Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет174/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   200
Тәдлис әш-шуйух خويشلا سيلدت – ұстаздардың (шейхтардың) атындағы жалған-
дық. Рауи өзінің шейхін, яғни ұстазын адамдар арасында танымал емес атымен, 
лақабымен атау немесе сипаттау. Рауидің ұстазын бұлай атауының бірнеше себебі 
бар: 1) Ұстазы әлсіз немесе сенімсіз болуы мүмкін. 2) Ұстазы рауидің өзінен жас 
болуы мүмкін. 3) Ұстазынан көп риуаят еткеннен кейін оны қайта-қайта бір атпен 
атай бергеннен әртүрлі есімдермен, лақаптармен атағанды жөн көруі мүмкін.
Тәдуин. نيودت «тәдуин» сөзі араб тілінде «тізік қою», «тіркеу» деген мағына-
ларды береді. Хадис ілімінде Мұхаммед пайғамбардың хадистерін алғашқы рет 
хатқа түсіріп, жинақтау деген мағынада қолданылады. 
Тәдуин бірнеше сахаба тарапынан жазылған сахифаларды бір мұқабаға жи-
нақтау мағынасымен қатар, бірнеше сахабаның риуаят еткен хадистерін бір кітапқа 
жинақтау мағынасын да береді (Қ.Құрманбаев, Хадис ілімі).
Тәйәммум. Тәямім مميتلا – су жоқта немесе суды пайдалануға шамасы келме-


226
ген кезде дәреттің немесе ғұсылдың орнына бетке және екі қолға таза жер жыны-
сымен мәсіх жасау. «Тәйәммум» сөзі араб тілінде «мақсат» деген мағына береді. 
«Ғұсылды, Құран бағыштауды да, жаназа шығаруды да «тәямімді» қалай соғуды да 
үйретеді» (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Тәкаппарлық ربكتلا – ақиқаттан бас тарту және адамдарға менсінбей қатынас 
жасау. Тәкаппарлық – шариғат тыйым салған ең жаман күнәлардың бірі.
Тәкбир (тәкбір) ريبكتلا – Аллаһты ұлықтау. «Аллаһу әкбар» ( Аллаһ ұлық) деп 
айту. 
Тәкбір айту – «Аллаһу әкбар» деп айту. 
«Сармолла осы сырттағы халық арасында болып, мешіт ішінде қарт имам 
бастаған намаздың әр кезек «тәкбир-таһлилін» сыртта ұйыған саптарға, ашық үн-
мен әсемдей ескертіп тұр: «Аллаһуәкбар!», «Самиғоллаһу лимән хамидә!», «Әсса-
ламуағалайкум уарәхметолла» деген ауық-ауық намаз бөлімдерін дауыстап, сырт-
тағы қауымды іштегі михраптағы имамның намазына қалт еткізбей ұйытып тұрды» 
(М.Әуезов, Абай жолы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет