Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет144/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   200
Мүміндердің анасы – Мұхаммед пайғамбардың әйелдерінің құрметті атауы.
Мүрсал. Жіберілген. «Пайғамбар», «елші» немесе «нәби» сөздерінен кейін 
келген кезде «Алла тарапынан жіберілген» деген мағынаны береді.
«Болғанда нәби мүрсал, һәм пайғамбар. 
Құлағың екі бірдей тұт сөзіне
Мухаммед дүр, ол – саруар, 
Аллаакбар» (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шығ.).
Мүшрік كرشم – Аллаһқа серік қосып, Онымен қатар бір нәрсеге табынатын 
көпқұдайшыл адам.
Мінәжат ةجانم – құпия сөйлесу, жалбарыну.
Міскін نيكسم – бейшара, жарлы, ешнәрсесі жоқ, пақырдан да жағдайы төмен 
кедей.
Мысқал. Салмақ өлшем. Ислам шариғатының «Зекет» және «Сауда-сат-
тық» тарауларында қолданылатын термин. Алтынның нисабы – жиырма мысқал. 
Бір мысқал шамамен бес грамды құрайды. Күмістің нисабы – 580 грамм. Ға-
лымдар «алтын динар мен күміс дирһамның қазіргі салмақ өлшемі граммен 
есептегенде қанша болады?» деген сұраққа қатысты әртүрлі пікірлер ұстанған 
(Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).


188
Н
Намаз.زامن «намаз» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен кірген. Тәкбірмен баста-
лып, сәлеммен аяқталатын, белгілі сөздер мен қимылдардан тұратын ғибадат. На-
маз Ислам шариғатына дейінгі Аллаһ тағала жіберген барлық шариғаттарда болған. 
Бірақ ол шариғаттардағы намаз оқу үлгілерінің Ислам шариғатындағы намаз оқу 
үлгісінен айырмашылықтары бар еді. Аллаһ тағала Құран кәрімнің жүзден астам 
аяттарында намазға тоқталған. Бір аятта намаз оқы деп бұйырса, екінші аятта на-
маздың парыз екендігін айтады, үшінші аят намаз оқуға қызықтырса, ал келесі бір 
аятта діндегі намаздың орны туралы айтылады. Мысалы: «Рас, Мен Аллаһпын. 
Менен басқа құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық қыл. Сондай-ақ Мені еске 
алу үшін намазыңды толық орында» («Таһа» сүресі, 14-аят);«Намазды толық 
орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Аллаһтың құзырына) иілушілермен бірге 
иіліңдер» («Бақара» сүресі, 43-аят);«Сабырмен және намазбен жәрдем тілеңдер» 
(«Бақара» сүресі, 45-аят). 
Намаз – Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) үмбетіне қалдырған соңғы өсие- 
ті. Умму Сәләмә (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың елшісі (с.а.с.) қайтыс бо-
ларында ауырып жатып: «Намазға және (қол астындағы) құлдарыңа (ерекше 
көңіл бөліңдер)», – дегенді айтуға тілі келмей қалғанға дейін қайталады», – деген 
(Сунән Ибн Мәжәһ).Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһтың ел-
шісі (с.а.с.): «Ислам бес нәрсенің (негізінде) құралды: Аллаһтан басқа құдай жоқ, 
Мұхаммед Оның елшісі деген куәлік, намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және 
рамазан айында ораза ұстау», – деді», – деген (Сахих әл-Бұхари, Сахих Муслим).
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Қиямет күні 
пенденің ең алғашқы есепке алынатын ісі – намазы. Егер намазы дұрыс болса, құты-
лады және (сынақтан) өтеді. Ал егер бұрыс болса, қор болады және ұтылады. Егер 
парыз (намазынан) бір нәрсе кем болса, даңқты әрі ұлы Раббы: «Оның парызынан 
кем болғанын толықтыратын нәпіл амалы бар ма?» – дейді. Сосын басқа амалдары 
осылай есептеледі», – дегенін естідім», – деген (Сунан әт-Тирмизи). Әбу Һурайра 
(Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Біреулеріңнің есігінің ал-
дында күніне бес рет шомылатын өзен болса, оның денесіндегі кірден бір нәрсе 
қала ма?» – деді. Олар (сахабалар): «Оның денесінде кірден еш нәрсе қалмайды», – 
деді. Ол (с.а.с.): «Бес уақыт намаздың мысалы сол сияқты. Аллаһ онымен күнәлар-
ды кешіреді», – деді», – деген (Сахих әл-Бұхари, Сахих Муслим).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет