Семинар сабағының мазмұны: Өлкеге қатысты тарихи бір оқиғаға анкета сұрақтарын құрастыру, сұхбат жоспарын жасақтау.
Әдістемелік нұсқау: 1-тапсырма. Анкета түрлерін анықтау және белгілі бір тарихи құбылысты зерттеуге қолайлы анкетілеу әдісін таңдау және студенттерді анкетілеу, қорытынды жасау.
2-тапсырма.Алдын-ала таңдалған мәселе бойынша кемдеген де 50 сұрақтан тұратын сауалнама құрастыру және мәселенің зерттелу қорытындысына алдын-ала болжам жасау.
3-тапсырма. Құрастырылған сауалнама бойынша тарих бөлімінің студенттерінен сұхбат алу.
4-тапсырма. Сұхбат қорытындысын сараптау, болжамның дәлдігін анықтау.
Өткізу формасы: Жеке дара жұмыс.
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: Таңдалған тақырып бойынша кем дегенде 50 студентті анкетілеп, олардан сұхбат алып, қорытындыларын жасаған жағдайда;
70-89 балл алу үшін: Таңдалған тақырып бойынша кем дегенде 35 студентті анкетілеп, олардан сұхбат алып, қорытындыларын жасаған жағдайда;
50-69 балл алу үшін: Таңдалған тақырып бойынша кем дегенде 25 студентті анкетілеп, олардан сұхбат алып, қорытындыларын жасаған жағдайда;
Әдебиеттер: 1. Ерназаров Ж.Т. Далалық этнографиялық зерттеулердің әдістері. - Орал, 2003. - 19-33 беттер.
Семинар сабағы №14 Сағат көлемі: 1
Тақырыбы: ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы қазақ демократиясы өкілдерінің еңбектері мен іс-қайраткерлігі.
Семинар сабағының мақсаты: Ауызша баяндау әдісі арқылы студенттердің ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы қазақ демократиясы өкілдерінің еңбектері мен іс-қайраткерлігі туралы теориялық білімдерін тексеру.
Семинар сабағының мазмұны: 1. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі мен Машһүр-Жүсіп Көпейұлының «Қазақ түбі» атты тарихи зерттеулері. 2. Н.Наушабаев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтың қызмет-қайраткерлігі мен зерттеулері.
Әдістері: ауызша баяндау.