонимдерді топтастыру тәсілдеріне, Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің қалыптасу негіздеріне, карталардың масштабына, мазмұнына қарай түрлеріне, тарихи, археологиялық картамен жұмыс істеген студенттер мен оқушылардың бойында қалыптасуы тиіс білімдер мен дағдыларға талдау жасалынады.