245
таба-табиғиндер мүтәшәбих аяттарға тафуид, яғни талдау жасамастан, мән-мағы-
насын Хаққа қалдыратын» (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
«Қажеке, әлі күнге армандасыз,
Келдіңіз сонда жаның шығып кетпей.
Мойныңды
ұсынған соң бердің Хаққа,
Болмаған қайтуға ойың сол боп жақта» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
Хақтағала. Аллаһ тағала. Аллаһтың бір есімі – Хақ. Яғни ақиқат иесі.
«Сонда Тарғын сөйледі:
«Хақтағала, Құдайым,
Ақ
тарыдай ақтарып,
Шешіп, жаздың белімді!...» (Батырлар жыры).
Халал للاحلا – адал, шариғат рұқсат берген нәрсе не іс.
Халал ет – Аллаһтың есімі аталып, шариғат жолымен бауыздалған еті жеуге
рұқсат етілген мал еті.
Халәф. Хәлаф. Халәф.فلخلا– Исламның алғашқы үш буын өкілдерінен кейін
өмір сүрген ғалымдар. Хәләфтар кезеңі деп бүгінгі күнге дейін Ислам жолында тер
төгіп, елеулі еңбек еткен, Хақ діннің өркен жаюына елеулі үлес қосқан ғұламалар
дәуірін айтамыз. Хәләф сөзінің тілдегі мағынасы «кейінгілер», яғни алғашқы ке-
зеңнен кейін келгендер деген ұғымды білдіреді. Ал діндегі мағынасы Ислам дінін-
дегі алғашқы үш ғасырдан кейінгі үлкен мәртебеге ие, ақидасы тура ғұламаларды
білдіреді. Бұл кезеңде екі үлкен ақида мектептері бой көтерді. Бірі – Әбу әл-Ха-
сан әл-Ашғариға еруші Әшғарилер, екіншісі – Әбу Мансур әл-Матуридиге еруші
Матуридилер (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы). Қара: сәләф.
Халил ليلخلا – жақын дос. Бұл сөз қарапайым достық пен махаббаттан әл-
деқайда жоғары сезімді, Аллаһ пен пенде арасындағы қатынасты көрсетеді. Мәсе-
лен, Аллаһ тағала Құранда Ибраһимді (аләйһис-сәләм) «Халилуллаһ» деп атаған.
Халифа ةفيلخلا – Мұхаммед пайғамбардан кейін мұсылман дініндегі елдердің
діні мен үкіметін қатар басқарған мемлекет билеушісінің құрметті атағы, лауазымы.
Достарыңызбен бөлісу: