Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: Ғалымдар, олардың еңбектері туралы толық мәлімет және олардың еңбектерінен үзінділер берген жағдайда;
70-89 балл алу үшін: Ғалымдар, олардың еңбектері туралы толық мәлімет берген жағдайда;
50-69 балл алу үшін: Ғалымдардың өмірі мен қызметі жөнінде ғана мәліметтер берген жағдайда.
Әдебиеттер: Мухангалиева Ж.К., Серикова Л.С. Тарихи өлкетану: оқу-әдістемелік құрал. Толықтырылған 2-басылым. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2019. – 312 бет.
Семинар сабағы №15 Сағат көлемі: 1
Тақырыбы: Тәуелсіздік жылдарында Батыс Қазақстан облысында өлкетанулық жұмыстардың дамуы.
Семинар сабағының мақсаты: Ауызша баяндау әдісі арқылы студенттердің тәуелсіздік жылдарында Батыс Қазақстан облысында өлкетанулық жұмыстардың дамуы туралы теориялық білімдерін тексеру.
Семинар сабағының мазмұны: 1. Тәуелсіздік жылдарында өлкеде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырған ғалымдар, олардың еңбектері. 2. Батыс Қазақстан облысында музей, кітапхананың өлкетанулық қызметтері.
Әдістері:ауызша баяндау.
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: тәуелсіздік жылдарында өлкеде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырған ғалымдар, олардың еңбектері, Батыс Қазақстан облысында музей, кітапхананың өлкетанулық қызметтері толыққамды ашылған жағдайда;
70-89 балл алу үшін: тәуелсіздік жылдарында өлкеде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырған ғалымдар, олардың еңбектері, Батыс Қазақстан облысында музей, кітапхананың өлкетанулық қызметтері бойынша кейбір маңызды тұстары ашылмаған жағдайда;
50-69 балл алу үшін: тәуелсіздік жылдарында өлкеде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырған ғалымдар, олардың еңбектері, Батыс Қазақстан облысында музей, кітапхананың өлкетанулық қызметтері ішінара ашылған жағдайда;
Әдебиеттер: Мухангалиева Ж.К., Серикова Л.С. Тарихи өлкетану: оқу-әдістемелік құрал. Толықтырылған 2-басылым. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2019. – 312 бет.