124
Аллаһ ризалығы үшін діни білім алуды, жақсы мінез-құлықты болуды, харам істер-
ден тыйылуды қамтиды. Ислам дініндегі «зікір» ұғымын транс және медитациямен
шатастыруға болмайды. Себебі зікір салу адамды есінен айырмайды.
«Тілден зікір, көңілден пікір түспей,
«Өл» десе, өлер едім тамақ ішпей.
Ұжмақта бұл дүниені
еске алар ем
Түнде көрініп қорқытқан жаман түстей» (С.Торайғыров, Алаш ұраны).
Зілзала ةلزلز – жер сілкінісі, зілзала. Ислам дінінде зілзаланы Аллаһ тағалаға
асылық жасаған қауымға жіберетін жазаларының бірі ретінде түсіндіреді. Құранда
«Зілзала» деген сүре бар.