Мухитдинов на печать indd


Сауаиб بئاوسلا – пұттарға, олар бір істе жәрдемдескен жағдайда еркіндікке  босатып жіберуге нәзір етілген түйелер. Сауап



Pdf көрінісі
бет157/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

    Бұл бет үшін навигация:
  • Сафар
Сауаиб بئاوسلا – пұттарға, олар бір істе жәрдемдескен жағдайда еркіндікке 
босатып жіберуге нәзір етілген түйелер.
Сауап باوثلا – марапат, сыйлық. Ислам дінінде жасалған игілікті іс, ғибадат 


205
үшін Алла тағала тарапынан берілетін сый. Ислам дініндегі обалға қарама қарсы, 
ізгі, игі, адал, оң іс, амал-ниеттерді білдіретін маңызды категория.
«Оразаның сауабын Алланың өзі береді» (Ислам энциклопедиясы). 
«Құдай бір, пайғамбар хақ, бек нанамын, 
Бұқарға Хиуамен көп барамын. 
Мешіттің ғалым ишан бәрін көрдім
Білмесем мен сауапты неге барамын?» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
«Аятта айтқан: «Алла тағала пендесінің бір жақсылығына он есе сауап бе-
реді…» деген» (Ш. Құдайбердіұлы, Мұсылмандық шарты). 
«Бірақ оқып білген дәрігерге емдетпек сауап, обал емес» (Ш. Құдайбердіұлы, 
Мұсылмандық шарты.) 
«Енді солардың қайсысы сауап, қайсысы күнә, қайсысы пайда, қайсысы залал 
екенін Алла тағала адамның өзінен пайғамбар хабаршы жіберіп пенделеріне білдір-
гені анық ақылға дұрысы» (Ш. Құдайбердіұлы, Мұсылмандық шарты). 
«Сыйлап жазған сөз емес бір адамға
Бахыс қылып жазбаймын мұны адамға. 
Обал, сауап екенін айыра алмай, 
Назым жазып беремін сұрағанға» (Бабалар сөзі//Діни дастан).
Саум موص– ораза. Ораза араб тілінде «саум» немесе «сиям» деп аталады. Ора-
за – таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ ішіп-жеуден және әйелмен жыныстық 
қатынаста болудан тыйылу.
Сафа افصلا – Қажылық пен умра кезінде үстіне шығып дұға ететін төбе. Ол 
Қағбаға жақын орналасқан. Сафа мен Маруа төбелерінің арасында жүру рәсімі 
«сағи» деп аталады. Сағи жасау Сафа төбесінен басталады. Қара: сағи, Маруа.
Сафар رفص – айлық күнтізбедегі 2-айдың аты.
Сах حص – ескі қолжазбаларда түпнұсқадағы тіркестен түсіп қалған сөздің ор-
нын көрсету үшін сілтемеде жазылатын сөз. «Сах» сөзін түсіп қалған тіркес немесе 
сөз біткеннен кейін жазады. Ескерту: көне қолжазба кітаптарында сілтеме қатардың 
үстіне немесе жанына жазылатын болған. Сол сияқты «сах» сөзін тіркестің мағы-
насы және риуаяты дұрыс екендігін, қолжазбаны тексерген және жазған адамның 
тексеруінен өтті деген мағына береді. Қара: тадбиб بيبضت .
Сахаба يباحصلا – Мұхаммед пайғамбардың көзін көріп, ол тірі кезінде Ис-
лам дінін қабылдаған және сол сенімде дүниеден өткен мұсылман адам. Яғни саха-
балар – Пайғамбардың жанында жүрген ізбасарлары. Хадис ілімінде сахабалардың 
басқа рауилерден ең басты айырмашылығы: олардың әділдігі сенімділігі туралы 
сұралмайды. Хадис іліміндегі жарх және тағдил (ақтау және сынау) тарауында са-
хабалардың барлығы әділ және сенімді деп есептеледі. Яғни хадистің сәнадында 
келген сахабаны «ол әділ болған ба, яки сенімді ме?» деп қарастырмайды. Олар-


206
дың барлығын Мұхаммед пайғамбардың өзі әділ және сенімді деп сипаттап кет-
кен. Ер кісілерден ең бірінші Ислам дінін қабылдаған Әбу Бәкр, әйел адамдардан 
Хадижа (Пайғамбардың жұбайы), жас балалардан Али, құлдардан Биләл, құлдықтан 
азат етіліп бостандыққа шыққандардан Зәйд болған. Ең соңғы қайтыс болған саха-
ба Әбу әт-Туфайл Амир ибн Уәсилә һижраның жүзінші жылы қайтыс болған (кей 
дереккөздерінде жүз оныншы жылы қайтыс болған делінеді). 
«Асхабқа Расул сонда болды имам
Отырып намаз қылды хайрул әнам, 
Сахабалар жыласып ұйып тұрды
Қысқа-қысқа сүремен қылды тамам» (Бабалар сөзі, Қисса-и Мұхаммед 
Расулланың дәрул пәниден дәрул Бақиға рахлат еткен мәселелері»). 
«Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар
Пайда ғып ешкім малын алған емес. 
Өтірік, ұрлық, зорлық, мекер, қайла, 
Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес» (Қабан жырау, Алтын қазық). 
«Пайғамбарымыздан сахабалар адамның ең жақсысы кім деп сұрағанда: 
«көпке пайда тигізген кісі деп, ең жаманы кім деп сұрағанда, көпке зияны тиген 
кісі», – деген екен» (Ш. Құдайбердіұлы, Мұсылмандық шарты). 
Сахих حيحصلا – дұрыс, рас. Ол «кемшіліктер мен айып-нұқсандардан аман» 
деген мағынаны білдіретін араб тіліндегі сөз. Бұл сөз термин ретінде Мұхаммед 
пайғамбардан келіп жеткен сахих хадистерге және мухаддистердің сахих саналған 
хадистер жинағына қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет