Мухитдинов на печать indd


Заманақыр – ақырзаман. Зати сипат



Pdf көрінісі
бет86/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   200
Заманақыр – ақырзаман.
Зати сипат. Алланың затымен бірге болып, одан бөле-жарып қаралмайтын 
сипаттарын айтады. 
«Зати сипаттар – Алланың ұлылығын, кемелдігін, бүкіл нұқсан сипаттардан 
пәк екендігін білдіреді» (Қ.Ержан, Ислам ақидасы). 
Зати сипаттар алтау. Олар: уужуд (бар болу); қидам (әуелдан бар); бәқа (мәң-
гілік); уахданият (Аллаһтың жалғыз екендігі); әл-мухалафату лил-хауадис (жара-
тылғандарға ұқсамау).
Зауия. Білім алатын орын, мекеме. Араб тіліндегі ةيواز «зауия» сөзінен 
алынған. Ол араб тіліннен аударғанда «бұрыш» деген мағынаны береді. Алғашқы 
кезде ұстаздар мешіттердің әр бұрышында шәкірттерді жинап дәріс беретін болған. 
Кейін сол бұрыштарға телініп, осындай білім беретін орындар «зауия» аталып кет-
кен.
Заһир. Заһар. Заһир ілімі. 
«Сіздің батиныңыз таза болмағы ол иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз 
иманды болған соң ғана парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңыз- 
дағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйы-
рылған» (Абай, Тол. жин.). 
«Парһійзгар супылардың жолыменен, 
Құдайға құлшылықта ғибадатым. 
Айырушы Алла бар, не ғамым бар, 
Адамның ішкі сырын, заһар, батын» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
Ал Кашафи Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир 
және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі 
туралы мәлімет береді («Егемен Қазақстан»).


119
Заһири يرهاظ – Құран мен хадистерде келген мағыналардың астарына
ауыспалы мағыналарына мән бермей, тікелей мәтіннің сыртқы мағынасына сүйеніп 
үкім шығаратын ағым.
Зәбір – жапа, қорлық, азап.
Зәм сүресі – намазда «Фатиха» сүресінен кейін оқылатын кез келген сүре. 
«Зәм» қазақ тіліне араб тіліндегі «дамма» (қосу) деген сөзінен дыбыстық өзгеріске 
еніп кірген сөзі.
Зәмзәм مزمز – Исламның негізгі мешіті Мәсжид әл-Харамның аймағында 
Қағбаға тақау жердегі қасиетті бұлақ. 
«Күнәні ішкі, тысқы кетіруге, 
Суына зәмзәм шәріп шомылғаның. 
Бақытына ел-жұртыңның аман келдің
Шарапат дұға тиіп, өлмей жүрдің» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
«Е, бәсе! Жетті нөсер дала, қырға, 
Жалғасты зәмзәм алтын сабағына. 
Тамаша! Қарай қалшы! Жаңбырдан соң 
Туған жер күн ойнаған қабағына» (К.Салықов, Жезкиік). 
«Зәмзәм құйған құтыдай, 
Домаланған келбеті. 
Тарта беру тымпиып 
– Көшеде оның міндеті» (М.Жұмабаев. Шығ.).
Қазақ тілінде «зәмзәм» сөзі ауыспал мағынада шипалы, шарапатты, емдік қа-
сиеті бар суға да қолданылады.
«Теңіз болғанда мөлдір, балдай тәтті суын айтсаңызшы оның, Тұп-тура 
зәмзәмнің өзі дерсіз» (Е.Тұрысов, Келіншектау). 
«Көз тастап Эльбрустың кеудесіне
Қыземшек Көкшетауым келді есіме. 
Болмаса бауырында зәмзәм – нарзан, 
Дер едім дәріптеген ел несіне» (Б.Адамбаев, Аманат).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет