Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна, аға оқытушы, т.ғ. к. (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2022 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы



бет3/49
Дата16.10.2023
өлшемі307,48 Kb.
#116570
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
ОӘК. Тарихи өлкетану. 5-кредит Мухангалиева Ж.К. 2022 жыл

Пререквизиттер: Археология, Этнология, Қазақстан Республикасының тарихы, География, Мұрағаттану, Қосалқы тарихи пәндер т.б.
Постреквизиттер: Курс соңында студенттер белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген тарихи өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді біледі, сондай-ақ, жоғары оқу орнында оқытылатын Қазақстан тарихы (ежелгі, орта ғасырлар, жаңа және қазіргі заман) курстары мен туған өлке өлкені зерттеп-тану барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды бақылап, айқындай алады. Сол сияқты өлкенің тарихи және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары дағдыларын меңгереді, географиялық ортадағы орындарын белгілей біледі, туған өлке топонимикасы туралы түсініктерді меңгереді, туған өлкеге сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындай білу әдістемесін меңгеріп, пракиикалық жұмыс барысында қолдана біледі.
2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна
8-707-513-91-84
Zhan_2102@mail.ru


3 Курстың саясаты:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет